Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмнiң және оның Хаттамасының жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржоваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Үкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмге және оның Хаттамасына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.27. N 463 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН МАЛАЙЗИЯ ҮКIМЕТI
АРАСЫНДАҒЫ ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚОСАРЛАНҒАН
САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДАН ЖАЛТАРУҒА
ЖОЛ БЕРМЕУ ТУРАЛЫ
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Малайзия Үкiметi Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм жасасуға ниет бiлдiре отырып, мына төмендегiлер туралы келiсті:
1-бап
КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР
1. Осы Келiсiм алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiкті иелiктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жеке элементтерiнен алынатын барлық салық табысқа салынатын салықтар болып саналады.
3. Осы Келiсiм қолданылатын қазiргі салықтар мыналар болып табылады:
а) Қазақстан Республикасында:
(i) корпорациялық табыс салығы;
(іі) жеке табыс салығы;
(бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталатын);
б) Малайзияда:
(i) табыс салығы;
(іі) мұнай табыс салығы;
(бұдан әрi - "Малайзия салығы" деп аталатын).
4. Осы Келiсiм сондай-ақ Осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын бiрдей немесе кiрiске салынатын мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерiнiң салық салуға қатысты заңнамаларында жүргiзiлетiн кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiрiн-бiрi хабардар eтeдi.
3-бап
ЖАЛПЫ АЙҚЫНДАМАЛАР
1. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн, мына терминдер:
а) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын білдiредi және, географиялық мағынасында қолданғанда "Қазақстан" терминi оның заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзiнiң егемендiк құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын аймақты қамтиды;
b) "Малайзия" Малайзия Федерациясы аумағын, Малайзия аумақтық суларын, теңiз түбiн және аумақтық су қойнауларын бiлдiредi және Малайзия аумақтық суларынан тыс жердегi кез келген аймақты және аймақ болып табылатын немесе Малайзия заңнамасымен және халықаралық құқыққа сәйкес және болашақта белгіленуi мүмкiн, Малайзия органикалық, сондай-ақ, неорганикалық табиғи ресурстарды барлау мен өндiру мақсатында егемендi құқықтарын жүзеге асыратын осындай аймақтың теңiз түбi мен қойнауын қамтиды;
с) "тұлға" жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестігін бiлдiредi;
d) "компания" салық салу мақсаттары үшiн корпорациялық құрылым ретiнде қарастырылатын кез келген корпорациялық құрылымды немесе кез келген тұлғаны бiлдiредi;
e) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекет" түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Малайзияны бiлдiредi;
f) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны" тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті басқаратын кәсiпорынды білдiредi;
g) "ұлттық тұлға":
(i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
(іі) өзiнiң мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы негізiнде алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестіктi, қауымдастықты немесе кез келген басқа да құрылымды бiлдiредi;
h) "халықаралық тасымал" теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің пункттерi арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорыны пайдаланатын теңiз немесе әуемен кез келген тасымалды бiлдiредi;
(i) "құзыреттi орган":
(i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкілетті өкілiн;
(іі) Малайзияда: Қаржы министрiн немесе оның уәкілетті өкiлін бiлдiредi.
2. Уағдаласушы Мемлекеттер осы Келiсiмдi кез келген уақытта қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтіннен өзге мағына туындамаса, осы Мемлекеттің осы келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты заңнамасы бойынша сол кезде ие болатын мағынаны иеленедi. Осы Мемлекеттің қолданыстағы салық заңнамасы бойынша терминнiң кез келген мәнi осы Мемлекеттің басқа заңнамалары бойынша термин берілетiн мәнге қарағанда басымдыққа ие болады.
4-бап
РЕЗИДЕНТ
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес оның тұратын жерi, резиденттігі, басқару орыны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi, сондай-ақ Мемлекеттiң өзiн, оның саяси бөлiмшесiн, орталық және жергілiктi билiк органын немесе уәкiлеттi органды қамтиды. Алайда осы термин осы Мемлекеттегi көздерден алынатын кiрiске қатысты ғана осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылатын жағдайда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы бар Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резидентi болып саналады. Егер оның иелігінде Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекетті айқындау мүмкiн болмаса немесе Мемлекеттердiң ешқайсысында өзiнiң иелігіндегi тұрақты баспанасы болмаса, онда ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резидентi болып саналады;
с) егер ол әдетте екi Мемлекетте де тұрса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса онда ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттің резидентi болып саналады;
d) егер резиденттiң мәртебесi алдағы тармақшаларға сәйкес айқындалмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы мәселе бойынша шешiмдi өзара келiсiм бойынша қабылдайды.
3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резиденті болса, онда оны тиiмдi басқару орыны орналасқан Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады.
5-бап
ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметі толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. Атап айтқанда, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтиды:
а) басқару орнын;
b) бөлiмшенi;
с) кеңсенi;
d) фабриканы;
e) шеберхананы;
f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, ағаш әзiрлеудi немесе басқа да ағаш өндiрудi қоса алғанда кеніштi немесе табиғи ресурстар өндiретiн басқа да кез келген кен орнын;
g) ферманы немесе плантацияны;
h) 6 айдан астам жұмыс iстейтін құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісiн;
i) егер тек мұндай пайдалану 6 айдан астам уақытқа созылса, табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыны немесе ғимаратты, немесе бұрғылау қондырғысын, немесе кеменi қамтиды.
3. Егер ол осы екiншi Мемлекетте қадағалау қызметiн мыналарға:
а) құрылыс алаңына немесе құрылыс, монтаждау, немесе құрастыру объектісiне, немесе
b) осы екiншi Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын қондырғыға немесе ғимаратқа, немесе бұрғылау қондырғысына немесе кемеге байланысты 6 айдан артық уақыт жүзеге асырса Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар болып саналады.
4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
а) құрылыстарды кәсіпорынға тиесiлі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткізу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшін ғана ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлі тауарлар немесе бұйымдар қорын өзге кәсіпорынның қайта өңдеуi мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшін ғана ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ғана ұстауды қамтитын ретінде қарастырылмайды.
5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға кәсiпорын атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорын атынан келiсiм шарттар жасауға өкілеттігi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, тек егер оның қызметi 4-тармақта айтылған ережелермен шектелмесе, ол егер кәсiпкерлiк қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырылса да, осы кәсiпкерлiк қызметтің тұрақты орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырылмаса, онда кәсiпорын осы тұлғаның кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар ретiнде қарастырылады.
6. Кәсiпорын осы Мемлекеттегі кәсiпкерлік қызметiн делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, мұндай тұлғалардың өздерiнiң әдеттегі қызметi шеңберiнде әрекет жасауы шартымен, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не болмаса тұрақты мекеме арқылы немесе өзгедей жолмен айналысуы) фактiсінің өзi-aқ осы компаниялардың бiрiн екiншісiнің тұрақты мекемесiне айналдырмайды.
6-бап
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлік" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша анықталады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер заңнамасының ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, мұнай немесе газ ұңғымасын, ағаш әзiрлеудi немесе басқа да ағаш өндiрудi қоса алғанда кеніштi немесе табиғи ресурстар өндiретін басқа да кез келген кен орынын игеру үшiн берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және игеру құқығын қамтиды. Теңiз, өзен және әуе кемелерi жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлікті тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүліктен алынатын табысқа қолданылады.
7-бап
КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА
1. Егер кәсiпорын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асырмаса, Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғандай, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасы екiншi Мемлекетте, бiрақ осындай тұрақты мекемеге жататын бөлiгiнде ғана салық салынуы мүмкiн.
2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметiн жүзеге асырса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсiпорын болса, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкін пайда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Егер тұрақты мекеме олар қандай негiзделген нысанда болсын тұрақты мекемеге жататын дәрежеде тәуелсiз кәсiпорын болса, тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде шегерiм жасауға жатады-ау деген басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалмағанына қарамастан шығыстарды шегерiп тастауға жол беріледi.
4. Егер құзыреттi орган билiгіндегi ақпарат кәсiпорынның тұрақты мекемесiне жататын пайданы анықтау үшiн жеткілiксiз болып табылса, осы бапта ештеңе осы баптың қағидаттарына сәйкес құзыреттi органның билiгiндегi ақпарат қаншалықты мүмкiндiк беретіндей заң қолданылған жағдайда құзыреттi орган қимыл бостандығын немесе бағалау құқығын жүзеге асыру арқылы тұлғаның салық мiндеттемелерiн анықтауға қатысты осы Мемлекеттiң кез келген заңын қолдануға ықпал ете алмайды.
5. Осы тұрақты мекеме кәсiпорын үшiн тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуы негiзiнде ғана тұрақты мекемеге қандай да болсын пайда есептелмейдi.
6. Егер осындай тәртіптi өзгерту үшiн жеткіліктi және дәлелдi себептер болмаса, осы баптың алдағы тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда жыл сайын бiркелкi тәсілмен айқындалады.
7. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында олар туралы жеке айтылатын табыс түрлерін қамтитын болса, ол баптардың ережелерi осы баптың ережелерiн қозғамайды.
8-бап
TEҢIЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛIГI
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақ сондай-ақ пулға, бiрлескен кәсiпорында немесе халықаралық пайдалану ұйымына қатысудан Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны алған теңiз және әуе кемелерiн пайдаланудан алынатын пайданың үлесiне қолданылады.
9-бап
ҚАУЫМДАСҚАН КӘСIПОРЫНДАР
1. Мынадай:
а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорнын басқаруға бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқан; немесе
b) сол бiр ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысқан жағдайда;
және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы өзара қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiсті түзетулер жасау. Осындай түзетудi айқындау кезiнде осы Келiсiмнiң басқа ережелерi ескерiлуi тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.
10-бап
ДИВИДЕНДТЕР
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда резиденті дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы дивидендтердiң іс жүзiндегi иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болса, онда осындай жолмен алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.
Осы тармақ компанияның дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты салық салуын қозғамайды.
3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе пайдаға қатысуға құқық беретін борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетін компанияның резиденті болып табылатын Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілдi салық реттеуiне жататын басқа да корпорациялық құқықтарынан алынатын табысты білдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті болып табылатын дивидендтердiң iс жүзiндегі иесi дивидендтердi төлейтiн компания резиденті болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы онда кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме мен холдингке тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленіп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың және 15-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екiншi Мемлекет, мұндай дивидендтер осы екiншi Мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетін холдинг шын мәнiнде осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын және де бөлiнбеген пайдадан, тiптi егер төленетін дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен не iшiнара осы екiншi Мемлекетте пайда болған табыстан тұрса да компанияның бөлiнбеген пайдасынан салық алынбаған жағдайдан басқа екiншi Мемлекет осы компания төлейтiн дивидендтерден салық алмауы мүмкiн.
6. Осы Келiсiмде ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттiң тұрақты мекемесіне немесе тұрақты базасына жататын компанияның пайдасына, осылайша есептелген осындай кез келген қосымша салық алдағы салық салынатын жылдағы қосымша салыққа ұшырамауы керек, осы пайданың 10 пайызынан аспайтын жағдайда осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның пайдасына есептеген салыққа қосымша салық салуға бөгет жасау ретiнде ұғынылмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеден немесе тұрақты базадан алынатын осы тармақта айтылған қосымша салыққа қарағанда өзге де, одан барлық салықтарды шегергеннен кейiн анықталады.
11-бап
ПАЙЫЗДАР
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай пайыздарға, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер пайыздардың болашақтағы нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, онда осылай алынған салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы керек.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
а) Қазақстанда пайда болатын пайыздар, егер олар:
i) Малайзия Үкiметiне;
іі) Малайзия Штаттарының үкiметтерiне;
ііі) Малайзияның уәкiлетті мемлекеттiк органдарына;
iv) Малайзиялық жергiлiктi билiк органдарына;
v) Малайзия Экспорт-Импорт Банкi Берхадқа;
vi) Малайзия Банкi Негараға; немесе
vii) Малайзия Үкiметінiң толық иелігіндегi және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында оқтын-оқтын келiсiлуi мүмкiн кез келген басқа ұйымдарға төленсе немесе тиесілі болса, Қазақстанда салықтан босатылады.
b) Малайзияда пайда болатын пайыздар, егер олар:
i) Қазақстан Республикасының Үкiметiне;
іі) Қазақстанның орталық билiк органдарына;
iіі) Қазақстанның уәкілеттi мемлекеттiк органдарына;
iv) Қазақстанның жергіліктi билiк органдарына;
v) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне; немесе
vi) Қазақстан Yкiметінің толық иелігіндегі және Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыреттi органдары арасында оқтын-оқтың келiсiлуi мүмкiн кез келген басқа ұйымдарға төленсе немесе тиесілi болса, Малайзияда салықтан босатылады.
4. "Пайыздар" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтін қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтік бағалы қағаздардан алынатын табысты (Малайзия жағдайында), мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты (Қазақстан жағдайында) және осы бағалы қағаздар, облигациялар және міндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi.
5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын пайыздардың iс жүзiндегі иесi пайыздар пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсiпкерлік қызметпен айналысса және пайыздар төлеуге негіз болып отырған борыш талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, 7-баптың және 15-баптың ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi осы Мемлекеттің резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда егер пайыздар төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте пайыздар төленетiн қарыз пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай пайыздарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай пайыздар тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
7. Егер төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетін борыш талабына қатысты пайыздардың сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде, төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынады.
8. Егер өзiне қатысты пайыздар төленетін борыш талаптарының жасалуына немесе берiлуiне байланысты кез келген тұлғаның негізгi мақсаты немесе негiзгі мақсаттарының бiрi осы борыш талаптарын жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
12-бап
РОЯЛТИ
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын және осы Мемлекеттің заңнамаларына сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ алушы, роялтидiң болашақ нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық өнiмдi, кинематографиялық фильмдердi немесе радиоға немесе теледидарға арналған фильмдердi немесе пленкаларды қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым шығармаларына кез келген авторлық құқықты, кез келген патент, сауда белгiсiн, дизайнды немесе модельдi, жоспарды, құпия формуланы не процестi пайдаланғаны үшiн немесе өнеркәсіптік, коммерциялық не ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн әрi өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат (ноу-xaу) үшiн сыйақы ретінде алынатын төлемдердiң кез келген түрiн бiлдiреді.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегі иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса және роялти өздерiне қатысты төленетін құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, 7-баптың немесе 15-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резиденті болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп саналады.
6. Егер роялти төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негiзiнде төленетін құқықты немесе ақпаратты пайдалануға тиiстi роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлігіне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынады.
7. Егер өзiне қатысты роялти төленетiн құқықты жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негізгi мақсаты немесе негізгi мақсаттарының бiрi құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
13-бап
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ СЫЙАҚЫ
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетiн техникалық қызметтерге сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай техникалық қызметтерге сыйақыға, сондай-ақ ол пайда болатын және осы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер техникалық қызметтерге сыйақының нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық техникалық қызметтерге сыйақының жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
3. "Техникалық қызметтерге сыйақы" терминi осы бапта пайдаланылған кезде техникалық, басқару немесе консультациялық сипаттағы кез келген қызметтерге төленетiн сыйақы ретiнде төлем жүргізетiн қызметшi тұлғаға қарағанда өзге кез келген тұлғаға төлемнiң кез келген түрiн бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, техникалық қызметтерге сыйақының нақты иесi техникалық қызметтерге сыйақы пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте тәуелсiз жеке қызметтердi көрсетсе және техникалық қызметтерге сыйақы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, 7-баптың немесе 15-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң резиденті болып табылса, техникалық қызметтерге сыйақы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады. Алайда егер техникалық қызметтерге сыйақы төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте техникалық қызметтерге сыйақы төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай техникалық қызметтерге сыйақы бойынша шығыстарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтерсе, онда мұндай жағдайда, техникалық қызметтерге сыйақы тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады.
6. Егер техникалық қызметтерге сыйақы төлеушi мен оның iс жүзіндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары төленген техникалық қызметтерге сыйақының сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде төлеушi мен оның нақты иесi келiсуге болатындай сомадан қандай да бiр себептер бойынша асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы айтылған сомаға қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлігіне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн мiндетті түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамаларына сәйкес салық салынуға тиiс.
14-бап
МYЛIКТI ШЕТТЕТУДЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта анықталған, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi:
а) өз құнынан 50 пайыздан асатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен төте немесе жанама алынатын акцияларды шеттетуден алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн;
b) екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан негізiнен жылжымайтын мүлiктен немесе (а) тармақшада айтылған акциялардан тұратын активтердiң серiктестiкке немесе трастқа қатысу үлесiн шеттетуден алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлікті немесе мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе тұрақты базаны иелiктен айырудан алынған табыстарды қоса алғанда, тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң иелігіндегi жылжымалы мүлiктi иелiктен айырудан алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiкті иелiктен айырудан алынған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. Осы баптың бұрынғы тармақтарында айтылғаннан өзге кез келген мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға резидентi мүлiктi иелiктен айырушы тұлға болып табылатын тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
15-бап
ТӘУЕЛСIЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
1. 13-баптың ережелерiн ескере отырып, кәсiби қызметтерге немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметтерге қатысты Уағдаласушы Мемлекеттiң жеке тұлғасы - резидентi алатын табысқа мынадай:
а) мұндай қызметтер екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылған және алынған кiрiс осы екiншi Мемлекетте тұрақты түрде жеке тұлғаның өз иелегінде бар немесе болған тұрақты базаға жататын; немесе
b) оның осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болуы кез келген 12 ай кезеңде жалпы саны 183 күнге тең немесе асатын кезеңдi немесе кезеңдердi құрайтын жағдайларды қоспағанда, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
Мұндай жағдайда, осы екiншi Мемлекетте орындалған оның қызметiнен тек осындай жағдайда алынған кiрiске осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистік, білiм беру немесе оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметiн қамтиды.
16-бап
ТӘУЕЛДI ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
1. 17, 19, 20, 21 және 22-баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға, егер жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатынын қоспағанда, тек оcы Мемлекетке ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтін жұмыс осылайша орындалса, онда осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалған жалданып жұмыс iстеуiне байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға салық, егер:
а) алушы тиiсті күнтiзбелiк жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген 12 айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Мемлекетте болса;
b) сыйақы осы екiншi Мемлекеттің резидентi болып табылмайтын жалдаушы немесе жалдаушының атынан төленсе;
с) сыйақыны төлеу жөнiндегі шығыстарды жалдаушының осы екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесi көтермесе, тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады.
3. Осы баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерінің бортында орындалатын жалдау жұмысына қатысты алынған сыйақыға салық осы Мемлекетте салынуы мүмкiн.
17-бап
ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ
Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе оған ұқсас органның мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
18-бап
АРТИСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР
1. 7, 15 және 16-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер сияқты өнер қызметкерi ретінде немесе спортшы ретінде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметінен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкерi немесе спортшының осы өзiнiң сипатында жүзеге асырған жеке қызметіне қатысты табысы өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа, 7, 15 және 16-баптардың ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Егер бұл Мемлекетке тура немесе жанама сапар екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің, оның саяси құрылымдарының, орталық және жергілiкті билiк органдарының немесе уәкілеттi органының қаражатынан толық немесе айтарлықтай деңгейде қаржыландырылса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi, Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын қызметтен алынған сыйақыға немесе пайдаға қолданылмайды.
19-бап
ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР ЖӘНЕ АННУИТЕТТЕР
1. 20-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентіне өткерген еңбегі үшін төленетін зейнетақылар мен басқа ұқсас төлемдерге және мұндай резидентке төленетін кез келген аннуитеттерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. "Аннуитеттер" терминi ақша немесе құны түрiнде балама және толық өтеу орнына төлем жүргiзу мiндеттемесiне сәйкес өмiр бойы немесе белгiлi бiр не белгiленетін уақыт кезеңінде мерзiмдi түрде белгіленген мерзiмде жеке тұлғаға төленетiн тiркелген соманы бiлдiредi.
20-бап
МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗMET
1. а) Жеке тұлғаға осы Мемлекет, оның саяси бөлiмшелерi немесе орталық және жергілiкті билiк органдары не уәкілетті органы үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн Уағдаласушы Мемлекет не оның саяси бөлiмшелерi немесе орталық және жергілікті билiк органдары не уәкілетті мемлекеттiк органы төлейтiн зейнетақыға қарағанда өзге қызметақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда мұндай қызметақыға, жалақыға немесе басқа ұқсас сыйақыға, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және:
(i) осы Мемлекеттiң ұлттық азаматы болып табылатын; немесе
(іі) қызметті жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған жеке тұлға осы Мемлекеттің резидентi болып табылса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Жеке тұлғаға осы Мемлекет немесе оның саяси бөлiмшелерi, орталық және жергілiктi билiк органдары не уәкілеттi органы үшiн жүзеге асырған қызметiне қатысты Уағдаласушы Мемлекет немесе Уағдаласушы Мемлекет не оның саяси бөлiмшелерi, орталық және жергiлiктi билiк органдары немесе уәкілетті органы құрған қорлардан төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
3. 16, 17 және 19-баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет, оның саяси бөлiмшелерi немесе орталық және жергілiкті билiк органдары не уәкілеттi органы жүзеге асыратын коммерциялық қызметке байланысты қызметке қатысты төленетiн қызметақыға, жалақыға және басқа ұқсас сыйақы мен зейнетақыларға қолданылады.
21-бап
СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ПРАКТИКАНТТАР
Екiншi Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында тiкелей Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және екiншi Мемлекетте уақытша болатын жеке тұлғаға:
а) осы екiншi Мемлекеттiң ресми танылған университетінiң, колледжiнiң, мектебiнiң немесе өзге ұқсас танылған оқу орынының студентi ретiндегiнi;
b) өндiрiстiк немесе техникалық стажер ретiндегінi; немесе
с) негiзiнен бiлiм алу, зерттеу жүргiзу немесе практикадан өту мақсаттары үшiн Мемлекет Үкiметiнен немесе ғылыми, білiм беру, дiни немесе қайырымдылық ұйымынан немесе Мемлекет Үкiметі жүзеге асыратын техникалық жәрдем бағдарламасы бойынша грант, стипендия немесе сыйлық алушы ретiндегiнi қоспағанда, мыналарға:
(i) оның тіршілiк ету, оқу, білiм алу, зерттеу жүргiзу немесе практикадан өту мақсаттары үшiн шетелден аударылатын барлық ақша аударымдарына; және
(іі) мұндай гранттар, стипендиялар немесе сыйлықтар сомасына,
немесе оларға кез келген қолданатын сомаға осы екiншi Мемлекетте салық салынбайды.
22-бап
БАСҚА ДА ТАБЫСТАР
Осы Келiсiмнiң өткен баптарында айтылмаған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi табыстарының түрлерiне, егер мұндай табыс осы екiншi Мемлекетте де салық салынуы мүмкiн екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi көздерден алынған жағдайды қоспағанда, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
23-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ ЖОЮ
1. Қазақстан салығынан Қазақстаннан басқа кез келген елде төлеуге тиiстi салық сомасын шегеруге рұқсатты көздейтiн Қазақстан заңнамаларының ережелерiн ескере отырып, Малайзиядан алған табысына қатысты Қазақстан резидентi Малайзия заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Малайзия салығын осы табысқа қатысты төлеуге жататын Қазақстан салығынан шегеруге рұқсат етiледi. Алайда мұндай шегерiм көрсетілген шегерiм берiлгенге дейiн мұндай табысқа есептелетiн Қазақстан салығының сол бөлiгінен аспауы қажет.
2. 1-тармақтың мақсаты үшiн "Төлеуге тиесілi Малайзия салығы" терминi Малайзия заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Малайзиядағы көздерден алынатын кез келген табыстан төлеуге тиiстi Малайзия салығы, егер мұндай табысқа төмендетілген ставка салынбаса немесе осы Келiсімнiң ережелерiне сәйкес Малайзия салығынан және осы Келiсiмге қол қойылған күнi күшiнде болған Малайзияның экономикалық дамуына жәрдемдесуге арналған Малайзия заңнамаларында немесе ұқсас сипаты бар ережелер ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдарымен келiсілген көрсетiлген заңнамаларға өзгерiс не оған толықтыру енгiзу үшiн Малайзияда кейiн енгiзiлуi мүмкiн кез келген басқа ережелерде көзделген арнайы жеңiлдiктерден босатылса, негізгі болып саналады.
3. Малайзия салығынан Малайзиядан басқа кез келген елде төлеуге тиiстi салық сомасын шегеруге рұқсатты көздейтiн Малайзия заңнамаларының ережелерiн ескере отырып, Қазақстанда алған табысына қатысты Малайзия резидентi Қазақстан заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан салығын осы табысқа қатысты төлеуге жататын Малайзия салығынан шегеруге рұқсат етiледi. Алайда мұндай шегерiм көрсетілген шегерiм берiлгенге дейiн мұндай табысқа есептелетін Малайзия салығының сол бөлiгiнен аспауы қажет.
4. 3-тармақтың мақсаты үшiн "Төлеуге тиесілi Қазақстан салығы" терминi Қазақстан заңнамаларына сәйкес және осы Келiсiмге сәйкес Қазақстандағы көздерден алынатын кез келген табыстан төлеуге тиiстi Қазақстан салығы, егер мұндай табысқа төмендетілген ставка салынбаса немесе осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Қазақстан салығынан және осы Келiсiмге қол қойылған күнi күшiнде болған Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуге арналған Қазақстан заңнамаларында немесе ұқсас сипаты бар ережелер ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдарымен келiсілген көрсетілген заңнамаға өзгерiс не оған толықтыру енгізу үшiн Қазақстанда кейiн енгiзілуi мүмкiн кез келген басқа ережелерде көзделген арнайы жеңiлдiктерден босатылса, негізгі болып саналады.
24-бап
КЕМСIТПЕУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы екiншi Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары негiзiнен резиденттікке қатысты ұшырайтын салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге қарағанда анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемеге екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
2. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесiне салық салу ұқсас осындай қызметтi жүзеге асыратын осы екiншi Мемлекеттiң кәсiпорнына салық салуға қарағанда осы екiншi Мемлекетте неғұрлым қолайлы болуы тиiс.
3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне төлейтiн пайыздар, роялтилер және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаттары үшiн бiрiншi аталған Мемлекеттің резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiліп тасталуы тиiс. Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне ұқсас кез келген берешегi осындай кәсiпорынның салық салынатын капиталын анықтау мақсатында бiрiншi айтылған Мемлекеттiң резидентіне берешектi нақ сондай жағдайларда шегерілiп тасталуы тиiс.
4. Капитал екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентіне толық немесе iшiнара тиесілi немесе олардың тiкелей не жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны бiрiншi айтылған Мемлекетте салық салуға немесе бiрiншi айтылған Мемлекеттің басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салу мен онымен байланысты мiндеттемелерге қарағанда онымен өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салу немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемелерге бiрiншi айтылған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
5. Осы баптың ережелерi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне өз резиденттерiне беретiн олардың азаматтық мәртебесi немесе отбасылық мiндеттемелерi негiзiнде салық салу үшiн кез келген жеке салық жеңiлдiктерiн, жеңiлдiктердi және шегерiмдердi беру Уағдаласушы Мемлекеттi мiндеттейтiндей пайдаланылмауы қажет.
25-бап
ӨЗАРА КЕЛIСУ РӘСIМI
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрінің немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етiп отыр немесе душар ететін болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидент болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қарауына немесе егер оның iсi 24-баптың 1-тармағына түссе, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы бiрінші хабарлама берілген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуi тиiс.
2. Құзыретті орган, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, осы Келiсiмге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнды өзара келiсiм бойынша шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ, осы Келiсiмде көзделмеген жағдайларда, қосарланған салық салуды болдырмау үшiн де бiр-бiрiмен консультация өткiзе алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары өткен тармақтарды түсiнуде келісiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе алады.
27-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн немесе осы Келiсiм қолданылатын салықтарды төлеуден жалтаруға жол беру немесе оны анықтау не болдырмау үшiн қажеттi ақпараттарды алмасады. Мұндай алмасу арқылы алынған кез келген ақпарат құпия болып саналады және осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты шағым беру жөнiндегi шешiмдер себепті не оны қабылдау бойынша шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлі өндірілiп алумен немесе сот қудалауымен немесе қараумен байланысты тұлғаларға немесе органдарға (соттарды немесе бақылау органдарын қоса алғанда) ғана хабарланады.
2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына немесе әкімшілік iс-тәжiрибесiне қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
b) осы немесе екiншi Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкiмшiлiк iс-тәжiрибесi барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
с) қандай да болмасын сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа қайшы келуi мүмкiн ақпаратты беру мiндеттемесiн жүктейтіндей мағынада пайдаланылмайтын болады.
28-бап
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКIЛДIКТЕР МЕН
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI
Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi дипломатиялық өкілдiктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретін немесе арнайы халықаралық келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлетін артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.
29-бап
ҚАЙТА ҚАРАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУ
Уағдаласушы Тұлғалардың кез келгенi жазбаша нысанда осы Келiсiмдi толық немесе iшiнара қайта қарау, өзгерту немесе оған толықтыру енгізудi сұрай алады. Кез келген қайта қарауға, өзгертуге және толықтыруға Уағдаласушы Мемлекеттер Хаттама арқылы келiседi және ол осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады. Кез келген қайта қарау, өзгерту немесе толықтыру осы Келiсiм қабылданған алдындағы күні немесе мұндай қайта қарау, өзгертулер мен толықтырулар енгізiлген күні пайда болған немесе оған негізделетiн құқықтар мен мiндеттемелерге зиянын тигiзбеуi тиiс. Мұндай қайта қарау, өзгерту және толықтыру олардың күшiне енуi үшiн қажетті iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi Уағдаласушы Мемлекеттердiң орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап 30-шы күні күшiне енедi.
30-бап
КYШIНЕ ЕНУI
1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік рәсiмдердi орындауы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап 30-шы күні күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм:
а) Қазақстанда:
(i) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейiн алынған табыс көзiнен ұсталатын салықтарға қатысты;
(іі) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiн басталатын салық жылына қатысты табысқа салынатын басқа да салықтарға қатысты;
b) Малайзияда:
(i) осы Келiсiм күшiне енген жылдан кейiнгі күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қарағанда өзге Малайзия салығына қатысты;
(іі) осы Келісiм күшіне енген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгі кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қатысты қолданылады.
31-бап
ӘРЕКЕТ ЕТУIН ТОҚТАТУ
Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның әрекет етуiн тоқтатпайынша күшiнде қала бередi. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгі кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда әрекет етуiн тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жiбере отырып, Келiсiмнiң әрекет етуiн тоқтата алады. Мұндай жағдайда, Келiсiм:
а) Қазақстанда:
(i) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейiн алынған табыс көзiнен ұсталатын салықтарға қатысты;
(іі) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейiн басталатын салық кезеңдерi үшiн басқа да салықтарға қатысты;
b) Малайзияда:
(i) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейінгі күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қарағанда өзге Малайзия салығына қатысты;
(іі) әрекет етуiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi екiншi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi кез келген жыл үшiн салық салуға жататын мұнай табыс салығына қатысты өзiнiң әрекет етуін тоқтатады.
Осыны куәландыру ретiнде, тиiстi дәрежеде уәкілеттік берiлген төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.
__________ ___________жылғы _________ айының _________ күнi қазақ, малай, ағылшын және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi данада жасалды, барлық мәтіндердiң бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушілiктер туындаған жағдайда, ағылшын тілiндегi мәтiн айқындаушы болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЛАЙЗИЯ
ҮКIМЕТI ҮШІН YКIMETI ҮШIН
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Малайзия Yкiметiнiң арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмге қол қойған кезде екi Үкiмет мынадай ережелер осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатынына уағдаласты.
2-баптың 3 (b) тармағына қатысты:
Малайзия жағдайында, табыс салығы 3-баптың 1 (с) тармағында белгіленген кез келген тұлғалардан алынады.
7-баптың 1-тармағына қатысты:
осы Келiсiмде ештеңе Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекетте тауарларды немесе бұйымдарды сатудан, сондай немесе ұқсас сипатта тұрақты мекеме арқылы сатудан немесе осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметтен, сондай немесе ұқсас сипатта тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен, мұндай сатудың немесе қызметтің мұндай тұрақты мекеменiң салық мiндеттемесiн анық азайту мақсатында тұрақты мекеме арқылы жүргiзілмеуi шартымен, алынған пайдаға салық өндiрiп алуға кедергi болмайды.
Осыны куәландыру ретінде, тиiсті дәрежеде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
_____________ _______________ жылғы _____________ айының ____ күнi қазақ, малай, ағылшын және орыс тілдерiнде әрқайсысы екi данада жасалды, барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тілiндегі мәтiн айқындаушы болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЛАЙЗИЯ
ҮКIМЕТI ҮШІН YКIMETI ҮШIН