Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы N 509м Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  246-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "Балалардың тамақтануын, тұруын және оларды тестiлеу пункттерiне жеткiзудi ұйымдастыру" деген сөздер "Тестiлеудi ұйымдастыру және өткiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Облыстық бюджеттерге тамаққа, жатын орынға, балаларды тестiлеу пункттерiне жеткiзуге трансферттер аудару" деген сөздер "Тамақтандыруды, тұруын және балаларды тестiлеу пункттерiне жеткiзудi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады