Пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1312 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.25. N 227 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылар назарына:  Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  297-бабының  4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкалар бекітілсін.

      2. Осы қаулы заңды тұлғалар үшін 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап және жеке тұлғалар үшін алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                         2005 жылғы 29 желтоқсандағы
                                              N 1312 қаулысымен 
                                                     бекітілген

  Пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезінде роялти есептеу үшін салық базасына ставкалар

      1. Мұнай мен газды сақтау үшін жер асты құрылыстарын салу
және (немесе) пайдалану кезіндегі роялти ставкалары:

Салық салу объектісі,
млн. м 3

Жер қойнауын пайдаланғаны
үшін роялти ставкасы,
теңге/мың. м 3

5000-ға дейін

11

5000-10000

13

10000-15000

15

 15000-нан жоғары

17

      2. Радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көму үшін жер
асты инженерлік құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезіндегі
роялти ставкалары:

Салық салу объектісі,
млн. м 3

Жер қойнауын пайдаланғаны
үшін роялти ставкасы,
теңге/мың. м 3

15-ке дейін

11

15-30

13

30-45

15

 45-тен жоғары

17

      3. Ағын суларды көму үшін жер асты инженерлік құрылыстарын
салу және (немесе) пайдалану кезіндегі роялти ставкалары:

Салық салу объектісі,
млн. м 3

Жер қойнауын пайдаланғаны
үшін роялти ставкасы,
теңге/млн. м 3

50-ге дейін

11

50-100

13

100-ден жоғары

15

           

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады