"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1302 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша Қазақстан
Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж.,
N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 3, 53-құжат):
      1) 54-баптың 1-бөлiгi мынадай мазмұндағы р) тармағымен толықтырылсын:
      "р) қылмыс жасаған адам қылмыстық iзге түсу органдары мен соттан жасырынған және оған қатысты iздестіру жарияланған жағдайлар";
      2) 59-баптың екiншi бөлігiнде:
      "жартысынан" деген сөз "үштен екiсiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "үштен екiсiнен" деген сөздер "төрттен үшiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 63-бап мынадай мазмұндағы 8-бөлікпен толықтырылсын:
      "8. Іс-әрекеттерiнде қауiптi немесе аса қауіпті қылмыстардың қайталануы болған адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.";
      4) 69-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      в) тармағындағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) тармағындағы "он бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 70-баптың сегізiншi бөлiгi "ауыстырылған адамға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қауiптi және аса қауiпті қылмыстар қайталанғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 75-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      в) тармағы "қылмысы" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ қылмыс қайталанған кезде орташа ауырлықтағы қылмысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      г) тармағындағы "қылмысы" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ қылмыс қайталанған кезде ауыр қылмысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын:
      "д) қауiптi және аса қауiптi қылмыс қайталанған кезде ауыр немесе аса қауiптi қылмыс үшiн сотталғанда - жиырма жыл";
      7) 76-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қауiпті және аса қауiптi қылмыстар қайталанған кезде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға қатысты рақымшылық қолданылмайды.";
      8) 77-баптың бесiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл норма қауiпті және аса қауiптi қылмыстар қайталанған кезде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты таратылмайды.";
      9) 206-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нақ сол әрекеттер:
      а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
      б) бiрнеше рет;
      в) iрi мөлшерде;
      г) жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшiн бұрын сотталған адам жасаса;
      мүлкi тәркіленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      10) мынадай мазмұндағы 227-1-баппен толықтырылсын:
      " 227-1-бап Абоненттiк құрылымды, абоненттi сәйкестендiру картасын заңсыз өзгерту, қайта бағдарлама жасау, ұялы телефонға арналған бағдарламалар жасау, пайдалану, тарату.
      1. Ұялы телефон шығарушының немесе заңды иесiнiң келiсiмiнсiз ұялы байланыстың абоненттiк құрылымын, сәйкестендiргішін немесе абоненттi сәйкестендiру картасын заңсыз пайдакүнемдiк және өзге жеке мүддесi үшін өзгерту және қайта бағдарлама жасау, -
      - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылымын, сәйкестендiргiшiн және абонент сәйкестендiру картасын өзгертуге немесе қайта бағдарлама жасауға мүмкiндiк беретiн ұялы байланыс телефондарына арналған бағдарламаларды пайда үстемдiк мақсатта немесе өзге жеке мүддесi үшін жасау, -
      - бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Дәл сол әрекеттердi:
      а) адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ;
      б) бiрнеше рет;
      в) компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiргенi үшiн, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасағаны, пайдаланғаны және таратқаны үшiн немесе абоненттік құрылымды, абонентті сәйкестендiру картасын заңсыз өзгерту, қайта бағдарлама жасау, ұялы телефондарға арналған бағдарламалар жасағаны қолданғаны, таратқаны үшін сотталған адам жасаса, -
      мүлкi тәркіленіп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
      11) мынадай мазмұндағы 245-1-баппен толықтырылсын:
      "245-1-бап. Сапасыз құрылыс
      1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушілердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың талаптарына және жобаларға сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын немесе тұрғын үйлердi пайдалануға тапсыруы, сондай-ақ оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
      бес жүзден бiр мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер, -
      алты жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз мүлкi тәркіленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық iс жүргiзу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж. N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
      1) 7-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      9) тармақтағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақтағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақтағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақтағы "және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту" деген сөздер "алдын ала тергеудiң алдындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақтағы "немесе анықтаудың" деген сөздер алынып тасталсын;
      28) тармақтағы "анықтау және" деген сөздер алынып тасталсын, "(алдын ала тергеу)," деген сөздерден кейiн "iстi тергеу бөлiмшесiне бергенге дейiн анықтау органының шұғыл тергеу әрекеттерiн жүргiзуi," деген сөздермен толықтырылсын;
      33) тармақтағы "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "және анықтаушы" деген сөздер "және анықтауды жүргiзетін адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 14-баптың екiншi бөлігіндегі үшінші сөйлем "соттың шешiмiмен" деген сөздерден кейiн "немесе прокурордың санкциясымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 24-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 25-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "өз құзыретi шегiнде анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 38-баптың бесiншi бөлiгiндегi "немесе анықтау органы" деген сөздер алынып тасталсын;
      7) 50-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегі "анықтаушының," деген сөз алынып тасталсын;
      үшінші бөлiгiндегi "анықтаушының," деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе. Қылмыстық iс бойынша одан әрi өндiрiске кедергі жасайтын еңсерілмейтiн күштердiң әрекеттерi деп табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды, әскери iс-әрекеттердi түсiну керек.";
      8) 56-баптың екiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 64-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi" деген сөздер "қаржы полициясы органдарының тергеушiсi, кеден органдардың тергеушiсi, әдiлет органдарының тергеушiсi, әскери полиция органдарының тергеушiсi және өртке қарсы қызметтің тергеушiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 65-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегі 3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiндегi 10) тармағындағы "мемлекеттiк," деген сөз алынып тасталсын;
      11) 66-бапта:
      бiрінші бөлiгiндегi "285-бабында көзделген" деген сөздер "200-бабының тәртiбiмен қозғалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiгiнде:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Анықтау органы қозғаған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтауды жүргiзетін адамдардың iс-әрекеттерiнiң уақтылылығын және заңдылығын бақылайды және:";
      2) тармақта:
      ", айыпталушы ретiнде тарту қылмысты саралау және айыптаудың көлемi туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "бiр анықтаушыдан" деген сөздер "анықтауды жүргiзетiн бiр адамнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақтағы "бiрнеше анықтаушыға" деген сөздер "анықтауды жүргiзетiн бiрнеше адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Анықтау органының бастығы қылмыстық iс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту, тiнту жүргiзу және мүлiкке тыйым салу туралы, сезiктiге қатысты қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, қамауға алынбаған сезiктiнi стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық мекемеге жiберу, айыпталушыны этаппен жөнелту туралы қаулыларды бекiтедi; қылмыстың жасалуына сезiкті адамдарды ұстау туралы хаттаманы бекiтедi; қылмыстың жасалуына ықпал еткен жағдаяттарды жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді";
      алтыншы бөлiгiнде:
      "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Анықтаушының" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 67-бапта:
      баптың атауындағы "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiнде:
      "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзудi жүзеге асыруға" деген сөздер "шұғыл тергеу әрекеттерiн жүргiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шегiнде" деген сөзден кейiн "қылмыстық iсті тергеу бөлiмшесiне бергенге дейiн ол бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын, "сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң" деген сөздер "анықтаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші бөлiгi алынып тасталсын;
      төртiншi бөлiгiнде:
      "Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзушi мiндетті қылмыстық iстер бойынша" деген сөздер "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шараларын" деген сөзден кейiн "осы Кодекстiң 200-бабының тәртiбiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi бөлiгiндегi "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiгiнде:
      "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемi, айыпталушыны сотқа беру үшiн iсті прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық iсті қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      13) 68-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi ", анықтаушы" деген сөз "немесе анықтауды жүргiзетін адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiгіндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 69-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi ", сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекiткен адам" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгiнде:
      "немесе анықтаушының" деген сөздер алынып тасталсын;
      15) 72-баптың алтыншы бөлiгi "анықтау" деген сөзден кейiн ", жеделдетілген алдын ала тергеу," деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 74-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "анықтау" деген сөз "жеделдетілген алдын ала тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын, "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргізетін адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлiгiнде:
      "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргізетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 75-баптың алтыншы бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетін адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 77-баптың төртiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 82-бапта:
      үшінші бөлiгiнде:
      "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлiгiнде:
      "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтауды" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 86-баптың бесiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 89-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 90-бапта:
      бiрiншi бөлiгiнде:
      4) тармақтағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақтағы "немесе анықтаушының" деген сөз "немесе анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 91-баптың екiншi бөлiгiндегi "анықтау" деген сөз "жеделдетілген алдын ала тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 92-бапта:
      баптың атауындағы "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгiндегi "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 96-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi тармағындағы "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 97-баптың бiрiншi бөлігiнің бiрiншi тармағындағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 98-бапта:
      баптың атауындағы "анықтаушылардың" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 102-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргізетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 103-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 104-баптың екiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 105-баптағы "Анықтаушының" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      32) 107-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      33) 108-бапта:
      баптың атауындағы "Анықтаушының" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi "Анықтаушының" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      34) 115-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргізетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      35) 126-бапта:
      екiншi, үшiншi бөлiктерiндегi "анықтаушы", "анықтаушының" деген сөздер "анықтауды жүргiзетін адам", "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы, жетiншi және он екiншi бөлiктерiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      36) 128-баптың екiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      37) 134-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      38) 136-баптың бiрiншi және үшiншi бөліктеріндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      39) 138-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      40) 139-бап "анықтаудан," деген сөзден кейiн "жеделдетілген алдын ала тергеуден," деген сөздермен толықтырылсын;
      41) 144-баптағы "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      42) 150-бапта:
      екiншi және бесiншi бөлiктерiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргізетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiгiндегі "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы бөлігіндегі "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      43) 152-баптағы "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      44) 154-баптағы "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетін адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      45) 157-бапта:
      баптың атауындағы "Анықтаушыға" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      46) 158-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлігінде:
      "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орган" деген сөзден кейiн "немесе iшкi iстер органы" деген сөздер алынып тасталсын;
      47) 159-баптың төртiншi бөлiгiндегі "немесе анықтаушының" деген сөз алынып тасталсын;
      48) 161-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiгiндегi "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бiрiншi бөлiгiндегi "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      49) 164-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы," деген сөз алынып тасталсын;
      50) 168-баптың үшiншi бөлiгіндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      51) 174-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Көрсетілген шығыстарды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
      52) 175-бапта:
      4) тармағы "анықтау," деген сөзден кейiн "жеделдетілген алдын ала тергеу," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармағындағы "анықтауға," деген сөзден кейiн "жеделдетілген алдын ала тергеуге," деген сөздермен толықтырылсын;
      53) 182-баптың 2) тармағындағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      54) 184-баптағы "бiр айға дейiн" деген сөздер "екi айға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      55) 185-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      56) 186-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      57) 187-баптың үшiншi бөлiгiндегі "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      58) 189-бапта:
      1) тармақ "тергеу" деген сөзден кейiн ", жеделдетілген алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақ "тергеу" деген сөзден кейiн "немесе жеделдетiлген алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) анықтау органы шұғыл тергеу әрекеттерiн орындағаннан кейiн iстi 5 тәулiк iшiнде алдын ала тергеу жүргiзу үшiн жiбереді.";
      59) 190-баптың 1), 2) және 3) тармақтарындағы "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      60) 191-баптың бiрiншi бөлiгiндегі "және 285-бабында" деген сөздер алынып тасталсын;
      61) 192-бапта:
      екінші бөлігі:
      "107-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "112" деген сандармен толықтырылсын;
      "187-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "227-1," деген сандармен толықтырылсын;
      "245" деген сандардан кейiн "245-1" деген сандармен толықтырылсын;
      "327-бабында (үшінші бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "330-2 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      62) 196-баптың бiрiншi бөлiгi "кешiктірмей" деген сөзден кейiн ", ал жеделдетілген алдын ала тергеу iстерi бойынша бiр ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      63) 197-бапта:
      бiрiншi бөлiгiнде:
      3) тармағы "тергеу" деген сөзден кейiн ", жеделдетілген алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармағы "анықтау" деген сөзден кейiн ", жеделдетілген алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармағындағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармағындағы "анықтау" деген сөзден кейін ", жеделдетілген алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) тармағындағы "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармағындағы "анықтаушыны" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      64) 205-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушының," деген сөз алынып тасталсын;
      65) 221-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      66) 222-баптың үшiншi бөлiгіндегi "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      67) 223-баптың үшіншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тергеу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және шетел валютасындағы ақшалай қаражат қылмыстық процестi жүргiзетiн органның депозиттік шотына енгiзіледi.";
      68) 265-баптың бiрiншi бөлiгi "бойынша" деген сөзден кейiн "оның ішінде екі ай тергеу мерзiмi өткенге дейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      69) 267-1-баптың екiншi бөлiгi "орынбасарларында" деген сөзден кейiн ", облыстар прокурорлары мен оларға теңестiрілген прокурорларда" деген сөздермен толықтырылсын;
      70) 280-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      71) 37-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "37. Жеделдетiлген алдын ала тергеу жүргiзу";
      72) 285-бапта:
      атауы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
       "285-бап. Жеделдетiлген алдын ала тергеу жүргізудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
      1. Осы баптың екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, жетi де бiрiншi, сегiзiншi, сегiз де бiрiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу жедел түрде жүзеге асырылады және жеделдетілген алдын ала тергеу материалдары iсті сотта қарауға негiз болып табылады.";
      екiнші бөлігінде:
      "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "330-2" деген сандардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "анықтау жүргiзумен" деген сөздер "тергеумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлiгiнде:
      "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтау жүргiзуге" деген сөздер "тергеуге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi және бесiншi бөлiктерiндегi "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiгiндегi "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiгiндегi "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен - алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетi де бiрiншi бөлiгiндегi "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртіппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi бөлiгiнде:
      "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртіппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiз де бiрiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi бөлiктерiндегi "анықтауды" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екiншi бөлiктегi "анықтау" деген сөз "жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшінші бөлiкте:
      "Анықтау" деген сөз "Жеделдетілген тәртiппен алдын ала тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "он күн" деген сөздер "бiр ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтау органының бастығы отыз тәулiкке дейiн" деген сөздер "тергеу бөлiмшесiнiң бастығы екi айға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Анықтау" деген сөз "Тергеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Істiң мән-жайларын 2 ай мерзiмде толық және жан-жақты зерттеудi қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайларда, жеделдетілген алдын ала тергеудiң мерзiмi осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген ережелер бойынша ұзартылады.";
      73) 286-бап алынып тасталсын;
      74) 287-бап алынып тасталсын;
      75) 288-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "алдын ала тергеу жүргізу мiндеттi болады" деген сөздер "тергеу әдеттегi тәртiппен жүргiзiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      мемлекеттік тiлдегі мәтiнiнде төртiншi бөлiгiндегi "және екiншi бөлiктерiнде" деген сөздер "бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      76) 289-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "289-бап. Прокурордың жеделдетiлген алдын ала тергеудi қадағалау жөнiндегi өкiлеттiктерi
      Жеделдетілген алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы Кодексте белгiленген өкілеттіктерге ие болады.";
      77) 305-баптағы "Анықтаушы" деген сөз "Анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      78) 392-баптың екiншi бөлiгiндегi "анықтаушыға" деген сөз "анықтауды жүргiзетін адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      79) 471-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "анықтаушының" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлiгiндегi "немесе анықтаушының" деген сөздер алынып тасталсын;
      80) 523-баптың үшiншi бөлiгiндегі "анықтаушы" деген сөз "анықтауды жүргiзетiн адам" деген сөздермен ауыстырылсын.
       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
       3-бап. Осы Заң қолданысқа енген сәтте қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қарама-қайшы келмейтiн бөлiктерде қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады