Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 497-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есiмовке жүктелсін.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
5-бағанда:
реттiк нөмiрi 3-жолда "2005 жылдың II тоқсаны," деген сөздер "2005 жылдың IV тоқсаны," деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 10-жолда "II тоқсаны" деген сөздер "IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 12-жолдың 2-бағанында "220" деген сандар "160" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 31-жолда:
3-бағанда "Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы" деген сөздер "Бұйрық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-бағанда ", Қорғанысминi, IIМ, АШМ, ҰҚК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 47-жолдың 4-бағанында "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi" деген сөздердiң алдынан "ДСМ," деген аббревиатурамен толықтырылсын;
реттік нөмірі 113-жолдың 5-бағанында "І тоқсаны" деген сөздер "IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі