Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қарашадағы N 1106 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне қазақстандық өндiрушілердiң және қазақстанда шығарылатын, мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң мемлекеттiк тiзілiмiн жасау және тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық қатысу бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындауы мониторингiне дайындық жұмыстарын жүргізу үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 46000000 (қырық алты миллион) теңге бөлiнсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады