Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзиті жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 962 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 2004 жылғы 1 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер
Кабинетiнiң арасындағы Қазақстан мұнайының Украинаға
жеткiзiлiмi және оның Украина аумағы бойынша транзитi
жөнiндегі ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

(2007 жылғы 9 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар, ал жеке-дара - тиiсiнше Қазақстандық тарап және Украиналық тарап деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинеті
      1996 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Yкiметiнің арасындағы мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастық принциптерi туралы  келiсiмдi басшылыққа ала отырып;
      Тараптардың мұнай тасымалдау кешендерi екi мемлекеттiң экономикасын дамытудың елеулi факторы болып табылатынын мойындай отырып;
      транзит пен тұтынушыларға жеткiзудi қоса алғанда Тараптардың мұнай тасымалдау саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамытудағы және тереңдетудегi мүдделiлігін назарға ала отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiм қазақстандық мұнайды Украинаның аумағы бойынша жеткiзу және транзитiнің тәртiбiн, шарттарын, жалпы принциптерiн айқындайды.

  2-бап

      Тараптар өзара тиiмділік, өзара көмек көрсету және бiр-бiрiне экономикалық шығын келтiретiн iс-әрекеттерге жол бермеу негiзiнде мұнай тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытады.
      Тараптар мұнай тасымалдау жүйелерiнiң қолда бар қуаттарының шегiнде мұнайды өз мемлекеттерiнiң аумағы бойынша қауiпсiз, тиiмдi, бөгетсiз, сондай-ақ тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
      Украиналық тарап жұмыс iстеп тұрған мұнай тасымалдау жүйесiнiң қолда бар қуаттарының шегiнде қазақстандық мұнайды бөгетсiз жеткiзу мен транзитiн қамтамасыз етедi.
      Тараптар мұнайды тасымалдау шарттарын нашарлатуға және осы Келiсiмнiң шеңберiнде оны тоқтатуға әкелетiн шешiмдердi бiржақты тәртіппен қабылдамауға мiндеттенедi.

  3-бап

      Тараптар Тараптардың кез келген мұнай тасымалдау жүйелерiн пайдалана отырып тасымалданатын мұнайға меншiк құқығы Тараптардың уәкiлетті ұйымдары арасындағы шарттарға сәйкес тиiсті жүк жөнелтушілерде сақталатынын мойындайды.

  4-бап

      Бақылау және үйлестіру мақсаттарында Тараптардың уәкiлетті органдары болып:
      Қазақстандық тараптан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;
      Украиналық тараптан - Украинаның Отын және энергетика министрлiгi белгiленедi.

  5-бап

      Шарттық кезеңде қазақстандық мұнайдың жеткiзiлуi мен транзитiнің көлемдерiн анықтау кезiнде Тараптар қолда бар қуаттар мен ықтимал көлемдердi ескередi.
      Украиналық тарап шарттық кезеңде Украинаның аумағы бойынша қазақстандық мұнайдың кепiлдi жеткiзiлуi мен транзитi үшiн Қазақстандық тарапқа қолда бар қуаттар - "Укртранснафт" ашық акционерлiк қоғамының жұмыс iстеп тұрған мұнай құбыры жүйесiнiң мүмкiндiктерi туралы ақпаратты бередi.
      Украиналық тарап мұнай тасымалдау бойынша мынадай көлемдердегі жыл сайынғы техникалық мүмкiндiктердiң бар-жоғын растайды:
      "Дружба" мұнай құбырларының жүйесiмен Украинаның батыс шекарасына дейiн - жылына 24 млн.т.;
      мұнай құбырлары жүйесiмен Одесса қаласындағы мұнай терминалына дейiн - жылына 16,2 млн.т. (оның iшiнде Одесса қаласындағы мұнай өндiру зауытына - жылына 4 млн.т.);
      мұнай құбырларының жүйесiмен Херсон қаласындағы мұнай өндiру зауытына дейiн - жылына 8 млн.т.;
      мұнай құбырларының жүйесiмен Кременчуг қаласындағы мұнай өндiру зауытына дейiн - жылына 16 млн.т.;
      мұнай құбырларының жүйесiмен Лисичанск қаласындағы мұнай өндiру зауытына дейiн - жылына 20 млн.т., сондай-ақ "Одесса-Броды" мұнай құбыры - "Пивденный" МНТ терминалының жүйесімен Словакия - Чехия - Венгрияға дейiнгi қазақстандық мұнайдың жеңiл сорттары үшін:
      2004 жылы - жылына 2 млн.т-ға дейiн;
      2005 - 2007 жылдары - жылына 4 млн.т-ға дейiн;
      2008 жылы Словакияға, Венгрияға, Чехияға, Польшаға - жылына 11 млн.т-ға дейiн, сондай-ақ 2005 жылдан бастап Кременчуг - "Пивденный" МНТ жүйесiмен "Юралс" сортты қазақстандық мұнай үшiн - жылына 5 млн. т-ға дейiн.
      Тараптар "ТрансЮг" бiрлескен кәсiпорны "Одесса-Броды" мұнай құбырының параллельдi учаскесiн жоспарлау мен салуды (0-52 км) және қазақстандық мұнайды ("Юралс" сортын) жылына 8 млн.т-ға дейiн экспортқа тасымалдау үшiн "Пивденный" портының инфрақұрылымын дамытуды (екiншi айлақтың құрылысын) қамтамасыз етедi деп уағдаласты.
      Қазақстандық тарап Украиналық тарапқа тиiстi кезеңге қолда бар ықтимал көлемдер, Украинаның аумағы бойынша жеткiзу мен транзитке арналған қазақстандық мұнайдың көлемдерi туралы ақпаратты бередi.
      Қазақстандық тарап Украиналық тарапқа мұнайды "Одесса-Броды" мұнай құбырымен тасымалдау үшiн коммерциялық негізде мұнай сатып алуға ықпал етедi.

  6-бап

      Тараптар Ресейлiк тараппен қазақстандық мұнайдың Ресей Федерациясының аумағы бойынша Украинаға транзитiнiң барабар көлемдерi мен шарттарын келiседi.

  7-бап

      Мұнайды тасымалдау Тараптардың уәкiлетті органдары бекiткен қазақстандық мұнайды жеткізу мен транзитiнiң болжамды көлемдерi, сондай-ақ Украиналық тараптың мұнай құбыры жүйесiн пайдалана отырып жеткiзу мен транзитiне арналған Қазақстандық тарап мұнайының жыл сайынғы көлемдерi, тасымалдау тарифi мен басқа да коммерциялық шарттар белгiленетiн Тараптардың уәкiлетті органдары - операторлар арасында жасалған Мұнай тасымалдауға арналған ұзақ мерзiмдi шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

  8-бап

      Қазақстандық тарап "ҚазТрансОйл" жабық акционерлiк қоғамын уәкiлеттi орган - қазақстандық мұнайдың магистралдық мұнай құбырларының барлық жүйесi бойынша транзитiн, сондай-ақ Украинаның құбыр жүйелерi бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан экспортталатын бүкiл қазақстандық мұнайды жеткiзудi ұйымдастыру бойынша және транзитi мен жеткiзуге байланысты шарттарды, келiсiмшарттарды және барлық қазақстандық мұнай компанияларының мүдделерiн бiлдiретiн мұнай тасымалдау, ауыстырып тиеу жөнiндегі басқа да құжаттаманы ресiмдеу жөнiндегi бiрыңғай оператор етiп белгілейдi.
      Украиналық тарап "Укртранснафта" ашық акционерлiк қоғамын қазақстандық мұнайды Украинаның магистралдық мұнай құбырларымен тасымалдау жөнiндегi уәкiлетті орган етіп белгілейдi.

  9-бап

      Егер тасымалдау үшiн жарияланған мұнай көлемi Украинаның мұнай құбыры жүйесiнiң қолда бар мүмкiндiктерiнен асып кетсе, Тараптар қосымша қуаттарды құру шарттарын және қарыздарды қайтаруды қамтамасыз ететiн кезеңге арналған мұнайдың тиiстi көлемдерiн жеткiзуге кепiлдiк берудi келіседi.
      Жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру және мұнайдың қосымша көлемдерiн жеткiзу мен транзитi үшiн Украинаның мұнайы құбыры жүйесiнiң қолда бар қуаттарын кеңейту процесiнде тартылған кредиттердi қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық шаруашылық жүргізетін субъектiлерi тиiстi кезеңге қажетті мұнайдың ең аз көлемдерiн жеткізудi жүзеге асыруға кепiлдiк бередi.

  10-бап

      Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын мұнайды тасымалдау тарифтерiн қалыптастыру кемсiтпейтін және транспарентті негiзде жүзеге асырылады.
      Тараптар қазақстандық мұнайды Украинаның аумағы бойынша тасымалдауға арналған әдiл әрi бәсекелiк тарифтерiн әзiрлеуге және қолдануға бағытталған келiсiлген саясатты жүргiзедi.

  11-бап

      Тараптар ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықты жан-жақты дамытады, сондай-aқ мұнай тасымалдау объектiлерiн салудың, қайта жаңарту мен пайдаланудың бiрлескен жобаларын, оның iшiнде үшіншi елдердiң аумағында iске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға жәрдемдеседi.

  12-бап

      Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастық Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын өзге де халықаралық шарттар мен уағдаластықтар бойынша мiндеттемелерiн орындауы үшін зиянсыз жүзеге асырылады.

  13-бап

      Мұнайды Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтары бойынша алып өту режимдерi Тараптар мемлекеттерiнің қолданылып жүрген ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.

  14-бап

      Тараптар магистралдық мұнай құбырларының объектiлерiндегi апат жағдайының, авариялық жағдайлар мен алапаттардың салдарын жою кезiнде мамандарды жiберу, материалдық-техникалық ресурстар мен арнайы техниканы беру арқылы өзара көмек көрсететін болады.
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарының арналы мұнай құбырларының объектiлеріндегi апат жағдайының, авариялық жағдайлар мен алапаттарының салдарын жоюға авариялық-қалпына келтiру бригадаларының және пайдаланылатын жабдықтардың, материалдар мен арнайы техниканың шекарадан бөгетсiз өтуi үшiн қажеттi шараларды қабылдауын қамтамасыз етедi.
      Тараптардың шаруашылық жүргiзетiн субъектілерi жабдықтардың, материалдар мен арнайы техниканың тiзбесiн, сондай-ақ оларды пайдалану мерзiмi мен тәртiбiн тиiстi министрлiктер мен ведомстволармен келiседi.

  15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жүргізу жолымен шешiледi.

  16-бап

      Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.

  17-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағандығы туралы хабарландырулармен алмасқан сәтiнен бастап күшiне енедi және бес жыл iшiнде қолданылады. Егер Тараптардың бiрi Келiсiмнiң күшiн тоқтатуға ниет бiлдiрмесе, осы Келiсiмнiң күшi келесi бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
      Әрбiр Тарап екiншi Тарапқа жазбаша хабарландыру жiберу арқылы осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата алады, бұл жағдайда осы Келiсiмнiң қолданылуы осындай хабарландыру алынған күннен бастап 12 ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
      Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның ережелерi оның қолданылу кезеңiнде Тараптардың шаруашылық жүргiзетiн субъектілерi жасаған барлық мұнай тасымалдау шарттарына (келiсiмшарттарына) қатысты қолданылады.

      Астана қаласында 2004 жылғы 1 маусымдa әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндер бiрдей болады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушіліктер пайда болған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiннiң басымдық күші болады.

       Қазақстан Республикасының                   Украинаның
           Үкiметi үшін                    Министрлер Кабинетi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады