Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрiлiк заттармен тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 889 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.10.06. N 962 қаулысымен.

      "Дәрілiк заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрiлiк заттармен тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      "Тұрғындардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлерi бойынша дәрі-дәрмекпен және балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 674  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 236-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 674 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 1555  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 504-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 674 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 443  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 18, 227-құжат).

      3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2005 жылғы 27 тамыздағы 
N 889 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрiлiк заттармен
тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрiлiк заттармен тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) аурулардың түрлерi бойынша және азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілiк заттармен тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету тәртiбін белгілейдi.

      2. Аурулардың түрлерi бойынша және азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен (оның iшiнде есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен) тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiткен негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрiлiк заттар  тiзiмi  (бұдан әрi - Тiзiм) шегінде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде амбулаториялық емдеу кезiнде (бұдан әрi - амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету) рецептiлер бойынша жүзеге асырылады.
      Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрілік заттар, мамандандырылған емдеу тағамы рецептiлер бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда босатылатын аурулардың түрлерi мен жекелеген санаттарының  тiзбесiн  (бұдан әрi - Тiзбе), сондай-ақ оларды емдеуге арналған дәрiлiк заттар мен мамандандырылған емдеу тағамының тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Стационарлық көмек, жедел медициналық көмек көрсететiн ұйымдарда күндiзгi стационарларда, күндiз болатын палаталарда дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету осы ұйымдардың басшылары бекiткен дәрiлiк формулярларға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Тиiстi жергiлікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайда дәрiлiк заттарды қосымша беру Тiзiм шеңберiнде уәкілеттi органмен келiсiм бойынша Тiзбеде белгiленген азаматтардың жекелеген санаттарын толық тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асырылады.

      5. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың облыстық (астана және республикалық маңызы бар қалалар) органдары (бұдан әрi - тапсырысшы) амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан (бұдан әрi - жеткiзушi) амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi сатып алуды жүзеге асырады.
      Республикалық бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша сатып алынған дәрiлiк заттармен диабетпен, онкологиялық аурулармен ауыратын, бүйрегiнiң кемiстiгi бар және бүйрегiн ауыстырып салу бойынша операция жасалған амбулаториялық науқастарды қамтамасыз ету үшiн амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi сатып алуды (дәрiлiк заттарды сатып алуды қоспағанда) тапсырысшы бөлек жүзеге асырады.

      6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) босатылатын баға - амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету кезiнде азаматтарға жеткiзушi босататын дәрiлiк затқа арналған, өзiне дәрiлiк заттың құнын, тасымалдауға, сақтандыруға, сақтауға, сертификаттауға, кеден баждарын, салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге, амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi есептi жүргiзуге және есеп беруге арналған шығыстарды қамтитын баға;
      2) өтеу коэффициентi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленетiн дәрiлiк заттың босатылу бағасын тапсырысшының жеткiзушiге өтеу үлесi;
      3) өтеу сомасы - осы Ережеге сәйкес өтеу коэффициентiн ескере отырып, амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көрсетiлетiн қызметтер үшiн тапсырысшының жеткiзушiге төлейтiн ақша қаражатының көлемi;
      4) амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қызмет - жеткiзушiнiң дәрiлiк заттарды сатып алу, оларды бөлшек саудада сату объектiлерiне дейiн тасымалдау, сақтау, есепке алу, азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды босату, тиiстi есептi беру жөнiндегi қызмет.

  2. Амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету
үшiн қажеттiлiктi айқындау

      7. Амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн қажеттi дәрiлiк заттарға қажеттiлiктi тапсырысшы:
      1) уәкілеттi орган бекiткен тiзбе;
      2) алдындағы кезең үшiн нақты тұтыну;
      3) науқастардың жоспарланатын саны негiзiнде айқындайды.

  3. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрiлiк
заттарды тегiн және (немесе) жеңiлдiктi жағдайда беру

      8. Дәрiлiк заттардың нақты қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырысшы сатып алуды жүзеге асырғанға дейiн амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылуы тиiс облыстардың, аудандардың, астана мен республикалық маңызы бар қалалардың елдi мекендерiнiң тiзбесiн белгiлейдi.

      9. Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген елдi мекендерде амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету тапсырысшының дәрiлiк заттарды бөлшек саудада сату объектiлерi және (немесе) тапсырысшы амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша шарт жасасқан адамдар арқылы жүзеге асырылады.

      10. Шалғайдағы ауылдық жерлерде дәріханалық ұйымдар болмаған кезде амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жеткiзушi немесе жеткiзушiмен шарттық қатынаста тұрған адамдар бөлшек саудамен сату объектiлерi арқылы, сондай-ақ ауылдық (отбасылық) дәрiгерлiк амбулаториялар, фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, фельдшерлiк пункттер арқылы, олар арқылы дәрiлiк заттарды сатуға құқығы бар жеткiзушi және (немесе) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша олармен шарттық қатынаста тұрған адамдар жүзеге асырады.

      11. Туберкулезбен зардап шегетiн азаматтар амбулаториялық емдеу кезiнде туберкулезге қарсы препараттармен туберкулезге қарсы мекемелер арқылы қамтамасыз етiледi.

      12. Тапсырысшы қызметтерді сатып алуды жүзеге асырғаннан кейiн тегiн медициналық көмектің кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде амбулаториялық-емханалық медициналық (бұдан әрi - амбулаториялық медициналық ұйымдар) көмек беретiн медициналық ұйымдардың тiзбесiн жеткізушіге амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған рецептiлердi жазып беруге уәкілеттi медицина қызметкерлері бередi.
      Жеткізуші осы ақпаратты жеткізушінің дәрілік заттарды бөлшек саудамен сатудың тиiстi объектілерiне дейiн және (немесе) жеткізушінің амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiнде шарт жасасқан адамдарына жеткiзедi.

      13. Жергiлiктi мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ амбулаториялық медициналық ұйымдардың көрнекi ақпарат орындарында және дәрiлiк заттардың бөлшек саудасы объектiлерiнде тапсырысшы мынадай ақпараттарды орналастырады:
      1) аурулар түрлерiнiң және амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар тегiн және (немесе) жеңiлдiктi жағдайларда босатылатын азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесi;
      2) босатылатын бағасы мен өтеу коэффициентi көрсетiле отырып, тегiн және (немесе) жеңiлдiктi жағдайларда босатылатын дәрiлiк заттардың тізбесi;
      3) амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын дәрiханалардың және (немесе) ауылдық (отбасылық) дәрiгерлiк амбулаториялардың, фельдшерлiк-акушерлiк пункттердiң, фельдшерлiк пункттердiң мекен-жайлары.

      14. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрiлiк заттарды тегiн және (немесе) жеңiлдiктi жағдайларда босату уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жазып берілген рецептiнiң негiзiнде науқастың жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның нотариалдық расталған көшiрмесін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      Науқас балаларға арналған дәрiлiк заттарды босату рецептi және баланың туу туралы куәлiгi немесе оның нотариалды расталған көшiрмесi көрсетiлген кезде жүзеге асырылады.

      15. Жеткiзушi мен амбулаториялық медициналық ұйымдар ай сайын тапсырысшыға тиiсiнше, сол бойынша дәрiлiк заттарды босату жүзеге асырылған рецептiлер тiзiлiмiн және амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн жазылған рецептiлердiң тiзiлiмiн ұсынады.
      Өтеу сомасын ұсынылған рецептiлер тiзiлiмдерiн салыстыру негiзiнде тапсырысшы белгiлейдi.
      Берiлген тiзiлiмдердiң деректерi сәйкес келмеген жағдайда тапсырысшы өтеуге жатпайтын және ол бойынша тапсырысшы мен жеткiзушiнiң тарапынан растығын бақылау жүзеге асырылатын жағдайлардың тiзiлiмiн қалыптастырады.

      16. Жеңiлдiктi негiзде амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету кезiнде азаматтар жеткiзушi мен тапсырысшы арасындағы шартпен белгіленген дәрiлiк заттардың босатылу бағасы мен өтеу сомасының арасындағы айырманы төлейдi.
      Тегiн негiзде амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету кезiнде жеткiзушiнiң босатылу бағасын тапсырысшы толық өтейдi.

      17. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты тапсырысшылар уәкiлеттi органға ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады