Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСTAH РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі міндеттерін шешуге ғарыш технологиялары мен техникасының қосатын үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттiк бағдарламасында:
"1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:
"Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi" деген кiшi бөлiмде:
"44364,3", "44064,3", "1732,6" деген цифрлар тиiсiнше "62768,72", "62468,72", "2232,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құруға байланысты қаржы шығындары 18404,422 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. теңге;";
"Күтiлетiн нәтижелер" деген кiшi бөлiмнiң 2) тармақшасының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру;";
"2. Кiрiспе" деген бөлім мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешенi;";
"5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгі" деген бөлiмнiң 5.1-кiшi бөлiмi 5.1.2-тармағының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есiл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру жолымен жүзеге асырылады.";
"Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлімде:
кестеде:
реттік нөмiрi 2-жолда "Республикалық бюджет қаражаттары (млн. теңге)" деген бағандағы "30670,6" деген цифрлар "49075,02" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолда "Республикалық бюджет қаражаттары (млн. теңге)" деген бағандағы "44064,3" деген сандар "62468,72" деген сандармен ауыстырылсын;
мәтiнде:
бiрiншi, екiншi және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы шығындары барлығы 62768,72 млн. теңгенi құрайды.
Республикалық бюджет барлығы 62468,72 млн. теңге, оның iшiнде 2005 жылы - 14861,2 млн. теңге.";
"Республикалық бюджеттен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған қаржы шығындары 5582,1 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 2179,9 млн. теңге, 2006 жылы - 2232,6 млн. теңге, 2007 жылғы - 1169,6 млн. теңге. Көрсетiлген жұмыс түрлерiне 300 млн. теңге мөлшерiнде инвестицияларды тарту жоспарланып отыр, оның ішінде 2005 жылы - 150 млн. теңге, 2006 жылы - 150 млн. теңге.";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есiл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құруға байланысты қаржы шығындары 18404,422 млн. теңгенi құрайды, оның ішінде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. теңге.";
"7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтижелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенi құрылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті