"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 1237 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  "Электр энергетикасы туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) кіріспеде "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері - өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілері;";
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) ұлттық электр желісі - жекешелендіру мен оның алдын ала сатыларына жатпайтын шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуі 220 кВ және одан жоғары мемлекетаралық және (немесе) өңіраралық электр беру желілерінің және электр станцияларының электр энергиясын беруін жүзеге асыратын электр беру желілерінің жиынтығы;";
      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-1) электр желілерінің күзет аймағы - электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты шарттарын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілерінің күзет аймағында болған ел арасында жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;
      13-2) жылу желілерінің күзет аймағы - жылу желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты шарттарын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілерінің күзет аймағында болған ел арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі;";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) электр энергиясын беру - электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруші ұйымдар көрсететін қызмет;";
      16) тармақшада "пайдаланатын" деген сөз "тұтынатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      34) тармақшада "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:
      5) тармақшада "пайдалану" деген сөз "тұтыну" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) жүйе операторын және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторын белгілейді;";

      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау

      1. Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:
      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын;
      2) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдықтарының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жағдайын;
      3) электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау тексерістер жолымен жүзеге асырылады.
      4. Электр энергиясы объектілерін тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.
      5. Тексеріс негіздемесі электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекіткен жұмыс жоспары болып табылады. Жұмыс жоспары тексеріс жүргізу және оларды жүргізудің кезеңі болжанып отырған объектілердің тізбесін қамтуы тиіс.
      6. Жоспарлы тексеріс оның алдындағы тексерістерге қатысты заңмен белгіленген уақытша аралықтарды ескере отырып өткізілетін, күні бұрын жоспарланған іс-шара болып табылады (жұмыс жоспары).
      7. Жоспардан тыс тексеріс мынадай жағдайларда:
      1) бұрынғы кезеңмен салыстыру бойынша энергия объектілерінде авариялық технологиялық бұзушылықтардың саны өскен кезде;
      2) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органына түскен заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша жүргізіледі.
      8. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін энергия объектісінің басшысына орындау мерзімдері мен оған жауапты тұлғалар көрсетіліп, белгіленген үлгідегі нұсқама беріледі немесе акт жасалады, соның негізінде объектінің басшылығы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органына ұсынылатын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды.
      9. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау:
      1) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуы;
      2) өз құзыретінің шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережесінің сақталуы;
      3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемді пайдаланылуы және өндіру, беру, және тұтыну режимдерінің оңтайландырылуы;
      4) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындығы үшін жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органы:
      1) объектілердің және жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі электр энергетикалық кәсіпорындарының комиссияларына қатысады;
      2) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысында Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергия жүйесін бірнеше бөлікке бөлінуге, тұтынушыларды электр және жылу энергияларын жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына соқтырған ірі технологиялық бұзылыстарды тексерудің есебін жүргізеді.
      11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
      1) электр және энергия қондырғыларын қарауға қол жеткізуге;
      2) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жағдайын мерзімді тексеруді жүзеге асыруға;
      3) электр- және энергия қондырғыларын пайдаланудың техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелерін білуіне, біліктілік тексерістерін ұйымдастыруға;
      4) энергетикалық объектілерде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және ұтымды өндіру, беру, бөлу және пайдалану бойынша энергетикалық сараптамалар жүргізуді, энергия үнемдеуші саясаттың орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуді ұйымдастыруға;
      5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;
      6) қадағалауға жататын энергетикалық жабдықты зерттеу, энергетикалық ұйымдарға кешенді тексеру жүргізу кезінде және электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде тиісті сарапшыларды тартуға;
      7) энергия үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерді, құқықтық және экономикалық тетіктерін дайындауды ұйымдастыруға;
      8) аварияларға, жазатайым оқиғаларға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын өрескел бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйым иелеріне ұсыныстар енгізуге немесе тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңына сәйкес электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жіберуге құқылы.";

      6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Электр станцияларды, электр беру желілерін және
              шағын станцияларды жобалау және салу

      1. Қосарлас (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу уәкілетті органға, табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға және жүйелік операторға алдын ала хабарлай отырып және олармен келісе отырып жүзеге асырылады.
      2. Электр станцияларды, электр беру желілерін және шағын станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану концессиялық келісімдер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, шағын станциялар және тарату құрылғылары олардың қолданылу кезеңінде концессионердің меншігі болып табылады және ұлттық электр желісі құрамына концессиялық келісімнің қолдану мерзімінің аяқталуы бойынша беріледі.
      4. Орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, шағын станцияларын және тарату құрылғыларын пайдалануды Жүйе операторы шарттар негізінде жүзеге асырады.";

      7) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын кепілдік беріп жеткізушілер және электр энергиясын кейін сату мақсатымен сатып алуды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар электр энергиясын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясының орталықтандырылған саудасынан сатып алуы немесе сатуы тиіс.";

      8) 16-бапта 3-тармақ алынып тасталсын;

      9) 17-бапта 1-тармақ "өндіру-тұтынуды теңгерімдеу" деген сөздерден кейін "электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жұмыс істеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 19-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасында "пайдаланған" деген сөз "тұтынылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қосымша қуаттарды қосқан кезде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың электр энергетикасы қондырғылары объектілерін кеңейту және қайта жаңартумен байланысты шығындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеуге міндетті.";

      11) 22-баптың 2-тармағы "жылу желілерін күзету" деген сөздерден кейін "сондай-ақ электр және жылу желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 24-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-бабының 6-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
      2-тармақтағы "2005" цифрлары "2007" цифрларымен ауыстырылсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады