Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiнiң (Салық кодексi) 422-3-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi екi ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 11 қаулысымен
бекiтiлген
Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары
1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген үш айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
2. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкалары:
1) жеке тұлғалардан - алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген екi айлық есептiк көрсеткiштi;
2) заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген үш айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
3. Мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың түпнұсқасын бергенi үшiн алым ставкалары:
жеке және заңды тұлғалардан - алымды төлеу күнiне қолданылып жүрген екi айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.