Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 16 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 157 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жығы 13 қазандағы N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 450-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспесiндегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкiл мәтiн бойынша ", бiлiм және спорт" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың екiншi абзацы "алмай-ақ" деген сөзден кейiн "және коммуналдық төлемдер өтелмей" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың екiншi абзацы "мамандықтары бойынша" деген сөздерден кейiн ", 2006/2007 оқу жылынан бастап "стоматология" және "шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тiзбесiнде:
      "Қазақ мемлекеттiк медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Ақмола өңiрлiк темiр жол көлiгiндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық психиатриялық ауруханасы; 
      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық онкологиялық диспансерi;
      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық терi-венерологиялық диспансерi;
      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық туберкулезге қарсы диспансерi;
      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң N 2 қалалық ауруханасы;
      Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық перинатальдық орталығы;
      Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облыстық балалар ауруханасы;
      Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай перзентханасы;
      Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансерi;
      Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облыстық терi-венерологиялық диспансерi;
      Қостанай облысы әкiмдiгi Қостанай қаласының жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы;
      Қостанай облысы әкiмдiгiнің Қостанай қалалық ауруханасы";
      "Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Айқап" отбасылық дәрiгерлiк амбулаториясы";
      "Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiмнен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң клиникалық базалары:
      "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан қалалық орталық ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан қалалық балалар ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан туберкулезге қарсы диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Түркiстан терi-венерологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық орталық клиникалық ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық перзентханасы; 
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық туберкулезге қарсы диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау терi-венерологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кентау қалалық психо-неврологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық клиникалық ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң психоневрологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық офтальмологиялық ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық эндокринологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық туберкулезге қарсы диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық балалар ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық терi-венерологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң облыстық онкологиялық диспансерi;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық N 2 балалар ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық N 5 емханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық N 3 балалар емханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы;
      Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Сот медицинасы орталығының Оңтүстiк Қазақстан филиалы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады