"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мойнақ су электр станциясын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Мойнақ СЭС" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
корпорациялық табыс салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
мүлік салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл;
жер салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.27. N 208 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі