"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1274 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілеріне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , (Жалпы бөлiм), (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56-құжат; 57, 66; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат):
      1) 108-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Өзара сақтандыруды жүзеге асыратын тұтыну кооперативтері қызметiнің ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегi Азаматтық   кодексiне (Ерекше бөлiм), (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      1) 803-баптың 2-тармағындағы "не өзара сақтандыру қоғамына мүшелiк негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 814-баптың екiншi бөлiгiнде "лицензиясы бар" деген сөздерден кейiн "не өзара сақтандыру жөнiндегi сақтандыру қызметiн Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 845-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгiнде "ерекшелiктерi" деген сөздiң алдынан ", өзара сақтандыруды жүзеге асырудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды сақтандыру шарттары негiзiнде жүзеге асырады.".

      3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат;  N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56-құжат; 64, 68; N 14, 109-құжат; N 15, 122-құжат, 139; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат, 140; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат):
      1) 173-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 4-1-бөлiктермен толықтырылсын:
      "1-1. Өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органға шынайы емес есептi уақтылы бермеген, бермеген не уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес сұратқан өзге де ақпаратты бермеген жағдайда -
      жиырмадан елу айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады.";
      "4-1. Өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өзара сақтандыру туралы заңнаманы бұза отырып мәмiлелер мен операцияларды жүзеге асыруы -
      жиырмадан екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады.".

      4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73-құжат, 75; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
      117-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өзара сақтандыру бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi мөлшерiнде төлейдi.".

      5. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңы  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат, 727; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат, 54; N 13-14, 173-құжат, 176; 26, 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжат; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжат; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):
      7-баптың 2-тармағында "Қазақстан Даму Банкiнің" деген сөздерден кейiн ", өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):
      6-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда өзара сақтандыру жөнiндегi қызмет негiзi болып табылатын заңды тұлғаның тiркелуi үшiн қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның қосымша келiсiмi талап етiледi.".

      7. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар):
      1) 3-баптың он бесiншi абзацында "тиiстi лицензиясы негiзiнде" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-баптың 2-тармағында "уәкiлеттi мемлекеттік органның тиiстi лицензиясы бар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 9-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Өзара сақтандыру нысанындағы сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру тәуекелдерiн қабылдауға құқығы жоқ.";
      4) 10-баптың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      5) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      Өзара сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы тұтыну кооперативi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметiн "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.
      Өзара сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесi уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде, осы Заңмен және "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
      Өзара сақтандыру жөнiндегi қызметтi уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының ресми мәртебесi "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.";
      6) 45-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Осы баптың 1-5-тармақтарының талаптары өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.
      7. Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, есептеу әдiстемесi мен сақтандыру резервтерiнiң құрылымына және қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.".

      8. "Тұтыну кооперативi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 10, 138-құжат):
      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Өзара сақтандыруды жүзеге асыратын тұтыну кооперативтерi қызметiнің ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.".

      9. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):
      1-баптың 6-тармақшасы ", сондай-ақ лицензиялауға жатпайтын өзара сақтандыру қоғамдарының қызметi." деген сөздермен толықтырылсын.
       2-бап . Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетiн 1-баптың 4-тармағындағы ережелерiнен басқа, ол ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады