Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қазандағы N 1002 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк органдар үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландыратын орталықты құру және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Гамма технологиялары ғылыми-зерттеу зертханасы" жауапкершілігі шектеулi серiктестігi мемлекеттік органдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландыратын орталықты құру және дамыту жөнiндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi көрсетушiлер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк органдар үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландыратын орталықты құруға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 008 "Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде 76720,0 (жетпiс алты миллион жеті жүз жиырма мың) теңге сомасында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, мемлекеттік органдар үшін құрылатын электрондық цифрлық қолтаңбаны куәландыратын орталықтағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегi арнайы талаптарды сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз eтciн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады