"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы 32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Шүлбі ГЭС-і" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) саны 7524512 (жеті миллион бес жүз жиырма төрт мың бес жүз он екі) дана мәжбүрлеп шығарылған билік етуі шектелген жарияланған жай акцияларын 752451183 (жеті жүз елу екі миллион төрт жүз елу бір мың бір жүз сексен үш) теңге сомасына оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
2) акцияларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі