"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 1320 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., И 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашадағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңы ):
      1) 68-баптың жетiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Сезiктi:
      1) нақты ұстау сәтiнде оған түсiндiрiлуге тиiс өзiнiң барлық құқықтарын бiлуге;
      2) өзiне не үшiн күдiк келтiрiлгенiн бiлуге;
      3) өз бетiнше немесе өзiнiң туыстары немесе сенiм бiлдiрген адамдары арқылы қорғаушыны шақыруға, егер қорғаушыны сезiктi, оның туыстары немесе сенiм бiлдiрген адамдары шақырмаса, тергеушi, анықтаушы осы Кодекстiң 71-бабының 3-бөлiгiнде көзделген тәртiппен оның қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi;
      4) жауап алу басталғанға дейiн сайланған немесе тағайындалған қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға;
      5) сезiктi одан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушының қатысуымен ғана түсiнiктеме мен жауап беруге;
      6) өзiне қарсы қылмыстық iс қозғалғандығы туралы қаулының көшiрмесiн, ұстау хаттамасы мен бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшiрмесiн алуға;
      7) өзiне қарсы күдiкке байланысты түсiнiктеме мен жауап беруге, түсiнiктеме мен жауап беруден бас тартуға;
      8) дәлел ұсынуға;
      9) өтiнiш пен қарсылық мәлiмдеуге;
      10) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде түсiнiктеме мен жауап беруге;
      11) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
      12) оның өтiнiшi немесе қорғаушының не заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiне қатысуға;
      13) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге;
      14) тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың және соттың iс-әрекетi мен шешiмiне шағым беруге құқылы.";
      2) 69-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Айыпталушы:
      1) заңға қайшы келмейтiн құралдармен және тәсiлдермен өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға және қорғануға дайындалу үшiн жеткiлiктi уақыты мен мүмкiндiгi болуға;
      2) өзiнiң не үшiн айыпталғандығын бiлуге және қылмыстық iс қозғау, өзiн айыпталушы ретiнде тарту туралы қаулылардың көшiрмелерiн алуға;
      3) қылмыстық iзге түсу органынан өзiне тиесiлi құқықтар туралы дереу түсiндiрме алуға;
      4) қылмыстық процестi жүргiзушi органнан өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын iс жүргiзу шешiмдерiн қабылдау туралы хабардар етiлуге;
      5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшiрмесiн алуға;
      6) өзiне тағылған айып бойынша түсiнiктеме мен жауап беруге;
      7) айғақ беруден бас тартуға;
      8) дәлел ұсынуға;
      9) өтiнiш пен қарсылық мәлiмдеуге;
      10) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде жауап беруге және түсiнiсуге;
      11) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
      12) қорғаушысы болуға;
      13) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен өзiнен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға;
      14) өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе өзiнiң қорғаушысының не заңды өкiлiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттерiне қатысуға;
      15) осы әрекеттердiң хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
      16) сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;
      17) тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға;
      18) айыптау қорытындысының және оның қосымшаларының көшiрмелерiн алуға;
      19) тергеушiнiң, анықтаушының, прокурордың және соттың iс-әрекетi мен шешiмiне шағым беруге;
      20) ақтамайтын негiздер бойынша iстi қысқартуға қарсылық бiлдiруге;
      21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы.
      Сотталушының:
      1) бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттарда iстi соттың қарауына қатысуға;
      2) тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сонымен бiрге ақырғы сөз құқығына да құқығы бар.
      Сотталған немесе ақталған адамның:
      1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;
      2) соттың үкiмiне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешiмдердiң көшiрмесiн алуға;
      3) iс бойынша келтiрiлген шағымдар мен қарсылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге;
      4) мәлiмделген шағымдар мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.";
      3) 70-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "3-1. Адвокат адвокаттың куәлiгiн көрсетiп және адвокаттың нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын ордерiн ұсынған кезде қылмыстық iске қорғаушы ретiнде жiберiледi.";
      4) 72-баптың 8-бөлiгiнде "адвокатурадан екендiгiн растайтын құжат пен заң консультациясының адвокатқа аталған iске қатысу құқығын бiлдiретiн ордерiн немесе маңызы бойынша онымен тең құжатты;" деген сөздер "адвокаттың куәлiгiн және адвокаттың нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын ордерiн;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 73-баптың бiрiншi бөлiгiнде "қорғаушы болып тағайындала алатын қорғаушы не адвокат" деген сөздер "осы Кодексте белгiленген тәртiппен қорғаушы болып тағайындалған адвокат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 74-бапта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қорғаушы iске қатысуға рұқсат етiлген сәттен бастап:
      1) сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;
      2) заңгерлiк көмек көрсету үшiн қажеттi заттарды, құжаттар мен мәлiметтердi жинауға және ұсынуға;
      3) айып тағылған кезде қатысуға, сезiктiден және айыпталушыдан жауап алу кезiнде, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн өзге де тергеу және iс жүргiзу әрекеттерiне, сондай-ақ қорғаушының өз өтiнiшi бойынша жүргiзiлетiн тергеу және iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға;
      4) қарсылықтар бiлдiруге;
      5) ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулымен, сезiктiнiң, айыпталушының немесе қорғаушының өзiнiң қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен, сезiктiге және айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуы тиiс болатын құжаттармен, ал анықтау немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәлiметтi кез келген көлемде үзiндi алуға;
      6) өтiнiш бiлдiруге;
      7) кез келген сатыдағы сотта iстi алдың ала тыңдауға, соттың талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi жаңарту кезiнде соттың отырысына қатысуға;
      8) сот отырысының хаттамасымен оның әрбiр бетiне өзiнiң қолын қоюымен куәландыра отырып танысуға және оған ескертпе енгiзуге;
      9) iс жүргiзу құжаттарының көшiрмелерiн алуға және тарап пен қылмыстық iстi жүргiзушi адамның заңсыз әрекеттерiне қарсылық бiлдiруге, бұл қарсылықтарды iс жүргiзу құжаттарына енгiзудi талап етуге;
      10) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым енгiзуге және оларды қарауға қатысуға;
      11) заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.";
      үшiншi бөлiкте:
      "тергеушiнiң, анықтаушының рұқсатымен" деген сөздер алып тасталсын;
      "қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ" деген сөздер алып тасталсын;
      7) 97-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "97-бап. Қорғаушыға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiне қарсылық бiлдiру";
      екiншi бөлiкте "өкiлiн" деген сөз "өкiлiне" деген сөзбен ауыстырылып, "iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету туралы" деген сөздер "қарсылық бiлдiру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 101-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Төрағалық етушi:
      1) бейне, дыбыс жазуды жүргiзуге және жауап алуды сақтаудың өзге де әдiстерiн жүргiзуге тыйым салуға;
      2) сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, айыпталушыны, қорғау тарабының өкiлдерiн шығарып жiберуге құқылы.";
      9) 125-бапта:
      үшiншi бөлiкте:
      "көшiрмелерiн" деген сөзден кейiн "тегiн" деген сөзбен толықтырылсын;
      "бiлiмi бар адамдардың" деген сөздерден кейiн "жазбаша қорытындысын немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      "арнаулы" деген сөзден кейiн "(арнаулы ғылыми)" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Дәлел бола алатын мұндай мәлiметтер, сондай-ақ заттар мен құжаттар мәлiмделген өтiнiш жасау бойынша қылмыстық iс материалдарына тiркелуге жатады.";
      10) 134-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ұсталған адамнан осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес жауап алынуға тиiс. Ұсталған адамнан жауап алу басталғанға дейiн оның өтiнiшi бойынша қорғаушымен оңаша және құпия жолығу қамтамасыз етiледi.";
      11) 150-баптың бесiншi бөлiгi "заңды өкiлдерi" деген сөздерден кейiн "жауап алу жүргiзу орны және уақыты туралы тиiсiнше хабарлануы тиiс жәбiрленушi" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 244-бапта:
      тақырыпта "жәбiрленушiнiң" деген сөзден кейiн "және қорғаушының" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiкте "айыпталушының" деген сөзден кейiн ", қорғаушының" деген сөзбен толықтырылсын;
      бесiншi бөлiктiң екiншi сөйлемiнде "қаулы" деген сөздiң алдынан "дәлелдi" деген сөзбен толықтырылсын;
      13) 275-баптың бiрiншi бөлiгiнде "және нөмiрленген" деген сөздер ", нөмiрленген және iс парақтарының тiзiмiне енгiзiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 328-бапта:
      үшiншi бөлiкте:
      "айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны;" деген сөздерден кейiн "жауап алуға қатысып отырған адамдардың сот қарсылық бiлдiрген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары;" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады, ондағы сұрақтар мен жауаптар жауап алу кезiндегi ретi бойынша жазылады.";
      жетiншi бөлiкте "туралы" деген сөзден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;
      15) 455-баптың бесiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Адвокаттар тегiн заңгерлiк көмек көрсеткен жағдайда олардың еңбегiне ақы төлеу осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес жүргiзiледi.";
      16) 460-баптың бiрiншi бөлiгi "процеске қатысушылар" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде бұдан бұрын iске қатыспаған адвокаттар" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 467-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      үшiншi сөйлем "Прокурордың" деген сөзден кейiн ", адвокаттың" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Адвокаттар тегiн заңгерлiк көмек көрсеткен жағдайда олардың еңбегiне ақы төлеу осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес жүргiзiледi.".
      2. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      14-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында "сұратуға" деген сөзден кейiн "және алуға" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 24, 142, 154-құжаттар):
      17-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "заң консультациясының осы iске адвокаттың қатысу құқығына берiлген ордерiн немесе маңызы бойынша онымен теңестiрiлген құжатты" деген сөздер "адвокаттың нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгiн куәландыратын ордерiнiң көшiрмесiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады