Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1191 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар 2005 жылға арналған Қазақстандық өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қатысты қазақстандық қамту бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық міндеттемелерін орындауы мониторингін жүзеге асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады