Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 509д Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  93-қосымшада :

      1) "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмipi 2-жолда бipiншi абзацтағы "компоненті бойынша  техникалық көмек беру және облыстық және аудандық деңгейдегі консультанттарды оқыту үшін жергілікті консалтингтік компанияның, 3 шетелдік және 3 жергілікті жеке консультанттардың қызмет көрсетуін" деген сөздер "жөніндегі компонент шеңберінде облыстық және аудандық деңгейдегі консультанттарды оқытуды өткізу үшін жергілікті консалтингтік компанияның консультациялық қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші, үшінші, төртінші, абзацтар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыруларға ақы төлеу.";
      7-тармақта:
      "30", "200" деген сандар тиісінше "15", "100" деген сандармен ауыстырылсын;
      үшіншi, төртіншi, бесінші абзацтар алынып тасталсын;

      2) көрсетілген қаулыға 114-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмipi 8-жолының 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын мыналар үшін ұлғайту:
      республиканың аудан орталықтарында 161 ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтарды дамыту және олардың жұмыс icтeуi;
      "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының облыстық өкілдіктері үшін материалдық-техникалық құралдар сатып алу.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ақпараттық-консультациялық және маркетингтік қызметтермен қамту ауқымын кеңейту;";

      3) көрсетілген қаулыға 122-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмipi 3-жолының 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Операциялық шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, жобаны icкe асыру үшін саны 18 адам жергілікті консультанттардың қызметтерін сатып алу.
      Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жөнінде конкурстар өткізу туралы хабарландыруларға ақы төлеу.
      Қарыз бергені үшiн Дүниeжүзiлiк Банкке біржолғы комиссиялық алым төлеу.
      Офис жабдығын сатып алу.
      Ақпараттық семинарлар өткізу.
      Білім тарату жүйесін құру.";
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Күтілетін нәтижелер: 18 консультант тарта отырып, жобаның үйлестіру орталығы құрылатын, бастапқыда 30 консультант тарта отырып, білім беру және тарату жүйесі құрылатын болады.";


      4) көрсетілген қаулыға 125-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмipi 1-жолының 5-бағанында:
      біріншi абзацтағы "Құрылыс жүретін орнының аумағында" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацта:
      "нeгiзгi корпусының орталық блогын" деген сөздер "негізгі, тұрғын үй-өндірістік корпустарын, өндірістік цехын, санитарлық-өткізу пунктін, қоймасын, гаражы мен шеберханаларын, қазандығын, сорғысын, энергия блогын, бақылау-өткізу пунктін, жылыжай-көшетхана кешенін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "санитариялық-карантиндік аймағы мен санитария-өткізу пункті бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "жобалау" деген сөздің алдынан "әзірленген" деген сөзбен толықтырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Күтілетін нәтижелер: Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстары ұлттық қоймасының негізгі, тұрғын үй-өндірістік корпустарын, өндірістік цехын, санитарлық-өткізу пунктін, қоймасын, гаражы мен шеберханаларын, қазандығын, сорғысын, энергия блогын, бақылау-өткізу пунктін, жылыжай-көшетхана кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін, әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жүргізілетін болады.".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады