"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне бухгалтерлік eceпкe алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 980 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжат; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):
      218-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "218-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру
                туралы заңнаманы бұзу

      Бухгалтерлiк есеп жүргізуге және қаржылық есеп берудi жасауға уәкілеттi адамның заңдарда көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет саласында шарттық негiзде жұмыс iстейтiн адамдардың бухгалтерлiк құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржы қызметі туралы көпе-көрінеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты ірі зиян келтiрген бухгалтерлік құжаттаманы оны сақтау мерзiмi аяқталғанға дейiн жоюы -
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейiнгі мөлшерде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы  Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109, 122-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 178, 179-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "178-бап. Жеке және лауазымды тұлғалардың бухгалтерлiк
                есепке aлу мен қаржылық есеп беру туралы заңнаманы
                бұзуы

      1. Жеке және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:
      бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуден iрi зиян келтiрмей жалтару;
      бұрмаланған қаржылық есеп берудi жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге тиiстi деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы iрi зиян келтірмей жою;
      жария ұйымның бас бухгалтерi қызметіне кәсiптiк бухгалтердiң сертификаты жоқ тұлғаны тағайындау түрiнде жасалған орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталанып жасалса, -
      айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға келтiрiлген ірі зиянның мөлшерi құқық бұзушылық жасалған сәтте бес жүз айлық eceптiк көрсеткiштен асатын, iрi бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - бір мың айлық есептік көрсеткiштен асатын сома танылады.";

      "179-бап. Заңды тұлғаның бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
                есеп беру туралы заңнаманы бұзуы

      1. Заңды тұлғаның:
      егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуден жалтару;
      құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық субъектілерінiң меншік иелеріне, тiркеу орны бойынша мемлекеттік статистика органдарына, бақылау және қадағалау органдарына, олардың құзыретіне сәйкec көрiнеу жалған қаржылық есептi ұсыну, қаржылық есеп берудi табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелдi себепсiз табыс етпеу;
      бұрмаланған қаржылық есеп берудi жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетілуге тиісті деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлік құжаттаманы ірі зиян келтірмей жою;
      жария ұйымның бас бухгалтерi қызметіне кәсіптiк бухгалтердiң сертификаты жоқ тұлғаны тағайындау түрінде жасалған Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзуы, -
      шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға екi жүз айлық eceптiк көрсеткішке дейінгі мөлшерде, iрi бизнес субъектісi болып табылатын заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталанып жасалса, -
      шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, iрi бизнес субъектісi болып табылатын заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Заңды тұлғаның валюта операцияларын бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, сондай-ақ белгіленген есеп пен есеп беру нысандарының ережелерiн сақтамауы, -
      шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектісi болып табылатын заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың елу пайызына дейінгі мөлшерде, ірі бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз пайызына дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер осы баптың жетінші тармағында көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталанып жасалса, -
      шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз пайызына дейінгі мөлшерде, ірі бизнес субъектісi болып табылатын заңды тұлғаға eceпкe алынбаған соманың екі жүз пайызына дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) мынадай мазмұндағы 179-1, 179-2-баптармен толықтырылсын:

      "179-1-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету

      1. Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың ірі зиян келтірмей жария етуi, -
      айлық есептік көрсеткiштiң бiр жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектісi болып табылатын заңды тұлғаға келтiрiлген ірі зиянның мөлшерi құқық бұзушылық жасалған cәттe бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, iрi бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сома танылады.";

      "179-2-бап. Бухгалтерлік eceпке алу мен қаржылық есеп беру
                  туралы заңнамасымен белгiленген аккредиттеу
                  epeжeciн бұзу

      1. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен белгiленген аккредиттеу ережесін бұзуы, -
      лауазымды тұлғаға ескерту немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткiштiң бiр жүзден eкі жүзге дейiнгі мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткiштің екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы бапта көзделген iс-әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталанып жасалса, -
      лауазымды тұлғаға айлық есептік көрсеткiштің екі жүзден төрт жүзге дейінгi мөлшерiнде, шағын және орта бизнес немесе коммерциялық емес ұйымның субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi бизнес субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 183-бапта:
      баптың атауындағы "бухгалтерлiк есеп" деген сөздерден кейiн "және қаржылық есеп беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      "есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңдардың және бухгалтерлік есептi жүргiзуде немесе тексеру жүргiзу кезiнде анықталған қаржылық есеп-қисап жасауға қойылатын белгiленген талаптардың" деген сөздер "бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жиырма беске" деген сөздер "елуден жүзге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 216-баптың 1-тармағында "бухгалтерлiк есеп-қисаптар мен баланстарды" деген сөздер "қаржылық есеп берудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 381-бапта "бухгалтерлiк баланстарды және есеп берулерді" деген сөздер "қаржылық есеп берудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 541-баптың бiрiншi бөлігінде "179," деген цифрдан кейiн "179-1," деген цифрмен толықтырылсын;

      7) 571-баптың бiрiншi бөлiгiнде және 2-тармақтың 2) тармақшасында "178," деген цифрдан кейiн "179-2," деген цифрмен толықтырылсын;

      8) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында "179" деген цифрдан кейiн "179-2," деген цифрмен толықтырылсын.

      3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140-құжат; 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "ақша құжаттарына, бухгалтерлік кiтаптарына, eceптepiнe, сметаларына" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамаға," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 51-баптың 2-тармағында "Бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша" деген сөздер "Бухгалтерлiк есептегi бастапқы есепке aлу құжаттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 65-баптың 3-тармағында "бухгалтерлік есеп жөніндегi ережелерге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 66-бапта:
      1-тармақта "бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептiң тiркелiмдері" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттама" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тiркелiмдерiн" деген сөздер "Бухгалтерлiк құжаттаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 96-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы ", не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлiк есептiң шығыстарына жатқызылғанда;" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 105-бапта ", сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 113-баптың 1-тармағында ", сондай-aқ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 140-7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасының тоғызыншы абзацында:
      "таза табыс" деген сөздер "пайда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;
      "жағдайлардан түскен" деген сөздерден кейiнгi "табыс" деген сөз "пайда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 196-баптың 4-тармағының 1) тармақшасының төртінші абзацында "және қалдық" деген сөз "(ағымдағы) және баланстық" деген cөзбeн ауыстырылсын;

      10) 197-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында "бухгалтерлік құжаттар" және "бухгалтерлік құжаттардың" деген сөздер тиiсiнше "бастапқы есепке алу құжаттары" және "бастапқы есепке алу құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 233-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "мен беру балансы" деген сөздер "балансы мен беру актісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 242-баптың 8-тармағының 1) тармақшасында "құжаттарды" деген сөз "eceпкe алу құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 353-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде ", сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 354-бапта:
      1-тармақта "қалдық" деген сөз "баланстық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақта "қалдық", "қалдық" деген сөздер тиісінше "баланстық", "баланстық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 356-баптың 4-тармағында "қалдық" деген сөз "баланстық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж, N 11, 43-құжат):

      1) 243-баптың 2-тармағында "есеп пен есептілік жүргiзу" деген сөздер "есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есептілік жасау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 308-баптың 4-тармағында "есебiнiң" деген сөз "eceпкe алуды жүргiзу мен қаржылық есептілікті жасау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 309-бапта:
      5-тармақтың 5) тармақшасының, 5-1-тармақтың, 8-тармақтың 1) тармақшасының бiрiншi абзацында "өзара тәуелдi" деген сөздер "өзара байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта "қатысушылардың өзара тәуелділiк", "өзара тәуелділiк" деген сөздер тиiсiнше "қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылық", "өзара байланыстылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "қатысушылардың өзара тәуелділігі", "өзара тәуелділiк" деген сөздер "қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтың 4) тармақшасында "өзара тәуелдi емес", "өзара тәуелдi" деген сөздер тиісінше "өзара байланысты емес", "өзара байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 312-баптың 2-тармағында "өзара тәуелдi" деген сөздер "өзара байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 341-баптың 2-тармағында "рыноктық құны" деген сөздерден кейiн "ал рыноктық құнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамалық актісіне сәйкес таңдап алынған тәуелсіз бағалаушы анықтайтын құны" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 353-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгiнде "бухгалтерлiк есебiнiң" деген сөздер "бухгалтерлік құжаттаманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 355-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттамада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 435-баптың 4-тармағында "бухгалтерлік есеп пен есептіліктің құжаттарын" деген сөздер "бухгалтерлiк құжаттаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 464-баптың 1-тармағында:
      2) тармақшада "құжаттарды" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде бухгалтерлік құжаттаманы," деген сөздермен 3) тармақшадағы "құжаттар" деген сөзден кейiн "оның iшiнде бухгалтерлiк құжаттамалар," деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Мемлекеттiк кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат):
      10-баптың 1-тармағында "негiзгi және айналыс қаражаты, сондай-ақ құны кәсіпорынның дербес балансында көрсетiлген құндылықтар" деген сөздер "кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген кәсіпорынның барлық активтері" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж, N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 21-баптың 2-тармағының б) тармақшасында "жылдық eceбi" деген сөздер "жылдық қаржылық есептілігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 29-баптың 7-тармағының г) тармақшасында "жылдық eceбi" деген сөздер "жылдық қаржылық есептілiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 55-баптың бiрiншi бөлігінде:
      "жылдық балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есепті қоса, жылдық есебiн" деген сөздер "жылдық қаржылық есептiлiкті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "түрлер мен" деген сөздер "тiзбе, нысан бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кiрiстер мен шығыстар" деген сөздер "пайда мен залал" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):

      1) кiрiспеде "жалпы" деген сөз алып тасталсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңның мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      аккредиттеу - бухгалтерлердiң кәсіптік ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкілеттi орган белгілеген нысан бойынша берiлетін куәлiкпен расталған бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық өкілеттігін уәкілетті органның ресми тануы;
      бухгалтерлердi кәсіптiк сертификаттау жөнiндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөніндегi ұйым) - бухгалтерлердi кәсiптiк сертификаттауды және кәсiптiк ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыратын, уәкілеттi орган белгілеген тәртiпте аккредиттелген заңды тұлға;
      бухгалтерлік ұйым - бухгалтерлiк есепке алу және (немесе) аудит саласында қызмет көрсететiн, аккредиттелген кәсiптiк ұйымның мүшесi болып табылатын ұйым;
      қаржылық есептілiктiң халықаралық стандарттары (бұдан әрi - ҚЕХС) - Қаржылық есептілiктiң халықаралық стандарттары комитетінiң қоры (International Accounting Standards Committee Foundation) қабылдаған қаржылық есептілік стандарттары;
      Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептiліктiң халықаралық стандарттары (бұдан әрi - Қазақстандағы ҚЕХС) - Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшiн бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органмен бекiтілген, ҚЕХС iшiндегi қаржылық есептілiктiң стандарттары;
      бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - операцияны немесе уақиғаны жасаудың бухгалтерлiк есептi жүргізуге негіз болатын оны бiтiруге арналған құқықтың қағаз, сол сияқты электрондық тасығыштардағы фактінің құжаттық куәлігі;
      кәсіптік бухгалтер - кәсіптiк бухгалтердiң сертификаты бар және кәсiптiк ұйымның мүшесi болып табылатын жеке тұлға;
      жария ұйымдар - қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар мен жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар (жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) жататын қызметi қоғамдық мүдденi бiлдiретiн ұйымдар;
      бухгалтерлiк есепке алудың тiркелiмдерi - қаржылық есеп беруде көрсету үшін есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттарда бар ақпаратты қорытындылау, жүйелендiру мен жинақтауға арналған нысан;
      бухгалтерлiк қызметтiң басшысы (бұдан әрi - бас бухгалтер) - бac бухгалтер немесе бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудi, қаржылық есеп берудi жасау мен ұсынуды, есепке алу саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн лауазымды тұлға;
      кәсiптiк бухгалтердiң сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - кәсiптiк бухгалтерлерді сертификаттау жөнінде аккредиттелген ұйыммен берiлген, оның кәсiби біліктілігін куәландыратын құжат;
      қаржылық есеп беру стандарты - бухгалтерлік есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн және әдiстерін белгiлейтiн, бухгалтерлік есепке aлу мен қаржылық есеп беру жөніндегi уәкілеттi органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бекiтілген және Қазақстан Республикасы заңнамасының құрамдас бөлігі болып табылатын құжат;
      бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi жөніндегi уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкілеттi орган) - бухгалтерлік есепке aлу мен қаржылық есеп беру саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган.";

      3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      "1-1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның күшi жеке кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрi - кәсiпкерлер), заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкілдiктерiне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын және салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон мен патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын жеке тұлғалар бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудi және қаржылық есеп берудi жасауды жүзеге асырмауға құқылы.
      Салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуге және қаржылық есеп берудi жасауға арналған оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын кәсіпкерлiк субъектілерi уәкілеттi орган қабылдаған мамандандырылған қаржылық есеп беру стандартын қолданады немесе осы баптың 3-5-тармақтарына сәйкес қаржылық eсeп берудi жасаудың бiр түрін қолдануға құқылы.
      3. Кәсіпкерлiк (бизнес) субъектілерi мынадай санаттарға:
      1) шаруашылық (фермерлiк) қожалықтарына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн заңды тұлғаларға, сондай-ақ оңайлатылған декларация негiзiнде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимін қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне;
      2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында санамаланғандарды қоспағанда шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерден басқа коммерциялық емес ұйымдарға;
      3) жария ұйымдарды қоспағанда орта кәсiпкерлік субъектілерiне;
      4) iрi бизнес субъектілерiне және жария ұйымдарға жатқызылуына қарай уәкілетті орган белгiлеген әртүрлi тәртiппен бухгалтерлік есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасауды жүзеге асырады.
      4. Iрi бизнес субъектілерi мен жария ұйымдар қаржылық есеп берудi Қазақстандағы ҚЕХС-ке сәйкес жасауға міндетті.
      5. Кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлiк eceпкe алу мен қаржылық есеп берудi жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк eceпкe алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
      6. Бағалы қағаздары ең жоғары және одан кейiнгi санат бойынша Қазақстан Республикасындағы сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тiзiмiне енгiзiлген ұйымдар қаржылық есеп берудi жасауды ҚЕХС-ке сәйкес жүзеге acыруға міндеттi.";

      4) 2-бап мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының аумағында қаржылық есеп беру стандарттарын қолданысқа енгiзу уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен жүзеге асырылады, ҚЕХС-пен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есеп беру стандарттары уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінiң нормативтік құқықтық актiлерiмен жүзеге асырылады.
      4. Қаржылық есеп беру стандарттарының негізгi ұғымдары мен ережелерi бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа салаларда қолданылады.";

      5) 2-1-бап алып тасталсын;

      6) 3-бапта:
      1-тармақта "уәкiлетті мемлекеттiк орган (бұдан әрі - уәкілеттi орган)" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "актiлермен" деген сөзден кейiн "бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Уәкiлетті орган:
      1) бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың қалыптасуын қамтамасыз етедi;
      2) бухгалтерлiк есепке алуды жүргізудiң тәртiбiн анықтайды;
      3) қаржылық есеп беру стандарттарын қолдану туралы нұсқаулықты әзiрлейдi және бекiтеді;
      4) Консультативтік органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы нормативтiк құқықтық актілерін қабылдайды;
      5) қаржылық есеп беру стандарттарын және оның ҚЕХС-пен реттелмеген мәселелер бойынша әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеу мен бекiтудi қамтамасыз етеді;
      6) Консультативтiк орган берген ұсыныстарды ескере отырып Қазақстан Республикасының аумағында нақты ҚЕХС-тiң қолданылуы туралы шешім қабылдайды;
      7) нақты ҚЕХС-тiң, не оның жекелеген ережелерi Қазақстан Республикасы аумағында қолданылмайтын жағдайда Консультативтiк органмен бiрлесiп қаржылық есеп берудiң тиiстi стандартын әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етеді;
      8) бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жұмыс жоспарын әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты (негiздi) әзiрлейдi және бекiтедi;
      9) өзi бекiткен қаржылық есеп беру стандарттарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
      10) өзге де мемлекеттік органдармен және аккредиттелген кәсіптiк ұйымдармен бухгалтерлiк есепке aлу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      11) бухгалтерлiк есепке aлу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнің жобасын әзiрлеу туралы Консультативтік органның ұсыныстарын қарайды;
      12) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеуді жүргiзеді;
      13) кәсіптік ұйымдарға, бухгалтерлердi сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға аккредиттеу ережесiн бекiтедi;
      14) Консультативтік органның келiсiмiмен кәсiптiк бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      15) аккредиттеу ережесiн сақтамау фактілерi болған жағдайда аккредиттелген кәсіптік ұйымдарға, сертификаттау жөніндегi аккредиттелген ұйымдарға ескерту жасайды, сондай-ақ кәсiптiк ұйымның, сертификаттау жөнiндегi ұйымның аккредиттеу туралы куәлігінен айыру туралы шешiмдi қабылдайды;
      16) аккредиттелген кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйымдардың есеп беру тiзбесiн, нысанын және кезеңділігiн анықтайды;
      17) мерзiмдi баспасөз басылымында кәсіптік ұйымдардың, бухгалтерлердi сертификаттау жөніндегi ұйымдардың тізбесін жариялайды.";
      6-бапта:
      1) тармақшаның екінші абзацындағы "бухгалтерлiк есепке алу" деген сөздер "қаржылық есеп бepу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын" деген сөздер "қаржылық есеп беру стандарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-баптармен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Бухгалтерлiк есепке aлу мен қаржылық есеп беру
                жүйесін реттеуге Консультативтік органның және
                аккредиттелген кәсіптік ұйымдардың қатысуы

      1. Консультативтік орган алқалы орган және ол туралы ереженiң негiзiнде әрекет ететін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін реттеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Құрамын уәкiлеттi орган белгiлейтiн Консультативтік орган консультативтiк-кеңес органы нысанында құрылады.
      2. Консультативтiк органның құрамына:
      мемлекеттiк органдардың өкілдерi арасынан уәкiлеттi орган ұсынған тұлғалар мен ғылым қайраткерлерi,
      бір және (немесе) мынадай: бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет, жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет және (немece) бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру, аудит саласындағыдай ғылыми қызмет салаларының бiрiнде 5 жылдан кем емес расталған жұмыс тәжірибесі бар кәсiптiк ұйымдардың өкілдерi кіредi.
      3. Консультативтiк орган:
      1) уәкiлетті органға бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу және әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) уәкілетті органға қаржылық есеп беру стандарттарын қолдану жөнiндегі әдiстемелiк ұсынымдарды қайта қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      3) сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың аккредитациясы туралы куәліктi беру мен қайтарып алу жөнiнде уәкiлетті органға ұсынымдар енгiзуге;
      4) бухгалтерлік eceпкe алу мен қаржылық есеп беру саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.
      4. Консультативтік орган:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында ҚЕХС қолданылуына талдау жүргiзуге және уәкілеттi органға тиiстi ұсыныстар енгізуге;
      2) нақты ҚЕХС-тің, не оның жекелеген epeжелepi Қазақстан Республикасы аумағында қолданылмайтын жағдайда қаржылық есеп берудiң тиiсті стандартын әзiрлеуге;
      3) бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерiн әзiрлеуге қатысуға;
      4) қаржылық есеп беру стандарттарын және оның ҚЕХС-пен реттелмеген мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге мiндетті.
      5. Кәсiптiк ұйым қоғамдық бiрлестiк нысанындағы заңды тұлға болып табылады және мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
      кәсіптік ұйымның құрамында оның мүшелерi ретiнде сертификаты бар бухгалтерлердiң жалпы санының бестен бiрiнен аз болмауы;
      халықаралық iс-тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiптiк бухгалтерлердiң ар-ұждан кодексiнiң болуы;
      өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;
      аккредиттеу ережесiне сәйкес келуi.
      6. Аккредиттелген кәсіптiк ұйымның (бұдан әрi - кәсiптiк ұйым) құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу epeжeciнe сәйкес болуы тиiс.
      7. Кәсіптiк ұйымның басшысы 5 (бec) жылдан кем емес мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлануы мүмкiн емес.
      8. Кәсіптiк ұйым:
      1) өзiнiң мүшелерiне қатысты оның жарғысында көзделген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп бepу туралы заңнамасына қайшы келмейтiн мiндеттердi жүзеге асыруға;
      2) ҚЕХС-пeн реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есеп бepу стандарттарын әзiрлеуге қатысуға;
      3) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзipлeугe қатысуға;
      4) Қазақстанда ҚЕХС-тi қолдану жөнiндегi әдiстемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысуға;
      5) бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы оң жұмыс тәжірибесiн талдауға, жинақтауға және таратуға құқылы.
      9. Кәсіптік ұйым:
      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын сақтауға;
      2) аккредиттеу ережесiмен белгіленген санда Консультативтiк органның құрамына кәсіптiк ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың сындарлы жұмысын қамтамасыз етуге;
      3) уәкілетті орган белгiлеген тәртіпте өзінің қызметi туралы есептіліктi ұсынуға;
      4) қаржылық есептілік стандарттарын қолдану жөнiнде сұрау салуларды қарауға мiндетті.

      3-2-бап. Кәсіптiк бухгалтерге кандидаттар сертификаттау
               шарттары

      1. Уәкілетті орган аккредиттеу үшiн сертификаттау жөнiндегі ұйымдар мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
      әкімшілік-аумақтық бiрлiктерде бес және одан да көп филиалының болуы;
      құрамына кәсіптік ұйымдардың өкілдерi кіретiн тәуелсiз Емтихан комиссиясының бар болуы;
      ол бойынша бухгалтерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру курстарын өткізуді көздейтiн оқу бағдарламасының бар болуы;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелерi жөніндегi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес келтiру үшін oқу бағдарламасын және емтихан модульдарын жаңарту жүйесінің бар болуы;
      кәсіптiк ұйымдармен өзара iс-әрекет туралы келiсiмнiң бар болуы;
      уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу ережесiне сәйкес келу.
      2. Оқу бағдарламасы аккредиттеуге өтiнiш беру мезгілiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелерi жөнiндегi барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің шолуын қамтуы керек.
      Оқу бағдарламасы Консультативтік органмен бекiтiледi.
      3. Сертификат нысаны уәкілетті органмен бекiтіледi.
      4. Сертификаттарды алуға үмiткерлерге рұқсат беру уәкілеттi орган бекiткен кәсіптік бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Білiктiлiк куәліктерi Қазақстан Республикасының сертификатымен тең дәрежеде мойындалатын шетел институттарының тізiмiн уәкілеттi орган бекiтеді.

      3-3-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру

      1. Кәсіптік ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiгiнен айыру туралы шешiмдi Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, eгeр:
      1) кәсіптік ұйым өзiнiң өкілдерiн Аккредиттеу ережесімен белгіленген мерзiм ішінде Консультативтік органның құрамына жiбермесе;
      2) соңғы үш жыл iшiнде жүйелi түрде (екi реттен көп) аккредиттеу ережесін бұзса;
      3) уәкілетті органға өзi және өзінің қызметi туралы көрінеу жалған ақпарат бepce;
      4) екі ай мерзiм iшiнде уәкілеттi орган жасаған ескерту бойынша ceбeптep жойылмаса қабылдайды.
      2. Кәсiптiк ұйым, сертификаттау жөніндегi ұйым уәкілеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.";

      8) 4-бап алып тасталсын;

      9) 6-бапта:
      1-тармақта:
      "жинау, тiркеу және қорыту" деген сөздер "жинаудың, тiркеудiң және қорытудың реттелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Есепке алу саясаты ұйымның қажетіне орай және оның қызметiнiң ерекшелiктерiнен шыға отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есеп берудi жасау және ұсыну үшін ұйымның қолданылуына қабылданған нақты принциптердi, негiздердi, шарттарды, ережелердi және тәжiрибенi бiлдiреді.";
      7-тармақта "бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес" деген сөздер "уәкілеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкілетті орган белгiлеген талаптарға сай ұйымдардың бухгалтерлік есепке алу шоттарының негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 6-1-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) салық төлеушінiң тiркелу нөмiрi.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Бастапқы құжаттардың уақытылы және сапалы ресiмделуiне, бухгалтерлiк есепке алуда көрсету үшін олардың белгіленген мерзiмде берiлуiне, сондай-ақ онда қамтылған деректердiң растығына осы құжаттарға қол қойған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес жауап береді.";
      6-тармақтың бiрiншi бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейiн "бюджеттiң атқарылуы жөніндегi орталық уәкілетті орган" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 7-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасында "қалыптастырады" деген сөз "келiседi және (немесе) бекiтеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) бухгалтерлік есепке алу iсiн жүргiзудi шарттық негiзде бухгалтерлiк ұйымға немесе кәсіптік бухгалтерге бередi;";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жария ұйымдарға 2-тармақтың 3), 4) тармақшаларының қолданылуы таратылмайды.";
      3-тармақта ", бухгалтерлiк есепке алу стандарттары мен бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын" деген сөздер алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Бухгалтерлік қызметтің басшысы
      Бухгалтерлiк қызметтің басшысы (бұдан әрi - бас бухгалтер) - бухгалтерлiк есепке алу жүргiзудi, қаржылық eceп бepу жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер немесе басқа лауазымды тұлға.
      Жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiптiк бухгалтер тағайындалады.";

      13) 8-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      14) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Қаржылық есеп беру элементтерi және оларды бағалау

      1. Қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есеп беру элементтерi активтер, мiндеттемелер және капитал болып табылады.
      Активтер - өткен уақиғалар нәтижесiнде ұйыммен бақыланатын ресурстар, олардан ұйымдар болашақта экономикалық пайданы күтеді.
      Мiндеттеме - өткен уақиғалардан туындайтын ұйымның қазiргi мiндеті, оларды реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың iстен шығуына әкеп соқтырады.
      Капитал - барлық міндеттемелердi алып тастағаннан кейiн қалатын ұйым активтерiндегi үлес.
      2. Пайда мен залал туралы есепте қызметтің нәтижелерiн өлшеумен тiкелей байланысты элементтер табыстар мен шығыстар болып табылады.
      Табыстар - есептi кезең iшінде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе капиталға қатысатын тұлғалардың жарнасымен байланысты көбеюден өзгеше капиталдың көбеюiне әкелетін мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың көбеюi.
      Шығыстар - есептi кезең ішінде активтердiң жылыстауы немесе азаюы немесе нысанында капиталға қатысатын тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкелетiн міндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы.";

      15) 14-бапта:
      1-тармақта "және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      16) 15-бапта "және бухгалтерлiк eceпкe aлу cтандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 16-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) пайда мен залал туралы есептi;";
      3) тармақшада "ақша" деген сөз "ақша қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "өз" деген сөз алып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      5) түсiндiрме жазбаны қамтиды;
      екiншi және үшiншi бөлiктердегi "және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қаржылық есеп беруге ұйымның басшысы немесе атқарушы орган уәкілеттiк берген лауазымды тұлға және бас бухгалтерi, кәсiпкер қол қояды.
      Бухгалтерлiк есепке алуды бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiптiк бухгалтер жүргізетiн ұйымның қаржылық есеп беруiне ұйымның басшысы немесе атқарушы орган уәкілеттік берген лауазымды тұлға, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiптiк бухгалтер қол қояды.";

      18) 16-1-бапта "және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарынан" деген сөздер алынып тасталсын;

      19) 18-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.";
      3-тармақта "қаржылық" деген сөздiң алдынан "аралық" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Жария ұйымдар (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есеп берудi уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте бұқаралық ақпарат құралында жариялауға мiндетті.";

      20) мынадай мазмұндағы 22-баппен толықтырылсын:

      "22-бап. Өтпелi ережелер

      1. Осы Заңның 7-1-бабының 2-тармағының екiншi бөлiгi 2008 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзіледi.
      2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген кәсіптік бухгалтердiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттар қолданыста болады.
      3. Осы Заңның 1-1-баптың 3-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық eceп берудi жасау жөніндегі нұсқаулық қолданысқа енгізiлгенге дейiн бухгалтерлік есепке алу стандарттарын қолданады.".

      8. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2004 ж., N 24, 143-құжат):
      12-бапта:
      төртiншi абзацта "және заңды" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "ұйымдардан қаржылық есеп берудiң негiзiнде жасалған дұрыс статистикалық ақпаратты алуға;".

      9. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар):

      1) 74-баптың 1-тармағында "сақтандыру қызметi үшін мiндеттi бухгалтерлiк есеп стандарттарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 76-бапта:
      ", жылдық балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi қоса," деген сөздер алып тасталсын;
      "белгiлеген" деген сөзден кейiн "тiзбе," деген сөз жазылсын;
      "жылдық балансты және қаржы-шаруашылық қызметi туралы есепті" деген сөздер "жылдық қаржылық есептi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      2-баптың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "акционерлік қоғамдар үшін 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзілетiн осы Заңның 1-бабының 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледі.";
      төртiншi абзацта "өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат):

      1) 75-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта "және бухгалтерлiк есептiң стандарттарымен" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 76-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта "кiрiстер мен шығыстар" деген сөздер "пайда мен залал" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат):
      38-баптың 1-тармағында "бухгалтерлік есеп (қаржылық есептілік) стандарттарында," деген сөздер "Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң оны ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады