Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1160 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
      01 "Әлеуметтік қамсыздандыру" iшкi функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
      002 "Зейнетақы бағдарламасы" бағдарламасында:
      100 "Ортақ зейнетақыларды төлеу" кiшi бағдарламасындағы "208838486" деген сандар "209032384" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар" кiшi бағдарламасындағы "200000" деген сандар "6102" деген сандармен ауыстырылсын;
      003 "Мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар" бағдарламасында:
      100 "Мүгедектiгi бойынша" кiшi бағдарламасындағы "32211271" деген сандар "32891271" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Асыраушысынан айрылуына байланысты" кiшi бағдарламасындағы "19331163" деген сандар "18651163" деген сандармен ауыстырылсын;
      004 "Арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар" бағдарламасында:
      101 "ҰОС қатысушылары" кiшi бағдарламасындағы "4072374" деген сандар "3972374" деген сандармен ауыстырылсын;
      102 "ҰОС мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар" кiшi бағдарламасындағы "1379734" деген сандар "1299734"деген сандармен ауыстырылсын;
      105 "Қайтыс болған ҰOC мүгедектерiнiң әйелдерi (күйеулерi)" кіші бағдарламасындағы "310913" деген сандар "245913" деген сандармен ауыстырылсын;
      107 "ЧАЭС оқиғасында апат салдарын жою кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен), әскери қызметкерлерiнiң, ішкі iстер органдары қызметкерлерiнiң және қаза болған адамдардың отбасылары" кіші бағдарламасындағы "736947" деген сандар "636947" деген сандармен ауыстырылсын;
      108 "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшiлерi" кiшi бағдарламасындағы "1694471" деген сандар "1544471" деген сандармен ауыстырылсын;
      110 "I және II топтағы мүгедектер" кiшi бағдарламасындағы "4564273" деген сандар "4864273" деген сандармен ауыстырылсын;
      111 "ІІІ топтағы мүгедектер" кiшi бағдарламасындағы "955627" деген сандар "1015627" деген сандармен ауыстырылсын;
      112 "16 жасқа дейiнгі мүгедек балалар" кiшi бағдарламасындағы "456029" деген сандар "496029" деген сандармен ауыстырылсын;
      114 "Төрт немесе одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар" кiшi бағдарламасындағы "4023727"  деген сандар "4073727" деген сандармен ауыстырылсын;
      115 "Мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары" кiшi бағдарламасындағы "656008" деген сандар "701008" деген сандармен ауыстырылсын;
      02 "Әлеуметтiк көмек" iшкi функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" әкімшiсi бойынша:
      005 "Жерлеуге берілетiн жәрдемақы" бағдарламасында:
      100 "Зейнеткерлердi, ҰOC қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге берiлетiн жәрдемақы" кiшi бағдарламасындағы "1282774" деген сандар "1332774" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Жер астындағы және ашық тау-кен жұмыстарында, ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыстарда жұмыс iстеген, мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар және мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге берілетiн жәрдемақы" кiшi бағдарламасындағы "346560" деген сандар "296560" деген сандармен ауыстырылсын;
      09 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" әкімшісі бойынша:
      001 "Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және көшi-қон саласындағы уәкілеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кiшi бағдарламасында "28916" деген сандар "28416" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "6179" деген сандар "6679" деген сандармен ауыстырылсын;
      027 "Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтiк қорғау" бағдарламасында:
      101 "Оралмандардың көшiп келуi және әлеуметтiк қорғалуы" кiшi бағдарламасында "2475755" деген сандар "2222755" деген сандармен ауыстырылсын;
      102 "Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "8885313" деген сандар "9138313" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  127-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрлерi 2, 3-жолдарындағы 5-бағанда:
      "1608767" деген сандар "1641463" деген сандармен ауыстырылсын;
      "9770" деген сандар "368" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 128-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің реттiк нөмiрлерi 2, 3-жолдарындағы 5-бағанда:
      "396213" деген сандар "400548" деген сандармен ауыстырылсын;
      "247221" деген сандар "244529" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "657264" деген сандар "658907" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 129-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрлерi 3, 4, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 16, 17-жолдарындағы 5-бағанда:
      "23300" деген сандар "22819" деген сандармен ауыстырылсын;
      "20774" деген сандар "18512" деген сандармен ауыстырылсын;
      "29648" деген сандар "22288" деген сандармен ауыстырылсын;
      "22588" деген сандар "17945" деген сандармен ауыстырылсын;
      "178780" деген сандар "118149" деген сандармен ауыстырылсын;
      "279797" деген сандар "283879" деген сандармен ауыстырылсын;
      "136690" деген сандар "136872" деген сандармен ауыстырылсын;
      "43486" деген сандар "44071" деген сандармен ауыстырылсын;
      "181750" деген сандар "181872" деген сандармен ауыстырылсын;
      "56300" деген сандар "58858" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "1138883" деген сандар "1071035" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 130-қосымшада:
      7-тармақтағы "103825" деген сандар "101161" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 147-қосымшада:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Өткен жылдар мiндеттемелерiн өтеу.";
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесi реттiк нөмiрi 3-жолының 5-бағанында:
      1) тармақшадағы "10 АЕК мөлшерiнде" деген сөздерден кейiн "2005 жылға арналған көшiп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген, бiрақ 2005 жылы келген 81 оралманға" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "1998, 2001-2004 жылдарға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енгiзiлген, бiрақ 2005 жылы келген 1188 оралманның жол жүргенi үшiн көлiктiк шығыстарды өтеу және 408 оралмандар отбасының мүлкiн әкелуге ақы төлеу";
      реттік нөмiрi 4-жолда:
      "8619 отбасын" деген сөздерден кейiн "және оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген 66 оралманды" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ "өтеу;" деген сөзден кейiн "оралмандардың 1998, 2001-2004 жылдарға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген, бiрақ 2005 жылы келген 1188 оралманның жол жүргенi үшін көлiктiк шығыстарды өтеу және 408 оралмандар отбасының мүлкiн әкелуге ақы төлеу;" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттiк тілдегі мәтiнде "бiржолғы жәрдемақының уақытында төлеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталып, "2005 жылға" деген сөздердiң алдынан ", оралмандардың 2005 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзілген оралмандарға және оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзiлген, бiрақ 2005 жылы келген 81 оралманға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын және "оралмандардың 8619 отбасына" деген сөздер "8619 оралманды және оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасына енгiзілген 66 оралманды" деген сөздермен ауыстырылсын, "15000 отбасына" деген сөздер "15000 отбасын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады