Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 1044 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысында :

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:

      1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;

      2) электр магниттік үйлесімділікті есептеудi жүргiзудi қоса алғанда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету.";

      3-тармақта:

      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн" деген сөздер "Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу";

      8-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазсат" акционерлiк қоғамы мен Жеткiзушi арасындағы Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелер аяқталғаннан кейiн ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін, бiрге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн иелену және пайдалану құқығын Қоғамға берудi";

      10-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігі," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады