Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 509и Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  313-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы "қайта жаңартуға" деген сөздерден кейін ", оның ішінде мердігерлік ұйымның екінші деңгейдегі банктің жабдықты жеке төлем сомасына беруі жөніндегі шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға кепілдік беруі шартымен, қосалқы жабдығы бар станциялық N 6 БКЗ-420-140-5 (Е-420-13,3-560КТ үлгісіндегі) қазандық агрегаттарын дайындау құнын оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде жеке төлеу үшін" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады