Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерiн беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 1133 Қаулысы

      Ұлттық және халықаралық маңызы бар Батыс Тянь-Шаньнiң бiрегей табиғи объектiлерi ретiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерiн сақтау мақсатында және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қосымшаға сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас және Төле би аудандарының жер қоры санатынан жалпы алаңы 46882,3 гектар жер учаскесi алып қойылсын және олар тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - мекеме) берiлсiн.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерi жер қорынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi санатына ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекарасын белгiлесiн.

      4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi күзет аймағының шегiнде бұл аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерiнiң төңiрегiнде күзет аймағын белгілесін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2005 жылғы 17 қарашадағы
                                          N 1133 қаулысына қосымша

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
         Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
    "Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттiк
         мекемесiне тұрақты жер пайдалануға берiлетiн
                  жерлердің экспликациясы

P/c
N

Жердiң санаты және ауыл шаруашылығы жері

Алаңы, га

1

Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас ауданы Жер қоры, жайылымдар

1000,0

2

Оңтүстiк Қазақстан облысының Төле би ауданы Жер қоры (Майдантал учаскесi), жайылымдар

45 882,3


Барлығы

46 882,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады