Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 1127 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      1) 1-тармақта:
      2) тармақшадағы "акцияларының жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі белгiленген тәртiппен "Хабар" агенттігi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналыстарын өткiзген кезде 2004-2006 жылдардың қорытындысы бойынша таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтер төлеуге бағыттау үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн";
      2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
      тақырыбындағы "жүз пайызы" деген сөздерден кейiн "немесе бақылау пакетi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
      "6. "Хабар" агенттiгi" АҚ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады