Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 1293 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2005 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 281  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім және реттік нөмірі 31-жол алынып тасталсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "670000" деген сандар "660000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады