Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 890 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Samsung-КТNET консорциумының "KOREA ТRАDE NЕТWОRК" компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Электронды кеден" ақпараттық жүйесiнің құрамдас бөлiктерiн "Электронды кеден" ақпараттық жүйесінің ақпараттық ағын бизнес-процестерінің реинжинирингi және құрудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау бөлігінде әзірлеу жөнiндегі қызметтердi көрсетуші болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде 54600000 (елу төрт миллион алты жүз мың) теңге сомасына қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады