"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 1321 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот
сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi Қылмыстық  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 255-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат;
N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 193-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат):
      1) 343-бапта:
      тақырыбындағы "атқарушысына" деген сөзден кейiн ", сарапшысына" деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi бөліктегі "атқарушысына" деген сөзден кейiн ", сарапшысына" деген сөзбен толықтырылсын, сондай-ақ "жүргiзiлуiмен" деген сөзден кейiн "сот сараптамасын жүргізумен," деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс-жүргiзу  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 68, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 155, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлер алудың", "сараптамалық зерттеу үшін үлгiлер алуға", "сараптамалық зерттеу үшін үлгiлер алу", "сараптамалық зерттеу үшін үлгілер", "сараптамалық зерттеу үшiн үлгi", "сараптамалық зерттеу үшін үлгiлерді" деген сөздер тиісiнше "үлгілер алудың", "үлгілер алуға", "үлгілер алу" "үлгілер", "үлгiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 84-бапта:
      екiншi бөлiгiнде:
      "мен дағдысы" деген сөздер алып тасталсын;
      "қатысушыларға сұрақтар қоюға" деген сөздерден кейiн "олардың" деген сөзбен толықтырылсын;
      "тергеу немесе сот әрекетiне қатысушылардың" деген сөздер алып тасталсын;
      "заттарды немесе құжаттарды табу, бекiту және алу кезiнде," деген сөздер "дәлелдердi жинау, зерттеу мен бағалау және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "өзгеруiне әкеп соқпайтын" деген сөздерден кейiн "салыстырманы қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлiгiнде:
      ", дағдысын" деген сөз алып тасталсын;
      "дәлелдердi табу, бекiту және алу үшiн" деген сөздер "дәлелдердi жинау, зерттеу мен бағалау кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 242-бапта:
      төртiншi бөлiгiнде:
      "сарапшының құзыретiне" деген сөздер "сот сараптамасының мәнiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiгiнде:
      "сарапшының құзыретiне" деген сөздер "сот сараптамасының мәнiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 244-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасы "тергеушiнiң рұқсатымен" деген сөздердiң алдынан "мұндай қатысу сарапшылардың қалыпты жұмыс iстеуiне кедергі келтiруi мүмкiн жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен, "түсініктемелер беруге" деген сөздерден кейін "Қылмыстық процестi жүргiзушi орган жәбiрленушiнiң, сезiктiнiң, айыпталушының сараптама жүргізген кезде қатысатындығы туралы өтiнішін қанағаттандырған кезде ол сараптама жүргiзу орны мен уақыты туралы хабарландырылады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргiзушi орган қатысуға мiндеттi. Хабарландырылған адамның келмеуі сараптама жүргiзуге кедергі келтiрмейдi" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 13-құжат; 2005 ж., N 5, 3-құжат; N 13, 53-құжат):
      1) 41-бапта:
      үшiншi бөлiгiнде:
      "сарапшының," деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына байланысты ол екiншi қайтара жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, сапаршының осы iстi алдыңғы қарау кезiнде сарапшы ретiнде қатысуы оған қарсылық бiлдiру үшiн негiз болып табылмайды.";
      2) 42-баптың бiрiншi бөлiгi "сарапшы," деген сөзден кейiн "маман," деген сөзбен толықтырылсын;
      3) 64-баптың екiншi бөлiгi "iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен" деген сөздерден кейiн "iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң барысы мен нәтижелерiн бейнелейтiн сот отырыстары хаттамаларымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 91-1, 91-2, 91-3-баптармен толықтырылсын:
      "91-1-бап. Үлгiлердi алу
      1. Егер оларды тексерудiң iс үшiн мәнi бар болса, сот үлгiлердi, оның iшiнде адамның, жануардың, бұйымның, заттың қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлердi алуға құқылы.
      2. Үлгiлерге сондай-ақ мыналар жатады: материалдардың, бұйымдардың, шикiзаттың, дайын өнімнің сынамалары.
      3. Үлгiлердi алу туралы дәлелдi анықтама шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынатын адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс; адам үлгілердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс; үлгiлердi алғаннан кейiн олар қашан және кiмге берiлуi тиiс екендiгi көрсетiлуi қажет.
      4. Үлгiлердi сот өзi алуы мүмкiн, ал қажет болған жағдайда дәрiгердi, өзге де маманды тарта отырып, егер бұл үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, үлгiлердi алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгiлердi соттың тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе өзге де маман ала алады.
      5. Соттың, сарапшының, дәрiгердiң, сондай-ақ маманның үлгiлердi алуға құқығы бар.
      6. Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеулердiң бiр бөлiгi болып табылған жағдайларда, оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
      7. Үлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
      8. Сот адамды өзiне шақырады, оны қолын қойғызу арқылы үлгiлердi алу туралы анықтамамен таныстырады, осы iс жүргізу әрекеттерiне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
      9. Сот маманның қатысуымен қажеттi iс-әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi алады, оларды орайды және мөрлейдi.
      91-2-бап. Дәрiгердiң немесе басқа да маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алуы
      1. Сот үлгiлер алынатын адамды дәрiгерге немесе басқа маманға, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар анықтаманы жiбередi. Анықтамада осы iстi жүргiзуге барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуi тиiс.
      2. Дәрiгер немесе басқа маман соттың тапсырмасы бойынша қажеттi iс-әрекеттердi жүргiзедi және үлгiлердi алады. Yлгiлер оралады және мөрленедi, одан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге сотқа жiберiледi.
      3. Сарапшының зерттеу процесiнде сынақ үлгiлерi жасалуы мүмкiн, ол туралы оларға қорытындыда хабарланады.
      4. Сот мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, бұл ол жасайтын хаттамада жазылады.
      5. Сарапшы зерттеудi жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөрленген түрiнде өзiнiң қорытындысына қоса бередi.
      6. Жүргiзiлген реттілiкпен үлгiлердi алу үшiн жасалған iс-әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өздерi жазылатын іс жүргiзу әрекеттерiнiң (сот отырысының) хаттамасында үлгiлердi алу нәтижелерi көрсетiледi.
      7. Егер үлгiлер соттың тапсырмасы бойынша алынған болса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған iс жүргiзуге барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн сотқа берiледi.
      8. Алынған үлгiлер оралған және мөрленген түрде хаттамаға қоса берiледi.
      91-3-бап. Үлгiлердi алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау
      Үлгiлердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз болуы тиiс. Күштi ауырлық сезiм тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға тек үлгiлер алынатын адамның оған берген жазбаша келiсiмімен, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурулармен ауыратын болса, онда оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жол берiледi.";
      5) 92-баптың бiрiншi бөлiгi "сұрақтар қоюға" деген сөздерден кейiн "сотпен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 99-бапта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Консультациялар (түсiндiрмелер) беру және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда көмек беру жолымен дәлелдемелер жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе iс жүргiзу әрекеттерiне қатыстыру үшiн сот маман ретiнде iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнайы бiлiмi бар адамды тартуы мүмкiн.
      Сот тараптың қолдаухаты бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Іске қатысатын адамдар маман ретiнде арнайы бiлiмi бар нақты адамды тарту туралы сотқа өтiнiш жасай алады.";
      үшiншi бөлiктегi "және дағдылармен" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктегi ", дағдыларды" деген сөз алып тасталсын;
      7) 207-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Маман арнайы зерттеулер жүргiзбей-ақ ауызша немесе жазбаша нысанда сотқа консультация (түсiндiрме) бередi.
      Жазбаша түрде берiлген маманның консультациясы сот отырысының (тиiстi iс жүргiзу әрекетiнiң) хаттамасына қосымша түрiнде тiркеледi және сот отырысында жария етiледi. Маманның ауызша консультациясы сот отырысының (iс жүргiзу әрекетiнiң) хаттамасына енгiзiледi. Маманның толықтырулары мен түсiндiрмелерiнiң ол бұрын берген консультацияға қатысты бөлiгiнде ғана дәлелдемелiк мағынасы болады.".
      4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат;
N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23; 71-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар, N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат, N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы  Заңы : 2001 жылғы 13 ақпандағы N 31-34; 2003 жылғы 6 маусымдағы N 137-138; 2003 жылғы 9 шiлдедегi N 171; 2004 жылғы 12 мамырдағы N 122; 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 315; 2005 жылғы 26 ақпандағы N 40; 2005 жылғы 13 шiлдедегi N 156 "Егемен Қазақстан"; 2001 жылғы 13 ақпандағы N 40-41, 2001 жылғы 14 ақпандағы N 42-43, 2001 жылғы N 44-45 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған):
      1) 596-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "және дағдылармен" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi бөлiгiндегi:
      "және дағдылармен" деген сөздер алып тасталсын;
      "көрсетiлген iс материалдарына" деген сөздерден кейiн "салыстырманы қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiгiндегi ", дағдыларды" деген сөз алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 612-1, 612-2, 612-3-баптармен толықтырылсын:
      "612-1-бап. Үлгiлердi алу
      1. Егер оларды тексерудiң iс үшiн мәнi бар болса, сот үлгiлердi, оның iшiнде адамның, жануардың, бұйымның, заттың қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлердi алуға құқылы.
      2. Yлгiлерге сондай-ақ мыналар жатады: материалдардың, бұйымдардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары.
      3. Yлгiлердi алу туралы дәлелдi анықтама шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынатын адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс; адам үлгiлердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс; үлгiлердi алғаннан кейiн олар қашан және кiмге берiлуi тиiс екендiгi көрсетiлуi қажет.
      4. Үлгiлердi сот өзi алуы мүмкiн, ал қажет болған жағдайда дәрiгердi, өзге де маманды тарта отырып, егер бұл үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, үлгiлердi алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгiлердi соттың тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе өзге де маман ала алады.
      5. Соттың, сарапшының, дәрiгердiң, сондай-ақ маманның үлгiлердi алуға құқығы бар.
      6. Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеулердiң бiр бөлiгi болып табылған жағдайларда, оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
      7. Үлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
      8. Сот адамды өзiне шақырады, оны қолын қойғызу арқылы үлгiлердi алу туралы анықтамамен таныстырады, осы iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
      9. Сот маманның қатысуымен қажеттi iс-әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi алады, оларды орайды және мөрлейдi.
      612-2-бап. Дәрiгердiң немесе басқа да маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алуы
      1. Сот үлгiлер алынатын адамды дәрiгерге немесе басқа маманға, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар анықтаманы жiбередi. Анықтамада осы iстi жүргiзуге барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуi тиiс.
      2. Дәрiгер немесе басқа маман соттың тапсырмасы бойынша қажеттi iс-әрікеттердi жүргiзедi және үлгiлердi алады. Үлгiлер оралады және мөрленедi, одан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге сотқа жiберiледi.
      3. Сарапшының зерттеу процесiнде сынақ үлгiлерi жасалуы мүмкiн, ол туралы оларға қорытындыда хабарланады.
      4. Сот мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, бұл ол жасайтын хаттамада жазылады.
      5. Сарапшы зерттеудi жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөрленген түрiнде өзiнiң қорытындысына қоса бередi.
      6. Жүргiзiлген реттiлiкпен үлгiлердi алу үшiн жасалған iс-әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өздерi жазылатын iс жүргiзу әрекеттерiнiң (сот отырысының) хаттамасында үлгiлердi алу нәтижелерi көрсетiледi.
      7. Егер үлгiлер соттың тапсырмасы бойынша алынған болса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған iс жүргiзуге барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн сотқа берiледi.
      8. Алынған үлгiлер оралған және мөрленген түрде хаттамаға қоса берiледi.
      612-3-бап. Үлгiлердi алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау
      Үлгiлердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз болуы тиiс. Күштi ауырлық сезiм тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға тек үлгiлер алынатын адамның оған берген жазбаша келiсiмімен, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурулармен ауыратын болса, онда оның заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен жол берiледi.".
      2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады