"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 923 Қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкiмiнiң "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетiмен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды қабылдап алу-беру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Алматы қаласының әкiмi Кәсiпорын қызметi бейiнiнiң - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша оларға теңестiрiлген адамдарды, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi санаторий-курорттық емдеудiң сақталуын қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 382-жол алынып тасталсын;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады