Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1121 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.11. N 1222 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.11.  N 1222 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны осы қаулыға қосымшаға сәйкес сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар баспа өнiмiн беруші болып белгіленсiн.

      2. Тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар (келiсiм бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен осы қаулыға қосымшада көрсетілген баспа өнiмiн мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2005 жылғы 10 қарашадағы
N 1121 қаулысына   
қосымша       

  Сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар
баспа өнімінің тізбесі

      1. Визалық жапсырмалар.
      2. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктің бланкілері - куәліктер:
      1) тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы;
      2) бала асырап алу туралы;
      3) әке болуды анықтау туралы;
      4) некенің бұзылуы туралы;
      5) тууы туралы;
      6) некеге тұру туралы;
      7) қайтыс болғандығы туралы.
      3. Астық қолхаттары  - астық қабылдаушы кәсіпорын беретін, астық иесінен астықты сақтауға қабылдап алғанын растайтын екі жақты қойма куәлігі.
      4. Әскери билеттер.
      5. Негізгі жалпы білім туралы куәлік.
      6. Негізгі жалпы білім туралы үздік үлгідегі куәлік.
      7. Негізгі жалпы білім туралы куәлікке қосымша.
      8. Орта жалпы білім туралы аттестат.
      9. Орта жалпы білім туралы үздік үлгідегі аттестат.
      10. Орта жалпы білім туралы "Алтын белгі" аттестат.
      11. Орта жалпы білім туралы аттестатқа қосымша.
      12. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама.
      13. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты.
      14. Мемлекеттік аралық бақылау сертификаты.
      15. Кешенді тестілеу сертификаты.
      16. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификат.
      17. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәлік.
      18. Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының  куәлігі.
      19. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінiң кәсiптерi (мамандықтары) бойынша кәсіптік дайындығының деңгейiн растау және білiктiлiк беру туралы сертификат.
      20. Кәсiптiк бастауыш білім туралы диплом.
      21. Кәсiптiк бастауыш бiлiм туралы үздік үлгідегi диплом.
      22. Кәсiптiк бастауыш бiлiм туралы дипломға қосымша.
      23. Кәсіптік орта білім туралы диплом.
      24. Кәсіптік орта бiлiм туралы үздік үлгідегі диплом.
      25. Кәсіптік орта білім туралы дипломға қосымша.
      26. Арнаулы жоғары бiлiм туралы диплом.
      27. Арнаулы жоғары білім туралы үздік үлгідегі диплом.
      28. Арнаулы жоғары бiлiм туралы дипломға қосымша.
      29. Кәсiптiк жоғары білім туралы диплом.
      30. Кәсіптік жоғары білiм туралы үздік үлгідегі диплом.
      31. Кәсіптік жоғары бiлiм туралы дипломға қосымша.
      32. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы диплом.
      33. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы үздік үлгідегі диплом.
      34. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім туралы дипломға қосымша.
      35. Интернатураны бітіргені туралы куәлiк.
      36. Клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәлiк.
      37. Ассистентура-тағылымдаманы бітіргені туралы куәлiк.
      38. Ғылым кандидатының дипломы.
      39. Ғылым докторының дипломы.
      40. Ғылым кандидатының дипломы (қайта аттестаттау).
      41. Доценттің аттестаты.
      42. Профессордың аттестаты.
      43. Чек кiтапшалары.
      44. Бағалы қағаздардың бланкілерi.
      45. Вексельдердің бланкілерi.
      46. Темiр жол көлігінде жүк тасымалдауын есепке алуға арналған қатаң түрдегi есепке алу бланкілерi.
      47. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар беретiн лицензиялардың бланкілерi.
      48. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар беретiн лицензияларға қосымшалардың бланкілерi.
      49. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредиттеу туралы куәлік.
      50. Куәлiк (шетелдiк дипломның қазақстандық дипломға баламалылығы туралы).
      51. Офицерлердiң жеке басын куәландыратын куәлiгi.
      52. Медальдарға куәлiктер.
      53. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысанды талап, 2-нысанды талап-жүк құжаты, 3-нысанды талап, багаж талоны.
      54. Аңшы куәлiгi.
      55. Жануарлар әлемiн пайдалануға арнайы рұқсаттардың бланкiлерi.
      56. Жануарлар әлемiн пайдалануға маркалар-рұқсаттар.
      57. СИТЕС Әкiмшілiк органының Қазақстан Республикасындағы рұқсаттарының бланкiлерi.
      58. Ағаш кесу билетi.
      59. Орман билеті.
      60. Iшкi және сыртқы нарықтарда балықтың бекiре түрлерiнiң уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалар.
      61. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау уәкілетті органы беретiн хабарламалардың бланкiлерi.
      62. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң бланкілерi.
      63. Табиғатты пайдалануға берiлген рұқсаттардың бланкiлерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады