Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы"
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 268 Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша)):
42-баптың 1-тармағының бiрінші сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркеуден өтуге тиiс.";
2) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 1999 жылғы 22 шілдедегi N 156-165 "Егемен Қазақстан"):
28-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары арасындағы даулар жөнiндегі iстердi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушыларға талап қою жөнiндегі iстердi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы органдарының лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттерiне талап қою жөнiндегi және олардың шешiмдерiне дау айту туралы iстердi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының соты қарайды.";
3) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының N 155 Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; 2001 жылғы 13 ақпандағы N 31-34 "Егемен Қазақстан"; 2001 жылғы 21 ақпандағы N 9-10; 2001 жылғы 28 ақпандағы N 11-12 "Юридическая газета"):
538-баптың 1) тармақшасы "соттардың" деген сөзден кейiн ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы сотының" деген сөздермен толықтырылсын;
541-баптың 1-тармағы "судьялары" деген сөзден кейiн ", ал Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына және олардың лауазымды адамдарына қатысты Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы сотының судьялары" деген сөздермен толықтырылсын;
550-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігі қарайды.";
4) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2001 жылғы 20 маусымдағы N 123-126 "Егемен Қазақстан"; 2001 жылғы 27 маусымдағы N 29 "Юридическая газета"):
91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 3-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
3-1) борыштық бағалы қағаздар азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген борыштық бағалы қағаздарды өткiзген кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
11) Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушы ұйымының қаржы қызметтерiн көрсетуден алған табысы.
Осы тармақшада көрсетiлген қаржы қызметтерiнiң тiзбесi Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы заңнамалық актіде айқындалады.";
124-баптың 2-тармағының бiрiншi және екiншi абзацтары "мен облигацияларды" деген сөздерден кейiн "және азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
131-баптың 1-1-тармағы 3) тармақшадағы "дивидендтер" деген сөзден кейін ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар.";
144-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
13-1) азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегі құн өсiмiнен түскен табыс;";
178-баптың 3) тармақшасы "үлесiн өткiзу" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды өткiзу;";
179-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;";
183-баптың 1-тармағы "мен облигацияларды" деген сөздерден кейiн "және азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
187-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтердi, сыйақыларды;";
190-баптың 1-тармағының үшiншi абзацы "мен облигацияларды" деген сөздерден кейiн "және азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын";
мынадай мазмұндағы 517-1-баппен толықтырылсын:
"517-1-бап. Қаржы Орталығының қатысушыларын салықтық бақылау
Қаржы Орталығының қатысушыларын салықтық бақылауды аудиторлық есеппен расталатын салықтық есептiлiк негiзiнде ғана салық органдары жүзеге асыруы мүмкiн. Аудиторлық компаниялардың тiзбесiн Қаржы Орталығының Әкiмшiлігі айқындайды.";
520-1-баптың 1-1-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғалар бойынша хабарлама нысанын және оны статистика жөнiндегі уәкiлеттi органның табыс ету тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және статистика жөнiндегі уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкiмшілiгі бекiтедi.
Салық төлеушiнiң куәлiгiн тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкiлдiкке салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде беру үшiн оны салық органы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша уәкілеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен әділет органына, ал Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы - салық төлеушiге беру үшiн Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігімен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшiлiгiне жiберуге тиiс.";
5) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi eceптiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат):
4-бап "органдары" деген сөзден кейiн ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшiлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
6-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкімшілігі белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшiлiгi жiберген хабарламалар негізінде бiрыңғай Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзеді.";
9-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.";
13-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) жүргiзiлгенi туралы хабарлама нысанын және оны мемлекеттiк статистика органдарына табыс ету тәртiбiн уәкілетті мемлекеттік статистика органымен келiсiм бойынша Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкiмшілігі бекiтедi.";
6) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Заңда Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты қатынастар реттелмейдi.";
7) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат):
10-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы ағылшын тiлiнде жүргізуге құқылы.";
15-баптың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары мәмілелерді ағылшын тiлiнде жасауға құқылы.";
8) "Нормативтік құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат):
3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкiмшiлігі басшысының нормативтік құқықтық актілерi.";
4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігі басшысының нормативтік құқықтық актiлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы "әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешімдерi" деген сөздерден кейiн ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігі басшысының нормативтiк құқықтық актiлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
9) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 273 "Егемен Қазақстан"):
102-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының осы Заңды және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды орталықтың атқарушы органының мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.";
12-тарау мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:
"104-1-бап. Орталықтың атқарушы органының мемлекеттiк еңбек
инспекторларының міндеттері
Орталықтың атқарушы органының еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
1) өз құзыретi шегiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органды еңбек заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы хабардар етуге;
2) еңбек жөнiндегі уәкiлетті орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек туралы заңнама талаптарының орындалу жайы туралы ақпаратты жүргізуге және оны тоқсан сайын еңбек жөнiндегі уәкiлеттi органға табыс етуге міндеттi.";
10) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 25-26 "Казахстанская правда" 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 5 "Юридическая газета"):
11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшы лауазымдарда жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға және заңнамада белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар кәсiптiк жоғары және орта бiлiмдi мамандарға қолданылмайды.";
22-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы (бұдан әрi - Орталық) қатысушыларының осы Заңды және халықты жұмыспен қамту туралы өзге де нормативтік құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды Орталықтың атқарушы органының мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.";
11) "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2002 жылғы 27 наурыздағы N 67 "Егемен Қазақстан"):
18-баптың 2) тармақшасы "заңды тұлғаларды" деген сөздердiң алдынан "Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
12) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2002 жылғы 24 мамырдағы N 114-115 "Егемен Қазақстан"):
27-1-баптың 1-тармағының 30) тармақшасындағы "қызметтердi сатып алуы" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
"31) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы Әкiмшiлiгінiң Халықаралық Кеңесi мүшелерiнiң қызметтерiн қоса алғанда, Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығы Әкiмшілiгiнiң консалтингтiк қызметтердi сaтып aлуы.";
13) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 199-200 "Казахстанская правда"):
1-бапта:
63) тармақша "трансфер-агентті" деген сөздерден кейiн "және Алматы қаласы өңiрлік қаржы орталығының (бұдан әрi - Қаржы Орталығы) аумағында құрылған брокердi және (немесе) дилердi" деген сөздермен толықтырылсын;
74) тармақша "сәйкес" деген сөзден кейiн "және (немесе) Қаржы Орталығы Әкiмшiлігінiң бұйрығына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
54-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақ Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi тiркеген өтінiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкер лауазымын иеленуге үмiткер тұлғаларға қолданылмайды. Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi тiркеген өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымын иелену шарттарын уәкілеттi орган белгілейдi.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi тiркеген өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қаржы Орталығының Әкiмшілiгі тiркеген өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейді.";
89-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қаржы құралдарын Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тiзiмiне қосу және одан алып тастау шарттары мен тәртібiн Қаржы Орталығының Әкiмшілiгі басшысының бұйрығымен белгiленедi және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын peттeу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті органмен келісiледі.";
3-тармақ "қор биржасы" деген сөздерден кейiн "және/немесе Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "Қор" деген сөз "Бағалы қағаздардың Қаржы Орталығындағы айналысын қоспағанда, қор" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) "Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы" 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 528; 2004 жылғы 12 наурыздағы N 57-58 "Егемен Қазақстан"):
28-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы бапта аталған мемлекеттік еңбек инспекторларының мiндеттерiнен басқа, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының атқарушы органының мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) еңбек жөнiндегі уәкілеттi органды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзу фактiлерi туралы хабардар етуге;
2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысанға сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнама талаптарының орындалу жайы туралы ақпаратты жүргiзуге және оны тоқсан сайын еңбек жөнiндегi уәкiлетті органға табыс етуге мiндеттi.";
15) "Аралық соттар туралы" 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 24, 151-құжат; 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 2 "Егемен Қазақстан"):
5-баптың 4-тармағы "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетiн 4-тармақты қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті