Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың созылмалы аурулары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 185-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:
бесінші абзацтағы "күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы" деген сөздерден кейін ", бруцеллез" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі