Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1287 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі)  250-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25-3, 25-4, 137-1, 139-2, 139-3-жолдармен толықтырылсын:

"25-3  Қуаты 10 000 кВт-тан астам гидравликалық 8410 13 000 0
       турбиналар мен су доңғалақтары
25-4   Реттеушілерді қоса алғанда, бөліктер     8410 90 ";
"137-1 Қуаты 650 кВА-дан аспайтын сұйық
       диэлектригі бар трансформаторлар         8504 21 000 0";
"139-2 Кернеуді өлшеуге арналған өзге
       трансформаторлар                         8504 31 310 0
139-3  Өзге де трансформаторлар                 8504 31 900 9";

      реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"138   Қуаты 650 кВА-дан астам, бірақ 1600      8504 22 100 0";
       кВА-дан аспайтын сұйық диэлектригі бар
       трансформаторлар

      реттік нөмірі 159-жолдың 3-бағанындағы "(8535 29 000 0-ден басқа)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады