Мойнақ су электр станциясын салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1143 Қаулысы

      Мойнақ су электр станциясын салуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мойнақ су электр станциясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Мойнақ СЭС-i" АҚ) сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар электр энергиясының қуатын реттеу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы "KEGOC" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "KEGOC" АҚ) заңнамада белгiленген тәртiппен ағымдағы шығыстар мен қарыздарға қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды жабуды қамтамасыз ететiн бағалар бойынша "Мойнақ СЭС-i" АҚ-пен электр энергиясының қуатын реттеу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi мен "KEGOC" АҚ (келiсiм бойынша) Мойнақ су электр станциясынан ұлттық электр желiсіне электр энергиясының қуатын беру схемасының объектілерiн салуды ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы  Заңына  сәйкес "Мойнақ СЭС-i" АҚ-қа инвестициялық преференциялар беру мүмкiндiгiн қарастырсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "Мойнақ CЭC-i" АҚ-пен мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiм жасассын;
      кредиторға "Мойнақ CЭC-i" АҚ мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету ретінде "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктердi беру лимитiнiң шегiнде тартылатын қарыз бойынша 25000000 (жиырма бес миллион) АҚШ доллары мөлшерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "Мойнақ CЭC-i" АҚ-тың мемлекеттiк кепілдiкті алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсiн;
      Мойнақ су электр станциясы құрылысының екiншi кезеңiн қаржыландыру үшін тартылатын қарыз бойынша "Мойнақ СЭС-i" АҚ-тың мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету ретiнде 2006 жылы 75000000 (жетпiс бес миллион) АҚШ доллары сомасына мемлекеттiк кепiлдiк беру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      7. "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен 25000000 (жиырма бес миллион) АҚШ долларына дейiнгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамының талаптарын қанағаттандыратын қамтамасыз етумен 25000000 (жиырма бес миллион) АҚШ долларына дейiнгі мөлшерде Мойнақ су электр станциясы құрылысының бiрiншi кезеңiн қаржыландыру мүмкiндiгін қарастырсын.

      8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жаңартылатын энергия көздерi бойынша жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында 1997 жылғы 11 желтоқсанда Киото қаласында қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгерiсi туралы шектеулi конвенциясына Киото хаттамасына қатысты мемлекетiшілiк рәсiмдердi жүргiзу жөнінде шаралар қабылдасын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады