Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасындағы теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киімінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы N 1013 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы және мәтініндегі "теңіз" деген сөзден кейін "және iшкi су" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспеде:
"Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкepлepiнiң нысанды киiм берілетін лауазымдар (мамандықтар) тізбесінде:
тақырыбындағы "теңіз" деген сөзден кейін "және iшкi су" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмipi 2-жолдың 2-бағанындағы "Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша" деген сөздер "Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киімінің, айырым белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерінде:
тақырыбындағы, 13-тармақтағы "теңіз" деген сөзден кейін "және ішкі су" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші абзацта "юбкадан," деген сөзден кейін "шалбардан," деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"Шалбар.
Жартылай жүн матадан, жазғы және қысқы нұсқасы - қара түсті. Астарлы тік, түймелі ілгекпен, екі бүйірлі қалтамен, белі бip түймеге түймеленетін жеті белдік ұстағышпен бекітілген. Шалбардың оң жақ жартысында бip түймеге және тілік ілмекке ілінетін рамкалы артқы тілік қалта.";
теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киімінің, айырым белгілерінің сипаттамасы мен үлгілеріне қосымшаларда:
"теңіз" деген сөзден кейін "және ішкі су" деген сөздермен толықтырылсын;
6-қосымшада:
"юбка," деген сөзден кейін "шалбар," деген сөзбен толықтырылсын;
қоса беріліп отырған үлгімен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру ережесінде:
тақырыбындағы және мәтін бойынша "теңіз" деген сөзден кейін "және ішкі су" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"Заңы" деген сөз "Заңдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшінші абзацындағы "Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша" деген сөздер "Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Астана және Алматы қалалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру ережесіне қосымшада:
"теңіз" деген сөзден кейін "және ішкі су" деген сөздермен толықтырылсын;
"(әйелдер)" деген бөлімшеде "күнделікті юбка" деген бағаннан кейін "күнделікті шалбар + + + +" деген бағанмен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз ету нормаларында:
тақырыбындағы "теңіз" деген сөзден кейін "және ішкі су" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмipi 6-жолдың 2, 4 және 5-бағандары мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"қара түсті жартылай жүн матадан тігілген шалбар; 1 2";
4-бағанда:
реттік нөмipi 1-жолдың алтыншы, жетінші абзацтарындағы "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмipi 6-жолдың төртінші, бесінші абзацтарындағы "1" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
РҚАО-ның ескертуі: 6-қосымшаға үлгіні қағаз мәтіннен қараңыз.