1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмінде:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасында "662393" деген сандар "668028" деген сандармен ауыстырылсын;
008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу" кiшi бағдарламасында "57479" деген сандар "51844" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354
қаулысында
:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бойынша: көрсетiлген қаулыға
261-қосымшада
:
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 3-жол ", соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу." деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолда "және мемлекеттік шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантиндiк пункттердiң" деген сөздер алынып тасталсын.