Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268 Жарлығының
күшi жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1268 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 49, 559-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi