Демалыс күнін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1309 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2006 жылғы қаңтарда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Демалыс күні 2006 жылғы 14 қаңтар сенбіден 2006 жылғы 11 қаңтар сәрсенбіге ауыстырылсын.

      2. Қажетті өнімді шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2006 жылғы 11 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады