"2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлік) - Қазақстан" бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1187 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлік) - Қазақстан»бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімнің жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесімен бірге мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қайрат Медібайұлы Әйтекеновке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып,«"2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт:   өңірлік құрамдас бөлік) - Қазақстан" бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге оған Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесімен бірге қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  "2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңірлік құрамдас бөлік) - Қазақстан" бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы Бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің түсіндіру
туралы мәлімдемесі

      Еуропалық тараптың түсіндірмелерін негізге ала отырып, қазақстандық тарап "2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іске асыру бағдарламасы (1-ші бағыт: өңірлік құрамдас бөлік) - Қазақстан" бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасында Бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімнің (бұдан әрі - Қаржылық келісім) кейбір нормаларын мынадай тәртіппен түсінетін болады.
      1. "2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іске асыру бағдарламасы (1-ші бағыт: өңірлік компонент) - Қазақстан"  бағдарламасының атауындағы "2004" деп тараптармен келісілген жобаларды болашақта іске асыру үшін еуропалық тарап Еуропалық Қоғамдастықтардың бюджетінде қаражат көздеген жыл түсініледі.
      2. Қаржылық келісімнің 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қаржылық келісімнің II қосымшасында көзделген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия айқындаған үшінші тұлғаларға береді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) көрсетілген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
      3. Қаржылық келісімнің 3-бабының 3.1-тармағының ережесі Үкімет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келісімнің
I қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегенді білдіреді.
      4. Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетілген "3.1-бап" Қаржылық келісімнің
I қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сілтеме дегенді білдіреді.
      Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасының ережесі жоба шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде Еуропалық Қоғамдастықтар рәсімдеріне сәйкес Комиссия Үкімет мүддесінде әрекет етеді дегенді білдіреді. Бұл ретте, Үкімет Комиссияның жоба шеңберіндегі іс-әрекеті үшін үшінші тұлға алдында жауапты болмайды.
      5. Қаржылық келісімдегі "қаржылық субсидиялар" термині Комиссия Үкіметке өтеусіз негізде беретін көмек ретінде түсініледі. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасына берілетін Комиссия гранттары (қаржылық субсидиялар) Үкіметтің Комиссиядан одан әрі қарыз алуын және мемлекеттік бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды көздемейді.
      6. Қаржылық келісімнің I қосымшасының 8-бабының 8.2-тармағының келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.2) тармақшасын ескере отырып) еуропалық тараптан грант алатындар болмайды дегенді білдіреді.
      7. Қаржылық келісімнің I қосымшасының 9-бабының 9.1 және 9.2-ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық көмектерді (гранттарды) салық, кеден және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне төленетін басқа да міндетті босату Еуропалық Қоғамдастықтың техникалық көмектеріне қолданылады дегенді білдіреді.
      8. Бағдарламаны іске асыру үшін Қаржылық келісімнің
I қосымшасының 5, 6, 7, 12 және 13-баптарының ережелерінде көзделген келісім-шарттар мен гранттарды беруді Комиссия Еуропалық Қоғамдастықтардың рәсімдеріне сәйкес дербес жүзеге асырады.
      9. Үкімет Қаржылық келісімде көзделген қаржы қаражатын алмайтындықтан және оларды басқаруға қатыспайтындықтан, Қаржылық келісімнің I қосымшасының 14 және 15-баптарының ережелері Үкімет Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес Комиссиямен осы Қаржылық келісімді іске асыру барысында бұзушылықтар, алаяқтық іс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда оларды болдырмау мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды дегенді білдіреді.
      10. Қаржылық келісімнің I қосымшасының 16, 17, 18 және 19- баптарының ережелері Қаржылық келісімге өзгерістер енгізілгенге, оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе тоқтатылғанға дейін Тараптар бірімен бірі тиісті консультациялар жүргізеді дегенді білдіреді. Қаржылық келісімге түзетулер енгізуді Тараптар өзара келісім бойынша жүзеге асырады. Тараптың Қаржылық келісімді тоқтату туралы шешімі екінші Тарапқа хабарланғаннан кейін екі ай өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

  БІРНЕШЕ ЕЛДЕРДІ ҚАМТИТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМ АРНАЙЫ ШАРТТАР

      Бұдан әрі "Комиссия" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрі "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық бір тараптан және бұдан әрі "Бенефициар" деп аталатын Қазақстан Үкіметі екінші тараптан
ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:

        1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ

      1.1. Қоғамдастық ІІ қосымшадағы Техникалық және әкімшілік ережелерде жазылған бұдан әрі Бағдарлама деп аталатын 2004 жылға арналған Орталық Азия бойынша Тасистің іске асыру бағдарламасы (1-ші бағыт: өңірлік компонент) - Қазақстан қаржыландыруға өз үлесін қосады.
      1.2. Бұл бағдарлама қаржылық келісімге және оның қосымшаларына: Жалпы шарттар (I қосымша) мен Техникалық және әкімшілік ережелерге (II қосымша) сәйкес орындалады.

        2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСІ

      2.1. Бағдарламаның жалпы құны 14 миллион евроға 1  бағалануда.
      2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 14 миллион евро бөлуді міндеттенеді. Бюджеттік баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесін индикативтік бөлу II қосымшаның Техникалық және әкімшілік ережелерінде көрсетілген.
_____________________
1 Индикативті түрде Қазақстан бұл сомадан 2 800 000 евро алады.

        3-БАП - БЕНЕФИЦИАРДЫҢ ҮЛЕСІ

      3.1. Бенефициар бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
      3.2. Бенефициар қаржы үлесін қоспайтын жерде қаржы келісіміне II Техникалық және әкімшілік ережелерінде егжей-тегжейлі талаптар белгіленеді.

        4-БАП - ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢІ

      Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі қаржылық келісімнің күшіне енген сәттен басталады және 31.12.2011 аяқталады. Аталған орындалу кезеңі екі кезеңнен: қаржылық келісімнің күшіне енген сәтінен басталатын және 31.12.2009 аяқталатын операциялық іске асыру кезеңінен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңінің соңында аяқталатын аяқталу кезеңі басталады.

        5-БАП - ҚАРЖЫ КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН
КЕЛІСІМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ КҮНІ

      Қаржылық келісімді іске асыруға арналған келісім-шарттар ең кеш дегенде 19.07.2007 жылы қол қойылады. Бұл соңғы мерзім ұзартылмайды.

        6-БАП - МЕКЕН ЖАЙЛАР

      Қаржылық келісімді іске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сілтемесі болуы тиіс және мына мекен жайлар бойынша жіберіледі:

      а) Комиссия үшін
      Comission of European Communities
      EuropeAid Co-operation Office
      Mr. Erich Muller
      Director
      Rue de la Loi 200
      В-1049 Brussels, Belgium
      Fах: +32 2 299 07 75

      b) Бенефициар үшін
      Қайрат Әйтекенов мырза
      ҚР Экономика және бюджеттік
      жоспарлау вице-министрі
      Тасистің ұлттық үйлестірушісі
      Қазақстан Республикасы
      473000, Астана
      Жеңіс даңғылы - 11, 1003-каб.

        7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР

      7.1. Мына құжаттар аталған келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
      І қосымша:         Жалпы шарттар
      ІІ қосымша:        Техникалық және әкімшілік ережелер.
      7.2. Қаржылық келісімнің Қосымшалары мен Арнайы шарттар ережелері арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттар ережесі басымдыққа ие болады. I қосымша мен II қосымшаның ережелері арасында қайшылық болған жағдайда I қосымшаның ережелері басымдыққа ие болады.

        8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ДА АРНАЙЫ ШАРТТАР

      8.1. Жалпы шарттар мынадай ережелермен толықтырылады:
      8.1.1. 3.1-бапқа қатысты, іске асыру бенефициардың мүддесіне сай келеді деп есептеледі.
      8.1.2. 8.2-бапқа қатысты, бұл бағдарлама бойынша гранттар бойынша бенефициарлар жоқ деп есептеледі.
      8.2. Жобалар тізбесінде көрсетілген әр жоба үшін Қаржылық келісімге тиісінше әрбір жоба қамтитын әріптес елдерден ең аз дегенде екеуі қол қойған жағдайда келісім-шарт жасалуы мүмкін. Елдер Қаржылық келісімге екінші қол қойғаннан кейін ғана олар жобадан түсетін пайданы ала алады.

        9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

      Осы Қаржылық келісім оған соңғы екі қол қойған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      Брюссельде ағылшын тілінде 3 дана түпнұсқада жасалды, 2 данасы Комиссияға және 1 данасы Бенефициарға берілді.

      КОМИССИЯ ҮШІН                 БЕНЕФИЦИАР ҮШІН

      Эрих Мюллер мырза             Қайрат Әйтекенов мырза
      Директор                      ҚР Экономика және бюджеттік
      EuropeAid жәрдемдесу офисі    жоспарлау вице-министрі
      Еуропалық Комиссия            Тасистің ұлттық үйлестірушісі

      Брюссель                      Астана
      Күні                          Күні

  I ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР I ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

      1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. Қоғамдастықтардың қаржылық үлесі қаржылық келісімде айқындалған сан шегінде болуы тиіс.
      1.2. Қоғамдастықтардың қаржылық үлесіне бенефициар қаржылық келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындаған жағдайда берілуі тиіс.

      2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ

      2.1. Қаржылық келісім бюджетінің жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған "Жалпы шарттардың" 17-бабына сәйкес жалпы бюджет ішінде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиіс.
      2.2. Қаржылық келісім бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелі кезінде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншік қаражатын, немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкін.
      2.3. Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкін болмаған кезде, немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкін болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидиялар ұсынуы мүмкін. Мұндай келісім болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебінен Қоғамдастықтардың тиісті ережелері мен рәсімдеріне залал келтірмей қайта қаржыландырылуы мүмкін.

II ТАРАУ - ІСКЕ АСЫРУ

      3-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      3.1. Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшін және оның атынан әрекет ететін Еуропалық Комиссия іске асырады.
      3.2. Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетінде Еуропалық Комиссияны білдіреді.

       4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ

      4.1. Қаржылық келісімде қаржылық келісімнің күшіне енген күнінен басталатын және "Арнайы шарттардың" 4-бабында көрсетілген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзімі көрсетілуі тиіс.
      4.2. Аталған орындалу мерзімі екі кезеңнен тұрады:
      - барлық негізгі іс-шаралар жүргізілетін шеңберде практикалық іске асыру кезеңі. Аталған кезең қаржылық келісім күшіне енген күнінен басталады және орындалу мерзімінің соңына дейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады;
      - оның ішінде ағымында түпкілікті аудит және бағалық талдау жүргізілетін, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келісім бойынша барлық келісім-шарттар жабылатын қорытынды кезең.
      4.3. Негізгі іс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық іске асыру кезең ішінде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкін. Түпкілікті аудит және бағалық талдау жүргізу жөніндегі шығыстар қорытынды кезеңнің аяғына дейін заңды болып табылады.
      4.4. Қоғамдастық қосқан үлестен кейін қалған кез келген теңгерім орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін алты айдан соң автоматты түрде күшін жояды.
      4.5. Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда практикалық іске асыру кезеңінен кейін қорытынды кезеңін және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту жөнінде сұрау салынуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнің соңына дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзім ішінде оны Комиссия мақұлдауы тиіс.

ІІІ ТАРАУ - КЕЛІСІМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ

      5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Қаржылық келісімді іске асыратын барлық келісім-шарттар тиісті рәсімдердің басынан бастап әрекет ететін сыртқы іс-шараларды іске асыру үшін Комиссия айқындаған және жариялаған рәсімдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиіс.

      6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ІСКЕ АСЫРАТЫН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗІМІ

      6.1. Қаржылық келісімді іске асыратын келісім-шарттарға Комиссия бюджеттік міндеттемені қабылдағаннан кейін үш жыл ішінде, атап айтқанда "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетілген күнге дейін екі тарап қол қоюға тиіс. Аталған түпкілікті мерзім ұзартылмайды.
      6.2. Жоғарыда көрсетілген ереже кейіннен қол қойылуы мүмкін аудит және бағалау іс-шараларын жүргізу жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.
      6.3. "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетілген мерзімде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келісім-шарт күшін жояды.
      6.4. Келісім-шарт, оған қол қойғаннан кейін үш жыл ішінде төлем жүргізілмесе қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

      7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ

      7.1. Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткізулерге арналған келісім-шарттарды беру жөніндегі тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше елдердің барлық заңды тұлғалары үшін, және үшінші бенефициар елдердің барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актілерде нақты көрсетілген кез келген басқа үшінші ел үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше ережелеріне сәйкес тең шарттарда ашық болуы тиіс.
      7.2. Өтінім беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше елдердің барлық заңды тұлғалары үшін, және бенефициар үшінші елдердің барлық жеке және заңды тұлғалары аталған актілерде нақты көрсетілген немесе басқа үшінші ел үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше ережелеріне сәйкес тең шарттарда ашық болуы тиіс.
      7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің ерекше шарттары негізінде 1 және 2-параграфтарда көрсетілгеннен басқа үшінші елдердің өкілдеріне келісім-шарттарды беру тендерлеріне қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдануы мүмкін.
      7.4. Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткізулер мен қызметтерге арналған келісім-шарттарды орындау үшін қажетті тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын іс-шараларды орындау үшін гранттарды бенефициарлар ұйымдастырған сатып алу рәсімдер алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндірілуі тиіс.
      7.5. Аталған ұлттық тиесілік ережесі сондай-ақ Қоғамдастықтар қаржыландыратын тендерлік рәсімдерге немесе қызметтерге арналған келісім-шарттарға қатысушы, қызметтерді жеткізушілер ұсынған сарапшыларға қолданылады.

IҮ ТАРАУ - КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ

       8-БАП - ЖҮРІП-ТҰРУ ҚҰҚЫҚ

      8.1. Келісім-шарт сипатының негіздемесі кезінде жұмыстарға, жеткізулерге және қызметтерге арналған келісім-шарттарды беруге арналған тендерлік рәсімдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиіс. Аталған құқық келісім-шартты бергеннен кейін бір ай бойы жарамды болуы тиіс.
      8.2. Келісім-шартты орындау үшін қызметтері қажетті мердігерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жобаны/бағдарламаны іске асыру ішінде осындай құқықтары болуы тиіс.

       9-БАП - САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ЕРЕЖЕЛЕР

      9.1. "Арнайы шарттарда" арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегі салық, кедендік немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан, немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиіс.
      9.2. Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келісім-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететін мемлекеттік немесе халықаралық донорлық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңілдікті салық және кедендік рәсімдерді қолдануы тиіс.
      9.3. Егер Негізгі келісімде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлі ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиіс.

       10-БАП - ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАНЫ АЙЫРБАСТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

      10.1. Бенефициар ел жобаны іске асыру үшін қажетті шетелдік валютаны әкелуді немесе сатып алуды қамтамасыз етуге міндеттене алады. Ол, сондай-ақ аталған "Жалпы шарттардың" 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердігерлерге қатысты кемсітусіз шетелдік валютаны ресми айырбастау ережесін қолдануға міндеттенеді.
      10.2. Егер Негізгі келісімде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлі ережелер қамтылса, оларда қолданылуы тиіс.

       11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

      Егер қаржылық келісім зерттеулер жүргізуді қамтыса, қаржылық келісімді іске асыру үшін қол қойылған аталған зерттеулерді жүргізу жөніндегі жасалған келісім-шарттар зерттеуге арналған меншік құқығын және алынған деректерді пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшінші тарапқа берудегі Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиіс.

       12-БАП - КЕЛІСІМ-ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ

      12.1. Дұрыс жасалмаған төлемдерден қалпына келтірілген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепілдіктерден аталған қаржы келісімі бойынша қаржыландырылатын келісім-шарттар негізінде ұсынылған немесе орындау кепілдіктерін алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берілуі тиіс.
      12.2. Келісім-шартты бекітетін сатып алу келісім-шартының контексінде тендер қатысушыларына тарап салған қаржы айыппұлдары алынып тасталуы мүмкін тендерлік кепілдіктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтірілген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне жүргізілуі тиіс.

Ү-ТАРАУ - НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       13-БАП - КӨЗҚАРАС

      13.1. Қоғамдастық қаржыландыратын әрбір жоба/бағдарлама тиісті коммуникациялық және ақпараттық іс-шараларды басшылыққа алуы тиіс. Осы іс-шаралар Комиссияның келісімі болған кезде айқындалуы қажет.
      13.2. Осы коммуникациялық және ақпараттық іс-шаралар бұл іс-шараларды іске асыру кезінде әрекет ететін сыртқы іс-шаралардың көрінісін қамтамасыз ету үшін Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткізілуі тиіс.

       14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ

      14.1. Бенефициар бұзушылықты және алаяқтықты болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау және, Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалған қаражатты қайтару үшін шағым беру тиіс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиіс.
      14.2. "Бұзушылық" дегеніміз Еуропа Қоғамдастығының жалпы бюджетіне немесе Қоғамдастық басқаратын қаражатқа Еуропа Қоғамдастықтығының атынан жинақталған меншік қаражаты, немесе ақталмаған шығыстар есебінен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрінде зиян келтіріп отырған немесе келтіретін экономикалық субъектінің әрекетінде немесе әрекетсіздігінде көрінетін қаржы келісімдер, келісім-шарттар немесе Қоғамдастық заңдарының ережелерінен кез келген ауытқуды білдіреді.

      "Алаяқтық" дегеніміз:
      - Еуропалық қоғамдастықтың жалпы бюджетінің немесе Қоғамдастық немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуі мүмкін жалған, қисық немесе толық емес құжаттаманы немесе мәліметтерді пайдалануға немесе ұсынуға;
      - ерекшелік міндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтіретін ақпаратты жасыруға;
      - олардың бастапқы арналғандығынан басқа мақсатта осындай қаражатты заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейі әрекет немесе әрекетсіздікті білдіреді.
      Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтіндей күдік тудыратын кез келген жағдай туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиіс.
      14.3. Бенефициар келісім-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды іске асырудағы рәсімнің кез келген сатысында белсенді немесе пассивті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін жою үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндеттенеді. "Пассивті сыбайлас жемқорлық" дегеніміз ресми тұлғаның тікелей немесе делдал арқылы өзі үшін немесе үшінші жақ үшін кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған, немесе ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтың қаржылық мүддесін кемсітуге ықпалы бар немесе ықпал ететін ресми міндеттерін бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берілетініне уәде алған әдейі әрекетін білдіреді. "Белсенді сыбайлас жемқорлық" дегеніміз кімде-кімнің ресми тұлғаға, жеке ол үшін немесе үшінші жақ үшін, ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтың қаржылық мүддесін кемсітуге ықпалы бар немесе ықпал ететін ресми міндеттерін бұзудағы өз қызмет бабын пайдалану үшін тікелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрін беруге уәделенуде немесе ұсынуда әдейі әрекетін білдіреді.

       15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ ОФИС (ЖҚКЖЕО) ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЕСЕП ПАЛАТАСЫ ТАРАПЫНАН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

      15.1. Бенефициар Комиссия, ЖҚКЖЕО және Еуропалық Қоғамдастықтың Есеп Палатасы қаржылық келісім бойынша (келісім-шарттар мен гранттарды беру жөніндегі рәсімін қоса алғанда) бөлінген Қоғамдастықтың қаражатын пайдалану жөніндегі сол жерде құжаттамалық тексерістер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлік құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негізінде келісімнің бар мерзімі және соңғы төлемнің күнінен кейін жеті жыл ішінде толық аудит жүргізу мүмкіндігімен келіседі.
      15.2. Бенефициар, сондай-ақ ЖҚКЖЕО-ның жергілікті жерлерде Қоғамдастықтың заңнамасында баяндалған рәсімдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылыққа қатысты Еуропалық Қоғамдастықтың қаржылық мүддесін қорғау үшін тексерістер мен бақылау жүргізе алатындығымен келіседі.
      15.3. Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, ЖҚКЖЕО-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкілдеріне және олардың уәкілетті агенттеріне компьютерлік жүйелерді, сондай-ақ осы іс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендірілген деректерді қоса алғанда, қаржылық келісім бойынша қаржыландырылған іс-шаралар өткізілген орындар мен үй-жайларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге, және осы жұмыстарды жеделдету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді. Еуропалық Комиссияның, ЖҚКЖЕО пен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкілетті агенттері үшін қол жеткізу үшінші тарапқа қатысты қатаң құпиялылық шартты сақтай отырып, мемлекеттік құқықтық міндеттемелерге зиянсыз берілу қажет. Құжаттар қол жетімді және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететін тәртіпте тігілуі қажет, және Бенефициар Комиссияға, ЖҚКЖЕО пен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жері туралы хабарлауы тиіс.
      15.4. Жоғарыда баяндалған тексерістер мен аудит Қоғамдастықтар қаржыландыратын мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да қолданылуы тиіс.
      15.5. Бенефициар жергілікті жерлерде тексерістер жүргізу үшін тағайындалған Комиссия, ЖҚКЖЕО пен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерінің келетіні туралы хабардар етілуі тиіс.

       16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР АРАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

      16.1. Бенефициар мен Комиссия қаржылық келісімді іске асыру немесе оны түсіндіру туралы даулы мәселелер туындағанға дейін бірі-біріне консультация беру қажет.
      16.2. Бұл консультациялар қаржылық келісімнің өзгеруіне, тоқтата тұрылуына немесе тоқтатылуына алып келу мүмкін.

       17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМГЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ

      17.1. "Арнайы шарттарға" және қаржылық келісімнің ІІ Қосымшасына енгізілетін кез келген түзетулер жазбаша түрде енгізілуге тиісті және қосымшада баяндалуға тиіс.
      17.2. Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, ол Комиссияға Бенефициар уақтылы негіздемелер болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудің болжам бойынша күшіне енуіне дейін кем дегенде үш ай бұрын сұрау салу тиіс.
      17.3. Іске асырудың практикалық кезеңі мен қорытынды кезеңін ұзартудың ерекше жағдайлары "Жалпы шарттар" деректерінің 4(5) және (6)-баптарында баяндалған.

       18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА ТҰРУ

      18.1. Қаржылық келісім мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:
      (а) егер Бенефициар осы келісім бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Комиссия қаржылық келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін.
      (б) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарына қатысты міндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайда, Комиссия қаржылық келісімнің қолданысын тоқтата тұруы мүмкін.
      (в) Қаржылық келісімнің қолданысы форс мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкін. "Форс мажор" дегеніміз тараптардың біреуіне өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердігерлердің, агенттер мен жұмыскерлердің) қателігіне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны білдіреді, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерілмейтін болып табылады. Жабдықтар мен материалдардың ақаулары немесе оларды орнатуын кешіктіру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуілдер немесе қаржылық қиындықтар форс мажор ретінде пайдаланыла алмайды. Тарапқа міндеттемелерін орындауға форс мажорлық жағдай кедергі болған кезде, оларды бұзғаны жөнінде талаптар қойылмайды. Форс мажорға тап болған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигізетін әсерін сипаттай отырып, екінші тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшін барлық шараларды қабылдауы қажет.
      18.2. Тоқтата тұру шешімі туралы алдын ала хабарлама берілмейді.
      18.3. Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісім-шарттарға оның салдарын белгілеу қажет.

      19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ТОҚТАТУ

      19.1. Егер қаржылық келісімнің қолданысын тоқтатыла тұруына әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай ішінде шешілмесе, қаржылық келісімнің қолданысын тоқтату туралы екінші тарапқа екі ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкін.
      19.2. Егер қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде қандай да бір төлемдер жасалмаса немесе "Арнайы шарттардың" 5-бабында көрсетілген күнге оны іске асыру жөнінде келісім-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келісімнің қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
      19.3. Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келісім-шарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісім-шарттарға оның салдарын белгілеу қажет.

       20-БАП - ПІКІРСАЙЫСТАРДЫ ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР

      20.1. "Жалпы шарттар" деректерінің 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай ішінде шешілуі мүмкін емес қаржылық келісімге қатысты кез-келген пікірсайыс бір тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкін.
      20.2. Бұл жағдайда, әрбір тарап арбитражды жүргізуге деген сұраудан кейін 30 күннің ішінде арбитрді тағайындауы қажет. Қажет болған жағдайда, тараптардың біреуі екінші арбитрді тағайындау жөніндегі өтінішімен Тұрақты арбитраж сотының (Гаагада) Бас хатшысына өтініш жасауы мүмкін. Өз кезегінде, екі арбитр 30 күннің ішінде үшінші арбитрді тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың біреуі Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшінші арбитр тағайындау жөнінде өтініш беруі мүмкін.
      20.3. Егер арбитрлар басқа шешім қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының "Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргізудің факультативтік ережелері" бойынша рәсімдер пайдаланылады.
      20.4. Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешімдерін орындау үшін қажетті шаралар қабылдауға міндетті.

II ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЕРЕЖЕЛЕР

       1. Құны және қаржыландыру

      Бағдарлама Қоғамдастықтың гранты бойынша 14,0 миллион евро мөлшерінде қаржыландырылады, олар қызметтің әртүрлі салалары бойынша мынадай түрде бөлінген:

1-бағыт: өңірлік ынтымақтастық               Бюджет (млн.евро)

1 Орталық Азияда шекаралық бақылау (ВОМСА)
2 Ортаазиялық экологиялық орталықты қолдау (САRЕС)
3 Қоғамдық қатысу мен азаматтық қоғамды нығайту - Орху конвенциясын
  іске асыруда жәрдем көрсету
4 Үйлестірілген ұлттық көлік саясаттар әзірлеу
5 Сары-Тас-Термез жолын алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу
6 Үйлестірілген ұлттық энергетикалық саясаттар әзірлеу
7 Орталық Азияда газбен жабдықтауды және мемлекетаралық
  тасымалдауды дамыту үшін жедел сараптық ден қою тетігі

      ЖАЛПЫ ЖИЫНЫ                                     14,0

       2. Бағдарламаның орындалуы

      Іс-әрекеттер бағдарламасы мынадай элементтерге сәйкес іске асырылады:

       2.1. Қаржылық келісімге қол қоюдың уақытша шеңберлері

      Қаржылық келісім ең кеш дегенде тиісті ауқымды қаржылық міндеттемелер қабылдаған жылдан кейінгі жылғы 31 желтоқсанда жасалуы тиіс. Егер мұны жасау мүмкін болмаса, онда осы үшін бөлінген қорлар тоқтатылады.

       2.2. Орындалу кезеңі

      (а) Қаржылық келісімді іске асыру кезеңі қаржылық келісімнің
          күшіне енуімен басталады және 31.12.2011 аяқталады.
      (b) Аталған орындалу кезеңі жеке екі кезеңге бөлінеді:

      (і) Қызметтің негізгі салаларын операциялық іске асыру. Бұл кезең қаржылық келісімнің күшіне енуімен басталады және 31.12.2009 аяқталады.
      (іі) Қаржылық келісімді іске асыруға арналған келісім-шарттардың техникалық және қаржылық аяқталуымен қатар финалдық аудит пен бағалау жүргізілетін қорытынды кезең. Бұл кезең операциялық іске асыру кезеңі аяқталған күннен басталады және орындалу кезеңінің соңында аяқталады.
      (с) Негізгі қызметке байланысты шығыстар операциялық іске асыру кезеңінде жұмсалса ғана оларды Қоғамдастық қаржыландырады. Финалдық аудитке, бағалауға, және қызметтің аяқталуына байланысты шығыстар аяқталу кезеңінің соңына дейін қаржыландырылады.
      (d) Қоғамдастық қосқан үлес қаражатының кез келген қалдығы орындалу кезеңі аяқталғаннан кейін алты айдан кейін автоматты түрде күшін жояды.

      2.3. Келісім-шарттар жасау және субсидиялар беру рәсімдері

      Қаржылық келісімдерді іске асыруға арналған келісім-шарттар рәсімдердің басындағы кезеңде жарамды сыртқы операцияларды іске асыру жөніндегі Комиссияның стандартты рәсімдер мен құжаттарды пайдалана отырып, жасалуы тиіс.
      Жобаларды іске асыру орталықтандырылған түрде жүреді, сондықтан Еуропалық комиссия Жалдаушы орган болып табылады.

       2.4. Келісімді іске асыруға арналған келісім-шарттар

      (а) Қаржылық келісімді іске асыруға бағытталған келісім-шарттарға тараптар Комиссия қаржылық міндеттемені қабылдаған сәттен бастап үш жылдың ішінде қол қоюы тиіс. Бұл соңғы мерзім ұзартылмайды. Аталған күнге келісім-шарт жасалмаған кез келген қорлар тоқтатылады.
      (b) Кез келген келісім-шарт оған қол қойылғаннан кейін үш жылдың ішінде қандай да бір төлем жүргізілмесе автоматты түрде тоқтатылады, ал оның қорлары өз күшін жояды.

       2.5. Мониторинг, бағалау және аудиттер

      Іске асыру кезінде тиісті жоспарлау мен тұрақты мониторинг тұрақты есептер нысанында жүргізіледі. (Жобаны/Бағдарламаны) іске асыру кезінде және соңында бағалау, сондай-ақ (жобаның/бағдарламаның) аудиті жүргізіледі. 2.4(а)-тармақ кейіннен жасалуы мүмкін аудит пен бағалауға арналған келісім-шарттарды қозғамайды.

      3. Мемлекеттік міндеттемелер - Шарттар

      Жәрдем көрсету мерзімі ішінде ынтымақтастықтың жалғасуына алып келетін міндетті элементтер болған кезде көмек жүзеге асырылады, атап айтқанда бұл демократия мен адам құқықтары қағидаттарының, сондай-ақ Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген міндеттемелердің сақталуына қатысты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады