Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1267 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.01.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 192-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
      64.20 кодының "Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің атауы" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Электр байланысы, оның ішінде:
      ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын пайдалану;
      ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерін және байланыс мониторингі жүйесін пайдалану;
      ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну;
      Жерді қашықтықтан зондпен тексеру жөнінде қызметтер ұсыну;
      ұтқыр байланыс және навигация жөніндегі төменгі орбиталық ғарыш аппараттарының қызметтерін ұсыну;
      кәбілдік, радиотрансляциялық, релелік немесе спутниктік байланыс, телефон, телеграф байланысы мен телекс, электр байланысы желілеріне техникалық қызмет көрсету, радио және теледидар бағдарламаларын беру (трансляциялау) жүйелері арқылы дыбысты, бейнелерді, деректерді немесе басқа ақпараттарды беруді қоспағанда";
      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғарғы көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзімдерінде:
      "Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру" деген бөлімде:
      "Шыны және шыныдан жасалатын бұйымдар шығару" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"

1,5-ті қоса алғанға дейін

1-5

3

3

3

1,5-тен 3-ті қоса алғанға дейін

1-5

4

4

4

3-тен 15-ті қоса алғанға дейін

1-5

5

5

5

Инвестициялардың ең жоғары көлемі 15

15-тен 16-ны қоса алғанға дейін

1-6

6

5

5

16-дан 17-ні қоса алғанға дейін

1-7

7

5

5

17-ден 18-ді қоса алғанға дейін

1-8

8

5

5

18-ден 19-ды қоса алғанға дейін

1-9

9

5

5

19-дан жоғары

1-10

10

5

5

                                                                 ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады