Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 1334 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялағаны үшiн алым ставкаларын халықаралық нормаларға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда:
      5-тармақтың 2-бағанындағы "6" деген сан "11990**" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "** тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялағаны үшiн лицензиялық алым ставкалары 11990 теңгенi құрайды.";
      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар телнұсқасын беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 2-тарауда:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым ставкалары    1115***";
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "***тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергенi үшiн лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгенi құрайды.";
      "Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым ставкалары" деген 3-тарауда:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:      
      "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115****";
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "****тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады