Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 1333 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар ормандарды молықтыру және оларды өрттерден қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсiмдiктерiнiң тектiк қорын сақтау, сондай-ақ киiктердi, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн сақтау, қалпына келтiру және олардың санын есепке алу үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушiлер мен қызметтердi көрсетушiлер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қосымшада көрсетiлген заңды тұлғалармен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен шарттар жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлiнген ақша қаражатының оңтайлы және тиiмдi пайдаланылу қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                        2005 жылғы 31 желтоқсандағы
                                             N 1333 қаулысына
                                                     қосымша

   Ормандарды молықтыру және оларды өрттерден қорғау, орман
қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсiмдiктерiнiң
  тектiк қорын сақтау, сондай-ақ киiктердi, тұяқты жабайы
   жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан
  түрлерiн сақтау, қалпына келтiру және олардың санын есепке
   алу үшiн 2006 жылы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi
   бар жұмыстарды берушiлер мен қызметтердi көрсетушiлердiң
                           тiзбесi

Р/с
N

Жұмыстарды беруші мен қызметтерді көрсетушінің атауы

Жұмыстарды беруші мен қызметтер-
ді көрсету-
шінің
орналасқан
жері

Жұмыстар мен қызметтердің атауы

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Қазорманавиақорғау" РМҚК

Алматы қ.

Ормандарды
өрттерден,
зиякестер мен
аурулардан
қорғау
жөнiндегі
авиациялық
жұмыстар

2.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Жасыл аймақ" РМК

Астана қ.

Астана
қаласының
санитарлық-
қорғаныштық
жасыл аймағын құру

3.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Қазгипроорманшар" РМК

Алматы қ.

Астана
қаласының
санитарлық-
қорғаныштық
жасыл аймағын,
ормандарды
өртке қарсы
жайластыруды
жобалау

4.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК

Алматы қ.

Орман
орналастыру
және аңшылық
iсiн ұйымдастыру
жұмыстары,
орман қорын
есепке алу

5.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Алматы орман селекциясы орталығы" РМҚК,
"Көкшетау орман селекциясы орталығы" РМҚК

Алматы қ.
 
 
 
 
 
Щучинск қ.

Тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру

6.

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК


Алматы қ.

Киiктердi,
тұяқты жабайы
жануарлардың
сирек
кездесетiн
және жойылып
бара жатқан
түрлерiн
қорғау,
қалпына келтiру
және олардың
санын есепке
алу




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады