Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иесі - "Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Юбилейное" ЖШС) Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге (бұдан әрі - су қоймасы) республикалық меншікке қайтарымсыз беру туралы ұсынысымен келісілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) "Юбилейное" ЖШС-мен су қоймасын республикалық меншікке беру туралы шарт жасассын;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен су қоймасын республикалық меншікке қабылдау жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
3) су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қарағандысушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілсін.
3. "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 638-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
"Мынадай су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа да гидротехникалық құрылыстар)" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы 62) тармақшамен толықтырылсын:
"62) Нұра өзеніндегі Самарқанд су қоймасы.".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі