Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгiне жаңадан қайта құрылған Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң резервiнен 50000000 (елу миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі