"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Швеция Корольдігінiң Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 1071 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швеция Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Швеция Корольдігінiң
Yкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара
қорғау туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

      2004 жылғы 25 қазанда Стокгольмде жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швеция Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Швеция
Корольдiгiнiң Yкiметі арасындағы инвестицияларды
көтермелеу және өзара қорғау туралы
КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Швеция Корольдiгiнiң Yкiметі,
      екi елдің өзара тиiмділігі үшiн экономикалық ынтымақтастықты күшейтудi және бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының екiншi Уағдаласушы Тарап аумағындағы инвестициялары үшiн әділ және тең жағдайларды ұстауды ниет ете отырып,
      мұндай инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау екi Уағдаласушы Тараптар арасындағы экономикалық қатынастарды ұлғайтуға қолайлы болатын және инвестициялық бастамаларды ынталандыратынын тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келiстi:

  1-бап
Айқындамалар

      Осы Келiсiмнің мақсаттары үшін:
      1. "Инвестициялар" терминi инвестицияларды заңдарға және ережелерге сәйкес екiнші Уағдаласушы Тарап жүзеге асырған кезде, бiр Уағдаласушы Тараптың екiнші Уағдаласушы Тарап аумағындағы инвесторына тiкелей немесе жанама тиiсті болатын немесе бақыланатын мүлiктiң кез келген түрiн бiлдiредi және атап айтқанда, бiрақ айрықша емес мыналарды:
      (а) жылжымалы және жылжымайтын мүлiкті, сондай-ақ жалға алу, ипотека, ұстап қалу құқығы, кепiлдiк, узуфрукт сияқты кез келген басқа да мүлiктік құқықтарды және осындай құқықтарды;
      (b) компаниялар мен кәсiпорындардың кәсiпорындардағы немесе компаниялардағы үлестердi, акцияларды немесе қатысудың басқа да нысандарын;
      (с) ақша талап етудi немесе экономикалық құндылығы бар кез келген атқаруды;
      (d) зияткерлiк меншiк құқықтарын техникалық процестердi, саудалық атауларды, ноу-хауды, гудвилды және басқа да осындай құқықтарды;
      (e) табиғи ресурстарды барлауға, әзiрлеуге, алуға немесе пайдалануға арналған концессияны қоса алғанда, ұлттық заңнамамен, әкiмшiлiк шешiммен немесе келiсiм-шартқа сай ұсынылған iскерлiк концессияларды қамтуы мүмкiн.
      Жалға алу шартына сәйкес бiр Тараптың аумағындағы жалға алушының иелігіндегi тауарға екінші Тараптың инвесторы болып табылатын жалға берушi қолайлылығы инвестициялардан кем емес режим ұсынуы тиiс.
      Активтерi инвестицияланған нысанның өзгеруi олардың сипатына инвестициялар сияқты әсер етпейдi.
      2. Уағдаласушы Тараптың "инвесторы" терминi:
      а) Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес оның азаматы болып табылатын кез келген жеке тұлғаны;
      b) кез келген заңды тұлғаны немесе сол Уағдаласушы Тарап қолданатын заңнамаға сәйкес ұйымдастырылған басқа ұйымды;

      с) сол Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес құрылмаған, бiрақ инвестор а) немесе b) тармақшаларында айқындалғандай бақылайтын кез келген заңды тұлғаны бiлдiредi.
      3. "Кiрiстер" терминi инвестициялардан алынған, атап айтқанда, бірақ айрықша емес пайданы, мүдденi, капиталдан түскен пайданы, дивидендтердi, роялтидi немесе төлемдi қамтитын қаражатты білдiредi.
      4. "Аумақ" терминi әрбiр Уағдаласушы Тараптың аумағын, сондай-ақ табиғи ресурстарды зерттеу, пайдалану және сақтау мақсатында Тарап халықаралық құқыққа сәйкес егемендi құқықтары мен заңи құзыретiн жүзеге асыратын айрықша экономикалық аймақты, теңiз түбiн және жер қойнауын бiлдiредi.

  2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбiр Тарап шетелдiк инвестициялар саласындағы өз заңнамасына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларын көтермелейдi және өзiнiң аумағына жiбередi.
      2. Бiр Уағдаласушы Тараптың инвесторына жұмыс iстейтін шетелдiктердің, мүгедектердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінiң келуiне және болуына қатысты ұлттық заңнамасына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына соңғы Уағдаласушы Тарап аумағындағы инвестициялармен байланысты қызметті орындау мақсатында келуге, болуға және шығуға рұқсат етіледi.
      3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына әрқашан әділ және тең құқықты режимдi қамтамасыз етуi тиiс және инвестицияларды басқаруды, қолдауды, пайдалануды, иеленудi немесе билiк етудi, тауарларды және қызметтердi сатып алуды немесе олардың өнiмдерiн сатуды негiзсiз немесе кемсiтушілік шаралармен бұзбайды.
      4. Уағдаласушы Тараптың заңдарына және ережелерiне сәйкес жүзеге асырылған, аумағына салынған инвестициялар осы Келiсiмнiң толық қорғауын пайдалануы тиiс және Уағдаласушы Тарап ешқандай жағдайда халықаралық құқық бойынша талап етілетiн режимнен қолайлылығы кем режимдi ұсынбайтын болады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап олардың инвестицияларына қатысты екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторы қабылданған кез келген мiндеттеменi сақтауы тиiс.
      5. Әрбiр Тарап осы Келiсiм қолданылатын инвестицияларға қатысты талап ету өтiніштерi үшiн тиiмдi құралдарды және құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
      6. Әрбiр Уағдаласушы Тарап оның осы Келiсiм қолданылатын инвестицияларға қатысы бар немесе оларды қозғайтын заңдары, ережелерi, әкімшiлік практикасы мен жалпы қолданыстағы рәсiмдерi, сот шешiмдерi кiдiрiссiз жарияланатынына немесе басқаша түрде көпшілiкке белгілi болатынына кепiлдiк бередi.
      7. Инвестициялардан алынған кiрiстерге инвестицияларға қатысты ұсынылатын сондай режим мен қорғау ұсынылатын болады.

  3-бап
Ұлттық режим және инвестицияларға берiлетiн
мейiлінше қолайлылық режимi

      1. Әрбiр Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары оның аумағында жүзеге асырған инвестицияларға оның өз инвесторлары немесе үшiншi Мемлекеттiң инвесторлары жүзеге асырған инвестицияларға барынша қолайлы болып табылатын режимнен қолайлылығы кем емес режимдi ұсынады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерiне нұқсан келтiрместен кеден одағын, жалпы рынокты немесе еркiн сауда аймағын қалыптастыруға қатысты келiсiм жасасқан немесе жасасуы мүмкiн Уағдаласушы Тарап Мемлекет инвесторларының немесе жоғарыда айтылған келiсiмдердiң тараптары болып табылатын Мемлекеттер инвесторларының немесе бұл Мемлекеттердiң кейбiреуiнiң инвесторларының инвестицияларына осындай келiсiмдерге байланысты неғұрлым қолайлы режимдi ұсынуға ерiктi.
      3. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi бiр Уағдаласушы Тарапты екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторларына кез келген халықаралық келiсiмнен не толықтай немесе басты негiзде салық салуға қатысты уағдаластықтардан немесе толықтай немесе басты негiзде салық салуға қатысты iшкi заңнамадан туындайтын кез келген режимнің, преференцияның немесе артықшылықтың пайдасын таратуға мiндеттеу ретiнде қаралмауы тиiс.

  4-бап
Экспроприация

      1. Бiр де бiр Уағдаласушы Тарап, егер мынадай:
      а) заңнамада белгіленген тәртiпке сәйкес шаралар мемлекеттiк мүдде үшiн қабылданған;
      b) шаралар кемсiтушілік болып табылмайтын;
      с) шаралар еркiн айырбасталатын валютамен кідірiссiз аударылуы тиiс жылдам, барабар және тиiмдi өтемақы төлеу жөнiндегi ережелермен қамтамасыз етiлетiн шарттар сақталмаса екiншi Тарап инвесторының инвестицияларын тiкелей немесе жанама түрде айыру шараларын қабылдамауға тиiс.
      2. Мұндай өтемақы экспроприация туралы немесе алда болатын экспроприация туралы инвестицияның құнына әсер ететiн түрде белгілі болғанға дейiн (бұдан әрi "Бағалау күнi" деп аталатын) тiкелей экспроприацияланған инвестицияның әдiл нарықтық құнымен теңесуi тиiс.
      Мұндай әдiл нарықтық құн инвестордың өтiнiшi бойынша Бағалау күнiне арналған мұндай валюта үшiн қолданыстағы нарықтық айырбас бағамының негiзiнде еркiн айырбасталатын валютамен көрсетiлетін болады. Өтемақы сондай-ақ экспроприация күнiнен бастап төлем күнiне дейiн нарықтық негiзде белгіленген коммерциялық ставка жөнiндегi пайызды қамтуы тиiс.
      3. Осы Баптың (1) және (2)-тармақтарының ережелерi инвестициядан түскен кiрiстерге, сондай-ақ жойылған жағдайда, жоюдан түскен түсiмге қолданылуы тиiс.
      4. Уағдаласушы Тарап оның аумағында екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының, оның iшiнде үлеске меншiк түрiндегi инвестициялары бар компания мен кәсiпорынның активтерiн экспроприацияласа, ол осы баптың ережесi екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына қатысты жылдам, барабар және тиiмдi өтемақыға кепiлдiк беретiн қажетті сондай шамада қолданылуын қамтамасыз етуi тиiс.

  5-бап
Өтемақы

      1. Екiншi Тараптың аумағында соғыстың немесе басқа қарулы қақтығыстың, ұлттық төтенше жағдайдың, революцияның, көтерілiстiң немесе тәртіпсiздiктің салдарынан инвестициялары шығын шегетін кез келген Уағдаласушы Тараптың инвесторларына реституцияға, орнын толтыруға, өтемге немесе басқа да реттеуге қатысты оның өз инвесторларына немесе кез келген үшiншi Мемлекеттiң инвесторларына ұсынылатын режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынылуы тиiс. Нәтижесiнде алынған төлемдер еркiн айырбасталатын валютамен кiдiрiссiз аударылуы тиiс.
      2. Осы баптың 1-тармағына нұқсан келтiрместен екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында шығын шегетін осы тармақта айтылған кез келген жағдайда Уағдаласушы Тараптардың инвесторларына мыналардың:
      а) соңғы Уағдаласушы Тараптың күштерiмен немесе билiгімен оның инвестицияларын немесе олардың бөлiгiн реквизициялау; немесе
      b) соңғы Уағдаласушы Тараптың күштерiмен немесе билiгiмен оның инвестицияларын немесе олардың бөлiгiн жағдайдың қажеттiлiгiмен талап етілмеген жою салдарынан кез келген жағдайда жылдам, барабар және тиiмдi болатын реституция немесе өтемақы ұсынылатын болады.

  6-бап
Төлемдердi аудару

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап инвестицияларға байланысты еркiн айырбасталатын валютамен кідірiссiз аударуға рұқсат беруi тиiс, атап айтқанда, бiрақ айрықша емес мыналарды:
      а) кiрiстердi;
      b) екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторының кез келген инвестицияны толық немесе iшiнара сатудан не жоюдан түскен түсiмдi;
      с) қарызды төлеу қаражатын;
      d) 4 немесе 5-баптарға сәйкес өтеудi; және
      e) оның аумағында инвестициялармен байланысты жұмыс iстеуге рұқсат етілген, оның мемлекетiнiң азаматтары болып табылмайтын тұлғалардың кiрiстерiн және инвестицияларды басқарумен байланысты шығыстарды жабуға арналған басқа соманы қамтиды.
      2. Осы Келiсiмде аталған кез келген аударым аударымның валютасында қолма-қол ақшамен мәмілелерге қатысты аудару күнiне сәйкес келетiн нарықтық айырбас бағамы бойынша жүргiзiлуi тиiс. Шетелдiк валютаны айырбастау рыногы жоқ болған жағдайда iшкi инвестицияларға қолданылатын ең соңғы бағам немесе инвестор үшiн неғұрлым қолайлы болатын Қарыз алудың Арнайы Құқықтарына валютаны айырбастау үшiн ең соңғы бағам пайдаланылатын болады.

  7-бап
Суброгация

      Егер Уағдаласушы Тарап немесе ол айқындаған агенттiк екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестицияларға қатысты ұсынылған сақтандыру немесе кепiлдiк шартына сәйкес оның инвесторларының кез келгенiне төлемдi жүзеге асыратын болса, соңғы Уағдаласушы Тарап инвестор сияқты кез келген мұндай құқықтың немесе атаудың суброгациясына байланысты жүзеге асыруға алдыңғы Уағдаласушы Тарапқа немесе ол айқындаған агенттiкке кез келген құқықты немесе осындай инвестордың атағын және алдыңғы Уағдаласушы Тараптың немесе ол айқындаған агенттiктiң құқығын берудi алдыңғы Уағдаласушы Тараптың құқығына нұқсан келтiрместен, 9-бап бойынша танитын болады.

  8-бап
Инвестор мен Уағдаласушы Тарап арасындағы даулар

      1. Уағдаласушы Тараптың инвесторы мен екiншi Уағдаласушы Тарап арасындағы инвестицияларға қатысты кез келген дау мүмкiндiгiнше, келiссөздер жолымен реттелуi тиiс.
      2. Егер, кез келген осындай дау, инвестор дауды Уағдаласушы Тарапты жазбаша хабардар ету жолымен мәлiмдеген күнінен кейiн алты ай iшiнде реттелмесе, әрбiр Уағдаласушы Тарап осымен инвестордың таңдауы бойынша мынадай халықаралық төрешілердiң біріне шешу үшiн дауды:
      i) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Вашингтон Конвенциясына сәйкес екi Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң аталған Конвенцияға қосылуы шартымен төрелiкте реттеу үшiн Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа (ИКСИД), немесе
      іі) Орталыққа Конвенцияға сәйкес қол жеткiзу мүмкiн болмаса, Орталықтың қосымша органына, немесе
      iіі) Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясы Төрелігінің (ЮНСИТРАЛ) ережелерiне сәйкес құрылатын "ad hoc" төрелігіне беруге келiседi. ИКСИД-тың Бас хатшысы аталған ережелерге сәйкес тағайындаушы орган болуы тиiс.
      Егер осындай даудың тараптарында реттеудiң неғұрлым ыңғайлы әдiсi ретiндегi татуласуға немесе төрелiкке қатысты келiспеушілiктер болса, онда инвестордың таңдау құқығы болуы тиiс.
      3. Кез келген төрелiк Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi БҰҰ-ның Қосымша орган ережелерiне немесе Төрелiк комиссия ережелерiне сәйкес, даудың кез келген тарапының өтiнiшi бойынша 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йорк қаласында жасалған, БҰҰ-ның Шетелдiк төрелiк шешiмдердi тану және атқару туралы  конвенцияның (Нью-Йорк конвенциясы) қатысушысы болып табылатын мемлекетте өткiзiлуi тиiс.
      4. Әрбiр Уағдаласушы Тарапқа берiлген 2-тармақтағы келiсу және аталған тармаққа сәйкес инвестордың дауды беруi Вашингтон конвенциясы II тарауының мақсаттарында (Орталықтың Заңи құзыретi) және Қосымша орган ережелерiнің, ЮНСИТРАЛ Төрелiгi ережесiнiң 1-бабы және Нью-Йорк Конвенциясының 2-бабының мақсаттарында шешу үшiн оны беруге дау тараптарының жазбаша келiсiмiн және жазбаша келiсуiн жасайды.
      5. Инвестициялық даумен байланысты кез келген рәсiмдерде Уағдаласушы Тарап қорғау ретiнде қарсы талап-арызды, есепке алу құқығын немесе кез келген басқа себеп бойынша барлық немесе болжанатын нұқсанның бөлiгi үшiн өтем немесе басқа өтем құқығын сақтандыру не кепiлдiк бойынша келiсiм-шартқа сәйкес алынуы мүмкiн екенiн мәлiмдемеуi тиiс, алайда, Уағдаласушы Тарап өтемдi талап ету құқығын инвестор жүзеге асыруға өтеушi Тарап келiсетiн дәлелдi талап ете алады.
      6. Осы бапқа сәйкес шығарылған кез-келген төрелiк шешiм даудағы тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндетті болуы тиiс. Әрбiр Уағдаласушы Тарап кез келген осындай шешiмдi тоқтатусыз орындауы және өз аумағында осындай шешiмдi орындауды қамтамасыз етуi тиiс.

  9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар

      1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптардың арасындағы кез келген дау, егер мүмкiн болса, Уағдаласушы Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен реттелуi тиiс.
      2. Егер, дау келiссөздердi кез келген Уағдаласушы Тарап сұрау салған күнiнен кейiн алты ай iшiнде, осындай түрде реттелмейтiн болса, ол кез келген Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша төрелiк сотқа берiледi.
      3. Төрелiк сот әрбiр жағдай бойынша жеке құрылуы тиiс, әрбiр Уағдаласушы Тарап бiр мүшеден тағайындайды. Бұл екi мүше одан кейiн екi Тарап тағайындайтын олардың төрағасы ретiндегi үшiншi Мемлекеттiң азаматы келiсуi тиiс. Мүшелер Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi басқа Уағдаласушы Тарапты төрелiк трибуналға дауды беру ниетi туралы хабарландырған күнiнен бастап екi ай iшiнде, ал төраға төрт айдың iшiнде тағайындалуы тиiс.
      4. Егер, осы баптың 3-тармағында аталған мерзiм сақталмаса, екiншi Уағдаласушы Тарап кез келген басқа тиiстi уағдаластық жоқ болғанда, Халықаралық Соттың Төрағасын қажеттi тағайындауларды жасауға шақыра алады.
      5. Егер, Халықаралық Сот Төрағасының осы баптың 4-тармағында көзделген функцияларды жүзеге асыруына шек қойылған немесе екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, қажеттi тағайындауларды жасау үшiн вице-президент шақырылуы тиiс. Егер вице-президенттiң аталған функцияны жүзеге асыруына шек қойылса немесе Уағдаласушы  Тараптардың бiрінің мемлекетiнің азаматы болып табылса, құқығына шек қойылмаған немесе кез келген Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылмайтын Соттың дәрежесі бойынша ең жоғары мүшесi қажетті тағайындауларды жүзеге асыруға шақырылатын болады.
      6. Төрелiк сот шешiмдi көпшiлiк дауыспен қабылдайды, шешiм Уағдаласушы Тараптар үшiн түпкілiктi және мiндеттi болып табылады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Уағдаласушы Тарап тағайындаған мүшенiң шығыстарын, сондай-ақ төрелiк тыңдауларда оның өкiлдiгi бойынша шығындарды да мойнына алады; төрағаның шығыстарын басқа да шығыстар сияқты екi Уағдаласушы Тарап тең бөлiкте мойнына алуы тиiс. Төрелiк сот, алайда, өзiнiң шешiмiнде, шығыстардың көпшiлiк бөлiгiн Уағдаласушы Тараптардың бipeуi көтеретiнiн көрсете алады. Қалған барлық басқа қарым-қатынастарда төрелiк сот рәсiмiн соттың өзi тiкелей айқындауы тиiс.

  10-бап
Келiсiмдi қолдану

      1. Осы Келiсiм оның заңды күшiне енуiне дейiн немесе одан кейiн жүзеге асырылған барлық инвестицияларға қолданылады, бiрақ оның заңды күшiне енуiне дейiн туындаған инвестицияларға қатысты инвестицияларды немесе талаптарды қозғайтын дауларға қолданылмайтын болады.
      2. Бұл Келiсiм келiсiм-шарттың Уағдаласушы тараптарының бiрiнiң инвесторы екiншi Уағдаласушы тараптың аумағында ұлттық немесе халықаралық құқыққа сәйкес алған құқықтар мен мүдделердi ешқандай жағдайда да шектемейтiн болады.

  11-бап
Күшiне енуі, қолданылу және тоқтатылу мерзiмi

      1. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн конституциялық талаптар орындалғанда бiрi-бiрiн хабардар етедi. Келiсiм соңғы хабарлама алған күннен кейiнгi екiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсім он бес жыл кезеңiнде күшiнде қалады. Бұдан кейiн ол кез келген Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмдi тоқтату туралы шешiмi туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлама берген күннен бастап он екi ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      3. Осы Келiсiмдi бұзу туралы хабарлама күшiне енген күнге дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты 1-10-баптардың ережелерi осы күнiнен бастап он бес жылға күшiнде қалады.
      Бұл әрекетке тиiстi түрде өкiлеттiк берiлген төменде қол қойғандар осы келiсiмге қол қойды.
      Келiсiм 2004 жылғы 25 қазанда Стокгольм қаласында ағылшын тілiнде екi данада жасалды.

       Қазақстан Республикасының               Швеция Корольдiгiнiң
      Үкiметі үшiн                            Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады