Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың босатылу бағасын өтеу коэффициентін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1300 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілерге азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емделу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың босатылу бағасын өтеу коэффициенті:
      1) жеңілдікті шарттармен берілетін дәрілік заттарға - 0,5;
      2) тегін берілетін дәрілік заттарға - 1,0 мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады