2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1299 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің барлық алушыларына, оның ішінде қызмет өткерген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне алатын зейнетақы төлемдері мөлшерінің сегіз пайызына арттыру жүргізілсін.

      2. Қызмет өткерген жылдары үшін әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлерінің арттырылған айлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жетпіс бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс деп белгіленсін.

      3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады