"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Корея Республикасының Әскери-теңiз күштерi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлар - РКМ (Petrol Killig Medium) жоғары жылдамдықты 33 метрлік патрульдiк катерлердiң үш бiрлiгiн берушi болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) тауарларды мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi аумақтық (iшкi) сулары арқылы өткiзу жоспарланып отырған шет мемлекеттермен үш патрульдiк катердiң транзиттік өту мәселелерін келiссiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі