Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1170 Қаулысы.


      Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы


      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 586 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне - 4 (төрт) лауазымдық жалақы, бірақ 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;

      2) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне - шетелдік валютадағы лауазымдық жалақысының 50 пайызы мөлшерінде өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы белгіленсін.

      3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 29 қарашадағы
N 1170 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 586 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады