Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оның Хаттамасына қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 1109 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі